Ұлттық ойындар !

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 543
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 03/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22749


Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайы» КМҚК

Дайындаған: Ортаңғы «Шағала» тобының тәрбиешісі: Исиркова Г.И.



Приозерск қаласы
2017 ж.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Әр түрлі ұлттың ұлттық» ойынын өткізгелі отырмыз. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған. Ендеше мерекеге арнап, тақпақтарын дайындаған «Шағала» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Тақпақтар:
Мамырдың бірі, достықтың күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.

Көктем келді май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді.

Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Жүргізуші: Көктем келді, күн жылынды. Енді далада асыр салып ойнауға болады! Осы тұста бір сауал қояйын. Ауылдарыңда көптеген ұлттың өкілдері тұратын шығар? Сонда бәрің бас қосып, қандай ойын ойнайсыңдар? Қай ұлттың ойындарын білесіңдер?
Балалар: Орыс халқының «Гуси гуси га га га» ойыны, қазақ халқының «Асық ату», «ормал тастамақ», және де тағы басқада ойындар өте көп.
Жүргізуші: Өте дұрыс айтасыңдар. Мінеки, балалардың сан түрлі ойындарын осылай тізе беруге болады. Мүмкін, солардың біразын үйреніп аларсыңдар? Бірге ойнайық! Ал, кеттік!

Ойын: Түйе мен Бота (ТОО ЖАНА БОТО)
Бұл – қырғыз балаларының ойыны. Ойыншылар арасынан түйе мен бота таңдалады. Қалған ойыншылар өзара қол ұстасып, дөңгелек шеңбер құрады. Бота шеңбер ішінде тұрады. Ал түйе шеңбер сыртында жүріп, аяғымен жер соғып, ботасын іздейді. Шеңбер ішіндегі ботасын көріп: «Ботам, ботам, үйге тез қайт!» – дейді де, өзі ішке кіріп, ұстап алуға талпынады. Бота болса: «Барғым келмейді!» – деп, ұсталмауға тырысады. Егер түйе ботасын шеңберге кіріп, ұстап алса, басқа жұп таңдалады. Егер түйе ұзақ уақыт бойы ботаны ұстай алмаса, ойыншы балалар оған «Шөк, шөк!» деп айқайлайды. Ал түйе басында көнбей, аяғын жерге соғып, ботасын ұстауға талпына береді. Сонда балалар хормен «шөк, шөк» деп айқайлай береді. Түйе жеңілгенін мойындап отырған бетте, балалар оны айнала жүгіре бастайды. Түйе сонда қай баланы бірінші ұстаса, сол бала – түйе, екінші ұсталғаны бота болып, ойынды жалғастырады.
Ойын шарты: түйе шең-берге тек балалар отырып үлгермеген кезде ғана кіріп, не шыға алады. Шеңберде тұрған балалар ботаға көмектесуі керек.


Жүргізуші: Осындай көңілді көңіл күймен мерекемізді жалғастырайық. Ортаға «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндерін шақырайық.
Би: «Орыс» биі.
Жүргізуші:
Тапта қуып, қуып жет (ЧИТАНМЕ, БУЗМЕ) ойыны.
Бұл – татар балаларының ойыны. Ойын-шылар орындыққа немесе шөп үстіне бір қатарға отырады. Жүргізуші бала олардың алдына жайғасады. Оның көзі байлаулы болады. Ойыншылардың бірі жүргізушіге келіп, иығынақолын қойып, оны атымен атайды. Жүргізуші оның кім екенін табуы тиіс. Егер ол тапса, онда тезірек көзіндегі орамалды шешіп, әлгі баланы қуып жетуі керек. Егер жүргізуші ойыншыны дұрыс таппаса, онда басқа ойыншы келеді. Есімін дұрыс тапса, ойыншы оның жүгіруі керектігін қандай да белгі (мәселен, иығынан нұқу)арқылы білдіреді.
Ойын шарты: Жүргізуші ойыншыны қуып жетпесе, ойынды келесі баламен қайталап, жалғастыра береді. Қуып жетсе, ойыншылар қатарының соңына жайғасады. Ал ұсталған бала жүргізуші болады. Ойында реттілік қатаң сақталуы тиіс.


Жүргізуші: Балалар сендер өзге ұлттың ойындарын мүдірмей ойнап жатсыңдар жарайсыңдар. Ендеше ендігі кезекті ағылшын әніне берсек.
«Шағала» тобының орындауында ән.
Ән: «I love mamu»
Жүргізуші:
Ақ доп және қара доп ойыны. (АГ ТОН ВЗ ГАРА ТОН)
Әзірбайжан халқының бұл ойыны үшін екі кішігірім доп керек. Киіз немесе жүннен жасалған. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір-бірден жүргізуші таңдалады. Бір жүргізушіге ақ допты, екіншісіне қара допты береді. Дыбыстық белгі берілгенде, әр жүргізуші өз доптарын мейлінше алысқа лақтыруға тырысады. Екінші рет дыбыстық белгі берілгенде, әр топтан бір ойыншы өз добына қарай жүгіреді. Қай ойыншы бірінші болып өз жүргізушісіне допты әкелсе, сол топ ұпай алады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Ойын шарты: Допты лақтыру және жүгіру тек белгі берілген соң ғана рұқсат етіледі. Допты барынша алысқа лақтыру керек.
Жүргізуші: Балалар сендерге ойындарымыз ұнап жатырма, ойын ойнап жүріп, біз әніміздіде, биіміздіде билеп жатырмыз. Себебі бүгін мереке, мерекеге «Шағала» тобының биші қыздарының биін тамашалайық.
Би: «Өзбек» биі.
Жүргізуші: Енді өзбек халқының ойынындарын ойнайық.
Ойын: «Тақия тастамақ»
Ойынның шарты: Жерге тақия тастайды, сол тақияны музыка ырғағымен жерге түсірмей тісімен алуы керек.
Жүргізуші: Өте тамаша, жарайсыңдар балалар, енді өзіміз қазақ халқымыздың өнерін тамашалап, ойынын ойнайық.
Би: «Қыздарай»
Жүргізуші:
Қазақ халқының салт-дәстүрінде ұлттық ойындардың орны ерекше. Ертеден келе жатқан ұлттық ойындарымыз бір кезде ұмыт болып,кейінгі жылдары қайта жаңғырып,ел арасында кеңінен таралып жүр.Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, оған қосымша рухани байлық пен денсаулық үшін пайдасы орасан зор. Соған байланысты оларды ата - бабаларымыз бірнеше топтарға жіктеген. Мысалы, ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары: ақ сүйек, сақина салу, тымпи, бастаңғы,ине жасырмақ, алтыбақан, тоғызқұмалақ, асық ойыны; жануарлар дүниесіне, аңшылыққа байланысты ойындар; көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, алтын қабақ (жамбы ату), асау үйрету;
дене шынықтару спорт ойындары: күрес, мойын арқан және т.б болып бөлінеді.
Ойын: Шаңырақ.
Ойынның шарты: Балалар топ болып жүріп, музыка ырғағымен билеп жүреді, музыка тоқтағанда балалар шаңырақ болып тұра қалу керек. Қай топ бірінші шаңырақ құраса сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілген әр түрлі ұлттың ұлттық ойындарымен танысып, олардың біразын бірге ойнадық. Әрқашан тату тәтті, бірлікте болайық деген тілекпен бүгінгі ойынсауық ісшарамызды әсем әнмен аяқтаймыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Қош сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық ойындар ! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исиркова Г.И.

Пікірлер: 0

avatar