«Ұлттық ойындар» бағдарламасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1358
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 23/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19515


«Ұлттық ойындар» бағдарламасы
(ересек топтар үшін)
Құрастырған: Тұралы Назым Елемесқызы
№32 «Қуаныш» МДҰ тәрбиеші Ақтөбе қаласы
№ Тақырыбы Сағат саны Мақсаты
1 «Ұлттық ойын» деген не? 1 Ұлттық ойын туралы балаларға мағұлмат бере отырып олардың қазақ балалары үшін маңызы зор екенін айтып,денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу. Ойын түрлерімен таныстыру.Халқымыздың ұлттық ойындары қалай қалыптасқаны,оның атадан балаға үлкеннен-кішіге жалғасып отыратыны туралы мағұлмат беру.Мазмұнын түсіндіре отырып ойын түрінде балалардың ойлау қабілетін дамыту.
2 «Саққұлақ» ойыны,
өлең жаттату 1 Балалардың зердесін дамытып, өнерге деген құштарлығын арттыру.Балаларды 2-3 сөзден құралатын сөйлемдерді сыбырлап айтуға жаттықтыру,Халық ауыз әдебиетін пайдалана білуге тәрбиелеу.Балалардың ойлау қабілетін арттыру,дүниетанымын кеңейту.Бұл ойынды көбіне балаларды үлкендер тәрбиелей отырып бағыт бағдар бере отыра ойнатады.
3 «Орамал тастау» ойыны, шеңбер ұғымы. 1 Балалардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйрету.
Сөздерді буындап айтуға,дұрыс табуды жаттық-
тыру.Балаларға ойынның тәрбиелік мәнін түсіндіру.Батылдыққа ептілікке,ұйымшылдыққа үйрету.
4 Ақшымшық /Сақина тастау/ ойыны, саусақ сыры. 1 Жылдам қозғалуға,шапшан қимылдауға,зеректікке
баулу.Тақпақтарды,жаңылтпаштарды жатқа айтуға үйрету. Халқымыздың ұлттық ойындары қалай қалыптасқаны,оның атадан балаға үлкеннен-кішіге жалғасып отыратыны туралы мағұлмат беру.Мазмұнын түсіндіре отырып ойын түрінде балалардың ойлау қабілетін дамыту.
5 Кім шертті?
Санамақ жаттату 1 Балаларды шапшандылыққа,көпшіл болуға,талғампаздыққа,іскерлікке,ептілікке,шыдамды болуға аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Ойынға қатысушыларға ойынның барысын түсіндіре отырып балалармен бірге ойнау.Баланы жүйріктілікке,сергек,қырағы болуға,мақсатқа жету үшін еңбектене білуге,өжеттілікке тез ойлап,жедел шешім табуға үйрету.
6 «Соқыр теке» ойыны,
«Төлдер» өлеңін жаттау 1 Балаларды көпшіл болуға, талғампаздыққа, іскерлікке, ептілікке, алғырлыққа және шыдамдылыққа баулу.Балаларды ойынмен таныстыру.Ойын туралы түсінік беру балалармен бірге ойнау.Адамгершілікке алғырлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
7 «Бөрік жасырмақ» ойыны, суретті ұлттық оюмен әшекейлеу. 1 Балаларды ойынмен таныстыру. Тез әрі шапшан қимылдауға баулу.Жылдамдыққа,тез жүгіруге жаттықтыру.Берілген бөрік суретін оюлап бояу.Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Оюлар туралы айтып тәрбиелік мәнін түсіндіру.
8 «Ақ сандық,көк сандық»ойыны,
жұмбақтар шешу 1 Балаларды мықтылыққа, төзімділікке, жылдамдыққа, амал-айла, әдіс қолдана білуге баулу, тілін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
9
«Үй артында қол ағаш» ойыны, өлең жаттату.
1 1.Балаларды ойынның шартымен таныстыру.Ойындағы берілген сөздерді жаттату.Шапшан қимылдауға үйрету.
Жылдамдыққа,тез жүгіруге жаттықтыру. Ойын балаларды бірігіп әрекет жасауға, творчестволық ынтымақтыққа үйретеді.

10 «Етек – етек» ойыны, жаңылтпаш жаттату 1 Балаларды ойынмен таныстыру.Тез әрі шапшан жүгіруді дағдыландыру.Ойын кезінде ұқыпты болуға, тез қимылдауға үйрету.Шапшандылыққа тәрбиелеу.
Ойынның әдіс-тәсілдерін амал айлаларын,жылдам шешім қабылдауға дамыту.
11
«Көги гөк» ойыны,
Ертегі оқып беру. 1 Балаларды ойынмен таныстыру. Тез әрі шапшан қимылдауға баулу. Белсенділер мен жайбасар
әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтап, оларды достыққа баулу.Балалардың ойлау қабілетін тілін дамыту.Өз ойын анық айтуға дағдыландыру.
12
«Біз де» ойыны,
«Дос болайық бәріміз» өлеңін айту. 1 Балаларды ойынмен таныстыру.Ойын шартын түсіндіру.Сұрақты дұрыс тыңдап тез жауап беруге және жаңылспауға үйрету,есту қабілеттерін дамыту. Достыққа,шапшандылыққа тәрбиелеу.Достықтың құндылығы туралы ойларын одан әрі жетілдіру.Өз ара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
13 «Сиқырлы таяқ» ойыны.
Балаларды ойынмен таныстыру.Тез әрі шапшан санауды дағдыландыру.Ойын кезінде ұқыпты болуға,тез қимылдауға үйрету..Шапшандылыққа тәрбиелеу.
14 «Қыз куу» ойыны, мақал-мәтел жаттату
1 Балаларды ойын ережесімен таныстыру. Қыз куу ойынының мәнін түсіндіру.Жылдамдыққа ,қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.
15 «Тас қала» ойыны
Жұмбақтар сайысы. 1 Асық ойынының ендігі бір түрімен таныстыру. Асықтарды дәл көздеп атуға жаттықтыру. Халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыру. Ойынның шартың бұзбай ойнауға үйрету.Әділ ойнауға тәрбиелеу.
16 «Ханталапай» ойыны,
1 Балалардың жылдамдығын жеделдету, нерв жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.Балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттыру.
17 «Асау мәстек» ойыны, санамақ жаттату.
1 Балаларды бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйрету. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелеу.Ұлттық ойындар арқылы балалардың сөздік қорын байыту.
18 «Қара құлақ» ойыны, «Құлақ» ертегісін оқып беру. 1 Балаларды ойынмен таныстыру.Ойын шартын түсіндіру.Тез әрі шапшан қимылдауға үйрету.Балалардың тілін дамыту,сөздерді құрасттыра білуге уйрету.
19 «Допты қуып жет» ойыны, өлең жаттату. 1 Балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,
Доптардың түстерін, көлемін ажырата білуге баулу.
20 «Дауыста, атыңды айтам» ойыны,
1 Балаларды ойынмен таныстыру.Ойын шартын түсіндіру.Дауысты ажырата білуге,есту қабілеттерін дамыту.Достыққа,шапшандылыққа тәрбиелеу.
21 «Аңшылар» ойыны, жабайы аңдар суретін салу. 1 Балаларды допты дәл көздеп лақтыруды үйрету.Жабайы аңдарды айыра білуді,сурет салуды жаттықтыру. Достыққа,ептілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.
22 «Күшің жетсе — үзіп кет» ойыны, сөздік жұмыс. 1 Балаларды ойын ережесімен таныстыру,түсіндіру.
Тез әрі шапшан қимылдауға және өз күшін көрсете білуге үйрету
23 «Қандық – сандық» ойыны, өлең жаттау. 1 Шапшандыққа,төзімділікке баулу.Өз күшін көрсете білуге үйрету. Достыққа,татулыққа,шапшандыққа баулу.

24 «Атқаума» ойыны, өлең жаттау,мәнерлеп оқу. 1 Балаларды ойын ережесімен таныстыру.Ойын ережесін бұзбай дұрыс ойнауға үйрету. Айыбын төлеуге өз білімін пайдалануға үйрету. Ұлттық ойындар арқылы балалардың сөздік қорын байыту.

25
«Қарғымақ» ойыны, өлең жаттау.
1
Балаларды ескіден келе жатқан қазақтың көне ойындарының бірімен таныстыру. Биікке секіру, алысқа секіру, сырыққа таяна секіру сияқты спорт ойындарын үйрету.
26 «Жапалақтар мен қарлығаштар» ойыны,мазақтау өлеңін жаттау. 1 Балаларды ойынмен таныстыру.Ойын шартын түсіндіру.Тез әрі шапшан қимылдауға үйрету.
27 «Жаңылма» ойыны, санамақ жаттату. 1 Балаларды творчестволық ынтымақтыққа, аңғарымпаздыққа үйрету. Ұлттық ойындар арқылы балалардың сөздік қорын байыту.
28 «Арқан тарту» ойыны, өлең жаттау. 1 Балаларды ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлерімен таныстыруды жалғастыру.
Ойын балаларды бірігіп әрекет жасауға, творчестволық ынтымақтыққа үйретеді.

29 «Құшақ лақтыру» 1 Балаларды ойынмен таныстыру.Ойын шартын түсіндіру.Тез әрі шапшан қимылдауға үйрету.
Тез әрі шапшан қимылдауға және өз күшін көрсете білуге үйрету
30 «Тұтқынға алу» ойыны,жұмбақтар шешу. 1 Балаларды ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлерімен таныстыруды жалғастыру.Ойлау қабілеттерін арттыру.Халық ауыз әдебиетін пайдалана білуге тәрбиелеу.
31 «Қуыр-қуыр қуырмаш» ойыны, мәнерлеп айту. 1 Балаларды ойынмен таныстыру. Ойын ережесін бұзбай дұрыс ойнауға үйрету.
Ұлттық ойындар арқылы балалардың сөздік қорын байыту.
32 «Ат жарыс» ойыны, жылқы суретін салу. 1 Балалардың ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлерімен таныстыруды жалғастыру.Ойлау қабілеттерін арттыру. Халық ауыз әдебиетін пайдалана білуге тәрбиелеу.
33 «Кел балалар ойнайық» 1 Балаларды түрлі ойындармен таныстыру, ойнау шартын үйрету, ойындарды ойнату арқылы ұлттық ойындардың маңыздылығын түсіндіру.
34 «Мен батыл да, батыр баламын» 1 Балаларды батылдыққа, батыр бола білуге тәрбиелеу,мағнасын ашып түсіндіреді. Өз Отанының мақтанышы болу керек екендігін айту.
35 «Ақсүйек» ойыны,
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер. 1 Балаларды байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулу.
Төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдерді жаттату және олардың мағынасын түсіндіру.Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
36 Дос болайық бәріміз, «Тақия тастамақ» 1 «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Ойын арқылы ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Жалпы сағат саны 36 Тәрбие.орг сайтынан «Ұлттық ойындар» бағдарламасы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тұралы Назым Елемесқызы

Пікірлер: 0

avatar