Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ұлы жеңіс жасай бер!» Нагашибаева Алия Китжановна
  • 18.04.2016
  • 451 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18688

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Мұғалжар станциясы,
«Бөбекжай» балабақшаның
«Еркетай» тобының тәрбиешісі
Нагашибаева Алия Китжановна

Сабақтың тақырыбы:«Ұлы жеңіс жасай бер!».

Сабақтың мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен таныстыру .Соғыс ардагерлерін ерліктерімен ,тыл еңбектерінің, халықтың көмегі, сол кездегі балалардың , елдің тұрмыс –тіршілігімен таныстыру.Жас ұрпақтың Отанын , жерін сүюге тәрбиелеу. Жас ұрпақтарға патриоттық тәрбие беру .Ұмытылуға тиіс емес ҰОС туралы мәліметтерді ұғындыру.
Іс -шараның түрі: Сахналық
Қолданылған көрнекіліктер; Ұлы Отан соғысы туралы альбом, гүлдер,шарлар , батырлардың суреттері ,мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Өткізілу барысы : Сахнаны безендіру,музыка
Ұйымдастыру бөлімі:
Хор : «Ақ көгершін» әні ( Ата –аналармен , балалардың орындауында)
1-көрініс :Баяу музыка ойнап тұрады.
Интербелсенді тақтадан 21 маусым 1941 жыл жазу шығады.
Таң сәрі уақыт : ауыл адамдары көңілді, «Мектеп бітірулер» кешінен қайтып келеді.
Оқыстан радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусымда таң жаңа ғана атып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз қиын –қыстауға душар болып отыр.Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.»
Ортадан жағымсыз дауыс шығады:
«Сұмдық болды-ғой , мынау соғыс, соғыс дейді,естідіңдер ме? Енді не істейміз?» (барлығы у-шу болып қалады)
Ақжаулықты ана :
«Қойыңдар қарақтарым, жамандықты шақырмандар.Олай болуы мүмкін емес. Арқа сүйер азаматарымыз бар емес пе?Ендеше у-шу болмай ерлерімізді аттандыруға кірісейік. -Жүріңдер ,үйлерімізге тарайық. (Барлығы үйді –үйіне тарасады)
Тәрбиеші : Иә ,баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды. Тұтқиылдан басталған соғыс Еуропа елдерінің барлығын дерлік шарпыды. Неміс басқыншылары жол-жөнекей кездескен елдердің бәрін қырып-жойып, өртеп, баса-көктеп келе жатты. Бүкіл КСРО-ның құрамындағы елдердің халқы бірлесе күресуге жұмылдырылды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллионнан астам адам аттанды. Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды. Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Сол себепті де ,жасы жеткендердің бәрі өздері сұранып, елді жаудан қорғауға майданға аттанып жатты.
Ата –ана -Гүлшат :
Тиді жау Отанға гүл жайнаған,
Жан болмас аттанбаған.
Жалындай лаулай, қаптаймыз қалмай,
Жүрекпен тайсалмаған. (Ә.Тәжібаев)
Ата –ана -Манар :
Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі. (А.Шамкенов)
2 –көрініс: Ауыл ақсақалы (бата береді)
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа ,
Жау кірді сенің жеріңе.
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан ,халқым майданға.
ХОР : «Ана туралы баллада» Орындайтындар Ата- аналар тобы
3-көрініс : Әскери киінген солдаттар сапта тұрады . Әкелерімен қоштасқан балалар . Азаматтарын шығарып салып жатқан аналар қоштасу сәттерін көрсетеді.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ тақтадан соғыс туралы бейне жазба, ерлік, батырлық жайлы мақал-мәтелдер мен Ұлы Отан соғысының батырларының суреттері көрсетіледі.
Ата –ана-Әсемгүл
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Жерден , көлден. Аспаннан
Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!

Би : «Катюша» ( Ата аналардың қатысуымен )

Ата-ана-Құралай:
Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Тәрбиеші :
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Ана нәзік, ана мейірімді , елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні-түні еңбек даласында аянбай еңбек етті. Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, ауылымызда аналар жетерлік.
Құрметті қонақтар:Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)

4-көрініс : «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні орындалып тұрады
Қойылымына қатысатындар : Ана -жары –бала
(Жараланған, бастарын дәкемен танған, аяқтары ,қолдары зақымданған солдаттар сахнадан өтеді. Оларға жаутаңдап қараған ана,келіншек, баланы сомдайды.)

Тәрбиеші: Ата -аналар мен балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді. Біздің көптеген аталарымыз бен апаларымыз қан майданда ерлікпен қаза тапты. Аман-есен елімізге оралғандары да қаншама.
Ата -ана: Жанар
Сен құрметте оны, қарағым!
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қол тықтағы ұзын таяғын.
Кешегі елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үстіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен кұрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Сенің келешегің үшін берді ол

5-Көрініс. Баяу музыка ойнап тұрады
Қызу қайнаған тұрмыс -тірішілік . Асық ойнаған балалар ,көңілсіз аналар ,шұқыланып шаруа жасап жатқан келіншектер сомдалып жатады.
Сахнаға айқайлап шығады : Шүйінші, халқым,шүйінші
Тәрбиеші : Кек қайтарып фашистен ,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке
Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …

Ата-ана:Манар
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.
Ата-аналарға тілек.
Тәрбиеші: Осымен сіздерге арнаған «Ұлы жеңіс жасай бер!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қонаққа келгендерге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық ата -аналарымызбен ,балаларымызға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

1-Жүргізуші: Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Ұлы жеңіс жасай бер!» Нагашибаева Алия Китжановна Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нагашибаева Алия Китжановна

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Мұғалжар станциясы, «Бөбекжай» балабақшаcы «Еркетай» тобының тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 451 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar