Мамандықтар иесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 144
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23391


Тақырыбы: «Мамандақтармен танысайық».
Мақсаты: Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, еңбек етудің қажеттілігі жайлы айтып өту.
Болашақта қандай маман иесі болатынына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Өз еңбегіне адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мамандықтар жайында суреттер, сюжетті - ролдік ойын алаңы.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын.

Сөздік жұмыс: дәрігер - врач, аспазшы - поварь, мұғалім - Учитель, ғарышкер – косманавть.

Барысы:
І.Кіріспе.
-Балалар, орнымыздан тұрып, амандасайық.
Шаттық шеңбері.
- Күніміз жарық болсын!
- Отбасымыз аман болсын!
- Бақшамыз бақты болсын!
- Күніміз сәтті болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
- Қайырлы таң –дей отырып, бір-біріне күлімсірей қарайды.

Тәрбиеші:
Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға – деп бүгінгі іс-әрекетімізді бастаймыз.

- Жақсы балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз ).
- Күз мезгілінің айларын ата? (Қыркүйек,қазан,қараша).
-Қазір Күздің қай айы? (Қараша).
-Күзде далада қандай өзгерістер болады?

ІІ. Негізгі бөлім. Тосын сәт.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін қандай ерекше болып тұрсыңдар.Мен сендерге хат әкелдім Бұл хат Жұмбақбай атайдан.Мен сендерге хатты ашып,оқып берейін «Құрметті балалар, мына жұмбақтардың жауабын шешіп, бір сөзбен қалай атауға болатынын айтыңдар!» деп жазыпты. Жұмбақ шешкенді жақсы көреміз бе? Олай болса, Жұмбақбай атайдың жұмбақтарын шешімін табайық.

• Жұмбақ жасыру .
• Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)
• Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
• Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)
• Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
• Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы)
• Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)
• Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.(Сатушы)
- Оқушылар, бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
- Бүгінгі сабағымызда осы «Мамандықтар» туралы әңгімелейміз.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажетті құралдарды қойып, төрт баланы шығарамын, төрт баланы төрт түрлі мамандық иесіне бөлемін, ойын шартын түсіндіремін. Төрт бала өзіне қажетті құралдарды тез – тез бөліп алады. Алған құралдарымен не істеуге болтындығын айтады және өскенде сол маман иесі болғысы келетіндігін айтады. (шаштараз, дәрігер, мұғалім, аспаз).
-Жарайсыңдар балалар, енді барлығымыз интерактивті тақтаға қарайық.Суретте нені көріп тұрсыңдар.
(Сурет бойынша әңгімелеу)

Сергіту сәті:.
ША-ША-ША күн қандай тамша
ШЫ-ШЫ-ШЫ айналаңа қарашы
ШУ-ШУ-ШУ жан-жағымда шу
ШЕ-ШЕ-ШЕ отырайық ендеше

Сюжеттік-рөлдік ойын:
«Дәрігердің қабылдауында»
(ата кіреді)
— сәлеметсіз бе? Кіруге рұхсат па?
— сәлеметсіз бе? Кіріңіз, отырыңыз.
— аты-жөңініз кім болады?
— менің атым……фамилиям…….
— қай жеріңіз аурады?
— асқазаным тесіп ауырады, басым айналады.
— аурғанынызды қашан сездіңіз?
— кешеден бері мазам жоқ.
— тамақ іштіңіз бе?
— тамаққа тәбетім жоқ?
Кеудесін тыңдау
— сіздің емханада жатып емделгеңініз жөн.
— жоқ, жоқ. Үйде немере бағамын. Ол мені іздейді. Тәуір болып кетермін.
— таңертен қан тапсырыңыз. Әзірше дәріханадан мына дәрілерді алып ішіңіз. Бір күннен соң келіңіз. Тәуір болмасаңыз ауруханаға жатасыз.
-рахмет дәрігер, сау болыңыз!
— сау болыңыз!

-Балалар сендер мамандықтарға байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
1.Мұғалім – НУРАЙ.
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.
2.Дәрігер – А.НАЗЫМ.
Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жақсы мамандық.

3.Жүргізуші – ЖАНАТ.
Елге қызмет істеген,
Көлік айдап үйренем.

4.Аспазшы – РАЙЫМБЕК.
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.

5. Полиция – МАНСУР.
Тәртіп, заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.

6. Құрылысшы – НҰРАСЫЛ.
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.

Клоун: Тосын сәт: Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендер өте әдемісіңдер,мен сендерді сағынып келдім.Менің ішім пысты менімен ойын ойнағыларың келеді ме?
-иа
-Ендеше барлығымыз маған қараңдар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
Дидактикалық ойын: «Мамандыққа керек заттарын тап!»(тақтамен жұмыс)
Шарты:мамандық иелерінің қолданатын құралдарын табу.
Дәрігер – шприц(укол)
Мұғалім – кітап
Пошташы(хат тасушы) – хат
Аспаз – тағам ыдысы.

-Жарайсыңдар, ақылды балалар екенсіңдер!Дәл таптыңдар!(Мамандық иелерінің көліктері мен құралдарын да таптық). Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-Балалар, осы жақсы мамандық иесі болу үшін көп білім алып, еңбек етуіміз керек. Ал, еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
(Балалар еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады).

Еңбек туралы мақал-мәтелдер.
1.Еңбек ерлікке жеткізер. Ерлік елдікке жеткізер – РАЯН.
2. Еңбек пен бақыт егіз – АЛТЫНАЙ.
3. Еңбегіне қарай — құрмет.- АМИНА.
Жасына қарай — ізет.
4. Бір еңбектің — бір рахаты бар – АРУЖАН.
5. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті. – СЕЗІМ.
Қорытындылау.
- Балалар бүгінгі өткен оқу қызметіміз не туралы?
- Өскенде кім боласыңдар?
- Бүгін қандай ойындар ойнадық?
-Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
-Жарайсыңдар сендерге көп рахмет бүгінгі оқу қызметіне өте белсене қатыстыңдар.
Мадақтау, бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Мамандықтар иесі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сәндібекова Жансезім Бақытжанқызы

ақтөбе қаласы Хромтау ауданы №5 "Ақбота"бөбекжай балабақшасы Бастауыш білім беру

Пікірлер: 0

avatar