Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мамандықтармен танысайық
  • 20.10.2016
  • 464 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19758

Жұма.06.05.2016.ж. Білім беру саласы: Әлеуметтік. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Мамандықтармен танысайық. Мақсаты: Білімділігі:Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру. Дамытушылығы: әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру, дидактикалық ойын: «Кім болам?». Қолданылатын көрнекіліктер: мамандықтар бейнеленген суреттер,үлкен хатқалта. Сөздік жұмыс: мамандық. Билингвальді компонент: мамандық –профессия,аспаз-повар, жүргізуші-водитель, құрылысшы-сторитель.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Шаттық шеңбері
Жарқын,жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балабақша үйінің,
Жайнап тұрған гүліміз!
Тәрбиеші балаларға үлкен хатқалтаны көрсетеді .
-Балалар,бізге «Мамандықтар қаласынан» хат келіпті. Тыңдаңдар.
«Құрметті балалар,біздің шеберлер қаласында мамандық түрлері өте көп,сендер өскенде әрқайсысың бір мамандық иесі боласыңдар. Әзірше,сендер кішкентайсыңдар,сондықтан мен сендерді Мамандықтар қаласына қонаққа шақырамын» . –Балалар,бұл қалаға бару үшін бізге сиқырлы кілем керек.Өйткені біз өзен-көл,тау мен ормандардың
үстінен ұшып өтеміз.
Мамандық (профессия)-адамның белгілі бір саладағы еңбегі.Мысалы,тіс дәрігері т.б. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар қызығушылық танытады,тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Сиқырлы кілемшеге отырып,музыкамен мамандықтар қаласына жол тартады.
Білімді өзектендіру.
(Тақтаға әртүрлі мамандықтар суреті ілінеді).
-Бұл қалада әртүрлі мамандық иелері тұрады.
Аспаз -ең басты мамандықтардың бірі.
Зейін қойып тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Безендіріп үстелді,
Тәтті тамақ пісірер.
Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.
Сендерге қандай тамақ түрлері ұнайды?
-Құрылысшылар зәулім үйлерді тұрғызады. Олардың бірі кірпіш қаласа,бірі ауыр жүктерді кранмен жеткізіп тұрады.Енді бірі дайын болған үйлердің есік-терезесін сырлайды.
Жүргізуші дегеніміз-көлік түрлерін жүргізетін адам.Мысалы: автобус жүргізушісі т.б.
Сөздік жұмыс: мамандық.
Билингвальді компонент: мамандық-профессия, аспаз-повар, жүргізуші- водитель,құрылысшы-строитель.
Сергіту сәті.
Ұшқыш болып ұшайық,
Тігіншіге ұқсайық.
Дөңгеленіп би билеп,
Бишілерге ұқсайық.
-Мамандықтар қаласында аурухана бар. Ауруханада дәрігерлер жұмыс жасайды.Дәрігер ауру адамдарды емдейді.
-Міне,мамандықтар қаласынан қаншама мамандық түрлерімен таныстық.Өздерің өскен кезде тағы да көптеген мамандықтар туралы біліп,өздеріңе қажеттісін таңдайсындар.
«Кім болам?» дидактикалық ойыны.
Шарты:балалар өздері қалаған мамандық иелерінің суреттерін көрсетіп,ол жайында әңгімелеп береді. -Ал, енді тобымызға оралатын кез келді.

.

Балалар қайталайды.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Ойын ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Қорытындылау:
Тобымызға келдік. Жұмбақтар шешіп көрейік.
-Ішті де,тісті де емдейтін кімдер?
-Тәп-тәтті тамағы,астардың маманы?
-Кірпіштен,бетоннан үй тұрғызған кім?
-Әдемі көйлек тіктім,шебер болып шықтым?
-Қай мамандық сендерге ұнады?
-Өскенде кім болғыларың келеді?
Балалар жауабы.
Күтілетін нәтиже: Орындайды:мамандықтар туралы берілген тапсырмаларды. Түсінеді: мамандықтар туралы мәліметті және тұрмыста мамандықтардың пайдасы бар екенін. Қолданады: мамандықтар туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу,яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдыларын. Тәрбие.орг сайтынан Мамандықтармен танысайық Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Өтепова Райхан Қуандыққызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Мамандықтармен, Балабақшадағы ашық сабақтар, танысайық
Көрсетілім: 464 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar