Машаға көмектесейік

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 331
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21577


Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Көркем әдебиет.
Ашық оқу қызметінің тақырыбы: Машаға көмектесейік.
Мақсаты: Балаларды ертегілер еліне саяхат жасата отырып сөздік қорларын молайту, кеңістікті бағдарлау (оң, сол) біліктерін дамыту, пішіннің көлемін, түсін ажыратып, заттармен сәйкестендіруді үйрету, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Балаларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бірдей, пішін.
Билингвальды сыңары: қоян-заяц-, аю-медведь, қызыл- красный- red, көк- синий-bluu, сары- желтый-yellow.
Заттық дамыту ортасы: жемістер, себет, қима қағаздар, үйшік, түрлі- түсті кілттер мен құлыптар.
Әрекет кезеңдері Педагогтің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік Шаттық шеңбері
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Қайырлы күн қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
-Балалардың өзіме аударамын.
-Балалар менің қолымдағы не нәрсе?
-Балалар бұл жай жіп емес сиқырлы жіп. Бұл жіп бізге жол көрсетеді.
Қыздың жылаған даусы естіледі.
-Балалар, тыңдыңдаршы бір дауыс құлағымы естіліп тұр. Ой балалар мынау ертегідегі Маша ғой!
-Маша сен неге жылап жүрсің?
Маша:
-Мен орманда жалғыз жүріп, үйімнен адасып кеттім.
-Балалар үйден жалғыз шығуға бола ма?
-Маша сен жылама, біздің балалар саған көмектеседі. Балалар, сендер Машаға үйін табуға көмектесесіңдер ме?
-Олай болса, менің қолымдағы сиқырлы жіп шумағы бізге Машаның үйін табуға көмектеседі. Кәне сиқырлы жіпті домалатайық.
Жіп қоянның қасына домалап келеді.
-Ой балалар, мұнда қандай жануар отыр?
- Қоян қайда өмір сүреді?
-Қоян сен Машаның үйінің қайда екенін білесің бе?
Қоян:
-Машаның үйінің қайда екенін білемін. Егер де сендер менің себетіме бірдей жеміс түрлерін жинап берсеңдер, Машаның үйіне қарай жол көрсетемін.
Тәрбиеші:
-Балалар, қане бірдей жемістерді санап, аттарын атап қоянның себетіне жинап берейік.
Қоян:
-Рахмет балалар, Машаның үйін алға қарай жүре берсеңдер табасыңдар.

-Ой балалар, бізді сиқырлы жіп шумағы бізді қайда алып келді? Мұнда нелер жатыр?
-Балалар жол жүріп шаршап қалған боларсыңдар, олай болса осы дөңгелек сақинаның бойына тұрып денемізді сергітіп алайықшы.
Сергіту жаттығуы.
Пішіндерді алайық,
Оңға, солға қарайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
-Жарайсыңдар балалар!
-Сиқырлы жібімізді ары қарай домалатайық.
-Балалар, қараңдаршы мұнда кімнің үйі тұр?
-Ендеше Машаның үйінің қайда екенін аюдан сұрармыз.
-Сәлеметсің бе, аю! Сен Машаның үйінің қайда екенін білесің бе?
Аю:
-Мен Машаның үйінің қайда екенін білемін. Маша менің тәрелкелерімді сындырып кетті. Сендер алдымен Маша сындырған тәрелкелерді құрастырып берсеңдер, мен сендерге Машаның үйіне апаратын жолды көрсетемін.
-Балалар, келіңдер аюдың тәрелкелерін құрастырып берейік.
Аю:
-Рахмет балалар, Машаның үйіне бару үшін алға қарай үш қадам, жүрсеңдер сонда алдарыңнан Машаның үйі шығады.
Маша:
-Рахмет балалар, сендер менің үйімді табуға көмектестіңдер.
-Тәрбиеші:
-Балалар, қараңдаршы Машаның үйінің есігі құлыптаулы тұр екен.
Құлыптың түсі қандай?
Құлыпты мына кілттермен ашып берейік. Кілттер құлыптың пішінімен, түсімен сәйкес келуі керек.

-Балалар, Машаның үйінің құлпы ашылды.
Маша:
-Мен үйіме аман есен жеттім. Сол үшін сендерге алғыс ретінде тәтті шырындарымды сыйға беремін.
Тәрбиеші:
-Балалар біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды.
Маша балалармен қоштасады.
Тәрбиеші:
-Біз балабақшамызға баратын жолды мына сиқырлы жібіміз жол көрсетсін.
Сиқырлы жіпті домалату арқылы балабақшаға оралу.
Қортынды.
-Балалар біз кімге көмектестік?
-Орманда қандай жануарларды көрдік?
-Жарайсыңдар балалар, сендерге Машаның берген тәттілерін таратып берейін,- деп тәттілерді тарату.
Оқу қызметін аяқтап қонақтармен қоштасу. Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.

-Жіп.

Сиқырлы жіпке таңдана қарайды.

-Жоқ болмайды.

-Иә, көмектесеміз.

Балалар жіптің соңынан жүреді.

-Қоян.
-Орманда.

Балаларр бірдей жемістерді санап, атауын атап себетке жинайды.

Балалар алға қарай жүреді.

-Дөңгелек сақина.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыс жасау арқылы бойларын сергітеді.

-Аюдың үйі.

Балалар аюмен амандасады.

Балалар қима суреттерден тәрелкені құрастырып береді.

Балалар алға қарай үш қадам жүреді.

Балалар құлыптың түсін, пішінін айтады.
Кілттерді құлыптың түсімен және пішінімен сәйкестендіреді.
Түстерді үш тілде атайды.

Балалар Машамен қоштасады.

Балалар сиқырлы жіптің соңынан жүріп балабақшаға оралады.

-Машаға.

-Аюды, қоянды көрдік.

Балалар қуанышты сезімде болады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар ертегі кейіпкерлерін біледі.
Меңгереді: пішіндердің көлемін, түсін ажыратады, кеңістікте бағдарлауды.
Жасай алады: ойын тапсырмаларын ұқыптылықпен орындай алады. Тәрбие.орг сайтынан Машаға көмектесейік Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бердіқұлова Айнұр Ұлықбекқызы

Пікірлер: 0

avatar