«Маша мен аю»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 333
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20931


Жүргізуші:
Уа халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Қой жылын
Ұзатып сап жылқыны.
Құрметті ата – аналар! «Ақжелкен» тобының «Маша мен аю» атты ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
Тақпақтар:
Назгүл:
Өткен жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз.
Қандық талай жырға біз
Шарықтады ойымыз
Жасы жаңа жыл келді
Асқар таумен тұлғалас
Біз осылай жылда енді
Қарсы аламыз, ән салып.
Арсен:
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Темирхан:
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Анвар:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Балалар жартылай шеңберге тұрып, өлең айтады. Дети встают полукругом и поют песню на англиском.
Ән: «Аяз ата, кел биле» Ах как пляшет Дед мороз
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге біреу келген сияқты. Қане, бәріміз «Бұл кім?» деп сұрайықшы. Есік қағылады.
Балалар: (хормен) Бұл кім?
Входят Медведь и Маша в костьюмах Деда Мороза и Снегурочки.
Аю: Hello kids! Бұл мен, Аяз ата ал мынау менің немере қызым Ақшақар. Ал сендердің аттарың кім?
Балалар: Менің атым Мансур, Адият.
Маша: Стоп! Таныстық. Ал, бүгін мереке, біз сендермен көп күлеміз, көп шапалақтаймыз, көп топылдатамыз, айғалаймыз, төбелесеміз және әрине шыршаны жағып жібереміз. Аю, ой Аяз ата сен сіріңке әкелдің бе?(Балалар осы қимылдарды жасайды)
Аю: Әкелдім, бірақ алдымен бойымызды жазып алайық, қане, билейік.
Жалпы би: (Общий танец)
Тақпақтар:
Абильмансур:
Сымбат түрін сақтайды
Жолда, тауда тұрса да
Аязың да батпайды,
Мынау жасыл шыршаға
Безеніпті шырша да
Әр түрлі алқа таққандай
Көз тартатын ортада
Ойыншықтары көп қандай.
Диас:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп, сағынған
Абылай:
Боранымен буып белді
Жаңа жылым тағы келді
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді!
Мерей:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы.
Маша: Аяз ата, балалар, қане шыршамызға ән айтайық.
Аю: Ән? Қандай ән? ААА жарайды: - Әлди, әлди, ақ шыршам! Ақ бесікке жат шырша!
Ән: «Әлди, әлди»
Маша: Жооқ! Тоқтат! Біз шыршаға шырша туралы ән айтуымыз керек.
Ән: «Біздің шырша» (Наша елка)
Маша: Аяз ата, біздің шырша неге жанбайды? Қане, тезірек сіріңке әкел!
Аю: Қазір... (Сіріңке іздейді)
Аю мен Маша сіріңкемен шыршаны жақпақ болады, бірақ қолдарынан келмейді.
Боранның, қоңыраудың дауысы естіледі, залға нағыз Аяз ата мен Ақшақар кіреді. (Слышатся звуки метели, колокольчиков. Входят Дед Мороз и Снегурочка)
Аяз ата:
Уа, жұртым жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын қыздардан
Айналайын ұлдардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештене емес барлығы
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма балалар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Қой жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.
Аяз Ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын. Балалар, ал сендер неге көңілсізсіңдер? Мына жерде не болған? Неге түтіннің иісі шығып тұр.
Жүргізуші: Бұл жерге бір Аяз ата мен ақшақар келіп біздің шыршамызды жаққылары келді, бірақ қолдарынан келмеді.
Ақшақар: Ата қарашы, мынау кім?
Маша: Ата, бұл мен гой, мен сіздің немереңізбін гой. Мен Ақшақармын.
Аю: Ал мен Аяз атаның немересімін.
Ақшақар: Ал сонда мен кіммін?
Маша: Ал сен алаяқ өтірікшісін!
Аяз ата: Жоқ, мен сендерді танымыймын. Міне, менің немерем, Ақшақар.
Ақшақар: Қазір Аяз ата сендерді сиқырлы таяғымен сендерді сиқырлап тастайды.
Аяз ата сиқырлайды: Звучит волшебная музыка Маша и Медьведь кружатся по кругу, снимая на ходу костьюмы Снегурочки и Деда Мороза.
Аяз ата: ой, балалар шаршадым, әрі ыстықтадым.
Жүргізуші: Ата, ендеше отырып демалып алыңыз, оған дейін біздің қыздар сізге би билеп берсін.
Би: «Қар ұшқыны» (Танец Снежинок)
Ақшақар: Ата қарашы, бұл Маша мен Аю ғой.
Маша: Ой, бізді жазаламаңыздаршы?!
Аю: Біз би билей аламыз. Қане балалар Аяз атамызға аюлар биін билеп берейік, тұрыңдар.
Би: «Аюлар» (медведь)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, билерін жаман емес екен. Біздің мерекеде егер шуламасаңдар жүре беріңдер.
Аю: Жоқ, жоқ, біз ойнай да аламыз.
Ойын балалармен: «Хоккей»
Ойынның шарты: 2 топқа 4 баладан шығады. Алдыңғы қатардағы балаларға хоккейдің таяқшасымен қаршықтар береміз, соны ана тұрған қақпаға барып соғу керек, қай топ көп қаршықтарды қақпасына жинайды сол топ жеңіске жетеді.
Ақшақар: Сендердің ойындарын түкте қызықты емес. Ал мен қазір нағыз қызықты ойын көрсетемін.
Снегурочка проводит игру.
Ойын ата – аналармен: «Қар үрлеу» здувать снежинки.
Ойынның шарты: ойынға 10 ата – ана шығады, 5 – 5 тен 2 қатарға тұрады, қаршықтарды үрлеп қақпаға кіргізеді. Қай топ тез аяқтаса сол топ жеңімпаз атанады. Рахмет, жарайсыздар!
Танцевальная программа (3 – 4 музыкальных трека)
Тақпақтар:
Алина:
Аспан жерге төгілді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келді
Бізге қарай жылыстап
Артем:
Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән, жаңа жыр
Жазып бер бізге сен
Ескандер:
Өлең де әзір, ән әзір
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел, жаңа жыл біздерге
Кел, жаңа жыл, Жаңа жыл!
Ратмир:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде!
Би: «Үнді биі»
Ақшақар: Аяз ата, ал менің тілегімді орындай аласын ба? (құлағына сыбырлап шыршаның шамын жағыңыз)
Аяз ата: Қандай? Ааа, шыршаның шамдарын жағу ма? Әрине, балалар,
менің соңымнан сиқырлы сөздерді қайталаңдар?
Сұлу шырша таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!!!
Дети повторяют слова, елочка загорается.
Жүргізуші: Ал енді шыршаның жаныңда ән айтатын сәтте келді.
Ән: «Жаңа жыл»
Маша: Аяз ата, ал біз ше, біз ше? Бізге сыйлықтар жоқ па?
Аю: Біз сыйлық алғымыз келеді.
Аяз ата: Неге болмасын? Сендерге де сыйлығым бар.
Ақшақар: Қазір балалар сендерге арнап сән топтамасын көрсетеміз. Соны сыйлық ретінде қабыл алыңдар.
Звучит музыка. Вход детей.
Аю мен маша кетіп бара жатып аяз ата тоқтатады.
Аяз ата: Тоқтаңдар, кетпеңдер! Осы жерде бізбен бірге ойын ойнаңдар. Ал енді менде сендермен бір ойын ойнайын.
Ойын: «Дрознилка с Дедом Морозом»
Аяз ата: Ах кішкентай күлдіргілер мені мазақ еттіңдер.
Маша: Ой, Аяз ата сіз не ойын ойнап кеттіңіз, бізге сыйлық бердіңіз, ал енді балаларға дайындаған сыйлықтарыңыз қайда?
Аяз ата: Ой, Маша дұрыс айтасын. Қазір мен сиқырлы таяғыммен сиқырлайын да, сыйлықтарды жеткізейін.
Ибн, Сина, уф, суф! 2 рет
Сыйлық, сыйлық пайда бол! (жалпы 3 рет қайталау)
Мүмкін, балалар сендер көмектесіңдер.
1 рет сиқырлайды – жеңінен ұзын орамал алып шығады.
2 рет сиқылайды мандарин жасайды.
3 рет сиқырлайды залдың жарығы өшіп, шыршаның астында үлкен дорба жатады, соны алып шығады.
Ал балалар, міне сендердің сыйлықтарың да дайын. Ал, қане, маған көмектесіңдер. Аяз ата мен Ақшақар қоштасып кетеді. Тәрбие.орг сайтынан «Маша мен аю» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касенбекова Жулдыз Сериковна

Пікірлер: 0

avatar