Машинаның дөңгелектері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 214
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22613


Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет.
Тақырыбы: Машинаның дөңгелектері.
Мақсаты: Балаларға дөңгелек формаларын бір жолда салдыру. Қағаздарға дөңгелектерді салып үйрету.Таныс түстерді бекіту.
Көрнектілер: Суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балдардың әрекеті
Мотивациялық
-қозғалушылық Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң,қайырлы күн.
Күліп шықсын күн бүгін. Балалар шаттық шеңберде
қайталайды
Ұйымдастыру-
Іздестіру

Рефлексивті
коррекциялаушы Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Қайдан білдіңдер қыс мезгілі екенін?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Қыс мезгілінде қар жауады.Ауа райы суық болады.
Балалар,қардың түсі қандай?
Қардан біз не жасаймыз?
Аққаланың пішіні қандай?
Дұрыс айтасыңдар дөңгелек болады.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Сендер жауабын табыңдар.
Ерекше бір пішін бар.
Допқа өзі ұқсайтын?
Ол қандай пішін?
Дұрыс айтасыңдар,ол дөңгелек пішін екен.Балалар сендер балабақшаға немен келесіңдер?
Машина қандай көлік түріне жатады?
Машина қандай жолмен жүреді?
Ал машинаның аяғының пішіні қандай?
Дұрыс айтасың дөңгелек болады.
Осы кезде дыбыс естіледі.балалар мына дыбыс баланың жылаған даусы ма?
Өте дұрыс бұл машинаның дауысы

Ғажайып сәт.
Күлдірген: Сәлематсыздарма балалар!(көңіл күйі түсіп кеткен)
Күлдірген: Балалар мені Буратина туған күніне шақырып еді.Мен туған күніне машина апарайын десем,ешбір дүкенде машина жоқ екен.Машинаның суретін салып апарайын десем,машинаның дөңгелегі келістіре алмадым.Маған сендердің көмектерің керек.
Тәрбиеші: Сіз қапаланбаңыз.Біздің балалар сізге өз көмегін көрсетеді.Балалар Күлдіргеннің білмейтіні көп екен.Күлдіргеннің салған суретінде машинаның дөңгелегі төртбұрыш екен.Ендеше мына төртбұрыш ,бұл төрт бұрыштың төрт бұрышы болады.Сондықтан да ол домалатқан кезде домалайды.Яғни машинаның дөңгелегі дөңгелек пішін.
Күлдірген: Керемет балалар сендер білімді екенсіңдер.
Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз сурет.
Барлығымыз орнымызға отырайықшы.Келген қонағымызға өз көмегімізді көтерейік.Балалар қараңдаршы Күлдіргеннің көңілі түсіп кеткен еді.
Енді біз көмектесеміз дегесін,көңілі көтерілді.Біздің балалар сізге қатеңізді жөндеп,төртбұрыштың орнына дөңгелек,яғни машинаның дөңгелегін салып берді.Алдарыңызда машина қаңқасы салынған сурет бар.Ендіше ол қаңқаға не керек? Балалар машинаның неше дөңгелегі болады?
Ұйымдастырылған оқу қызметін бастамас бұрын серігіп алайық.

Сергіту сәті:
Бала-бала балақан.
Кәне қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
Балалар орындарымызға отырып,машинаның дөңгелектерін саламыз
Тәрбиеші әр баланың салған дөңгелегіне баға береді.
Күлдірген: Рахмет,балалар,сау болыңыздар!
Дидактикалық ойын:
«Машинаның дөңгелектерін орналастыру»
Балалар бізге қонаққа кім келді?
Біз оған не салып бердік?
Балалар сендерге оқу қызметіміз ұнадыма?
Ендеше осымен оқу қызметімізді аяқтаймыз. Қыс мезгілі
Далада қар жауады

Қардың түсі ақ.
Аққала.
Дөңгелек

Дөңгелек

машинамен
жеңіл көлікке жатады
машина арнаулы машиналарға арналған жолдармен жүреді.
Дөңгелек
Жоқ бұл машинаның даусы

Сәлематсыз ба!

Балалар мұқият тыңдайды

Орындарын тауып отырады

Дөңгелек керек
Төрт дөңгелегі болады.

Балалар күлдіргенмен қоштасады
Балалар ойынды ойнайды
Күлдірген
Машинаның дөңгелегін салып бердік
Иә,ия

Күтілген нәтиже:
Білу керек: машинаның не екенін
Түсінеді: Пішіндерді, дөңгелек, төртбұрыш т.б
Меңгерді: дөңгелек салуды. Тәрбие.орг сайтынан Машинаның дөңгелектері Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мурзабекова Гульшат Тасмагамбетовна

Пікірлер: 0

avatar