Мен және менің денсаулығым

  • Жүктеулер: 95
  • Көрсетілім: 8222
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 12/Янв/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 13255


БҚО,Ақжайық ауданы,

Тайпақ ауылы, «Айгөлек» МДҰ МКҚК

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Султанова Сания Жаксылыковна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Ақерке» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық»

Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка.

Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым»

Мақсаты: 1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.

2. Әуенмен жаттығу орындауға қызығушылығын арттыру.

3. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруді,еденде жатқан шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіруді,іздермен жүруді үйрету.

Қажетті құралдар: Әр балаға екі жалаушадан,гимнастикалық орындық,шығыршық,іздер,ойынға қажетті заттар,слайд т.б

Әдіс-тәсілдері: слайдтан суреттерді көрсете отырып түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тақпақ,мақал-мәтелдер,мадақтау.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Бір қатар сапқа тұрады

Сәлемдесу

Шаттық шеңбері

Біз бақытты баламыз,

Шыныға да аламыз.

Сәулетті елдің көгінде,

Шамшырақ болып жанамыз.

 

-Жарайсыңдар,балалар!

Біздің бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мен және менің денсаулығым» -деп аталады.

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?

-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-Денсаулық

-Дұрыс айтасыңдар.

Олай болса көгілдір экранға назар аударайық.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Ерте тұру керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Шынығу керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Күнде жаттығу жасау керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Дұрыс тамақтануымыз керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Таза ауада көп серуендеп жүру керек.

-Жарайсыңдар балалар ендеше денсаулық туралы тақпағымызды айтып жіберейік.

Денсаулық ол-шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол-күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол-жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

 

Ендеше балалар ЖДЖ музыка әуеніне қосылып жалаушалармен орындаймыз.

Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды айқастырып,бір-біріне соғып тықылдату,төмен түсіру. Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру.Отыру,жалаушаларды алға созу,тұру,бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ:тізерлеп отыру,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды оңға және солға бұлғау,бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жүрумен алмастыра отырып,бір орында қос аяқпен секіру(2рет)

 

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

1.Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдікті сақтап жүру.

2.Шығыршықтың ішінен қос аяқпен секіру.

3.Іздермен жүру

 

Балалар денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.Денсаулық теңіз, 2.Ұйқы тынықтырады 3.Жарлының байлығы

Ән мен спорт егіз Спорт шынықтырады Денінің саулығы

 

4.Шынықсан,шымыр боласың 5.Денсаулық зор байлық 6.Дені сау ұрпақ-ел болашағы

 

7.Дені сау адам-дәулетті адам 8.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің

Ойын: «Дұрыс ата»

Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек.

Штангист,бокс,күрес,футбол,волейбол,баскетбол т.б

 

Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»

 

Ойын шарты:Балаларға екі түсті жалаушалар таратылады,әр бала бір жалаушадан,музыка ойналады,балалар алаңда жүгіреді,музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады,жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар.

Баланың атын атап , Аузыңды ашып құр қалма,

Серігіңді тез таңда-дейді.

Сұрақ-жауап,өлең шумақ арқылы қортындылау.

Жиналамыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен,кіші жасымыз кәрімізде

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жалаушалармен орындалатын жаттығуларды;

Түсінеді: ойынның шарттарын;

Қолданады: гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру,шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіру,іздермен жүру дағдыларын

Тәрбие.орг сайтынан Мен және менің денсаулығым Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Султанова Сәния Жақсылыққызы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, тайпақ ауылы, "Айгөлек" мектепке дейінгі ұйымы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar