Мен және менің достарым

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 584
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21139


Алматы облысы,Ақсу ауданы , «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі м.д.ш.о.»к.м.м, Бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова С.О



Сабақтың тақырыбы: Мен және менің достарым.
Сабақтаң мақсаты: -Адал достықтың мәнін түсіндіру.
-Өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту.
-Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Нақыл сөздер, АКТ,социограмма,топ аттары жазылған карточкалар.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру:- Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайлап отырайық.Көздерімізді жұмып,ауаны терең жұтып, еркін тыныстайық. Осылайша баяу музыканы тыңдап 2 минут отыру.
Ой қозғау:- Адал достық дегенде нені түсінеміз?
Мағынаны тану:-Аңыз әңгімелерде жауынгерлердіңьдостығы адал достыққа жата ма?
-Сіздердің адал достарыңыз бар ма?Достарыңыздың адалдығын қандай іс- әрекеттерінен байқадыңыздар? (Әр оқушы өз достарының іс –әрекеттерін, атттарын атап сипаттайу керек.Баяу музықа қосылып тұрады)
Топтық жұмыс:Топқа бөлініп нақыл сөздердің мағынасын талдау, постерге қорғау:
-Айнымас досы бар адам- ең бақытты адам.
-Дос- егіз, дұшпан сегіз.
-Адамдар бір- біріне адал , қалтықсыз сеніп, орта көзқараста болса ғана достықтары берік болады.Достық- өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.Достыққа адал болу, көмектесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді деген.Сондықтан сыныптас , ауылдас достарымызды әрқашанда сыйлап жүруіміз керек.
-Интербелсенді тақтадан « Екі дос » халық аузынан шыққан ертегіні тыңдау.
Қорытындылау:- Социограмма толтыру:
------------- Бұлар менің ең жақын достарым.
________Мына осы оқушылармен дос болғым келеді.
Мен осы оқушылармен үзіліс кезінде дос болып , ойнағым келеді.
Сыныптың танымал, дос болғым келетін оқушылар.
Сыныптың ең ақылды, белсенді оқушылары. Осы оқушылармен дос болғым келеді.

Ән: « Жан досым» музыка әуенімен орындау. Тәрбие.орг сайтынан Мен және менің достарым Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукажанова С.О

Пікірлер: 0

avatar