"Мен жанұям"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1846
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18936


Қызылорда қаласы
№8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасы КММ
Тұяқова Айжан Оразалықызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
"Мен жанұям"
Ортаңғы «Жауқазын» тобы

Білім беру салалары: Әлеуметтік, таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Тұрмыстық заттардың қауіпсіздік ережелермен таныстыру.
Балалалардың мәдениет әлемін жаңа білімдерімен, ақпараттармен, байыту мақсатында үлкендермен әңгімелесу, әдеби шығармаларға, телебағдарламаларға қызығушылықтарын арттыру. Үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау ( үшкір заттармен ойнамау, электр құралдарынан алыс жүру, отпен ойнамау, таныс емес
бөгде біреуге есік ашпау т.б)
Көрнекіліктер және қажетті құралдар: Бейнеролик, суретті кітапшалар,
Кюизенер таяқшалары, Дьенеш блоктары, ойын атрибуттары, АКТ, үнтаспа
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын технологиялары
Билингвизм компоненті: Қауіпсіздік ережелері- правила безопасности
қайшы-ножницы-scissors
пышақ-нож-knife
сіріңке-спичка-match
балта- топор-ox
тоққосқыш-разетка-socket
ине-иголка-needle
от-огонь-fire
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация
лық қозғаушы Шаттық шеңбері

Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен.Бәріміз қонақтармен амандасайық.

Енді, балалар, бүгінгі күніміз жақсы , сәтті өту үшін бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.




-Сәлеметсіздер ме!
Здравствуйте!
Hello!
-Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good morning

- Аспанымыз ашық болсын!
- Отанымыз тыныш болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Нанымыз мол болсын!

Ұйымдасты -
рушы іздестіруші

Рефлексивті түзетушілік
-Балалар «Менің жанұям» оқу іс-әрекеттінде, қауіпсіздік ережелері жайлы әңгімелейміз. Әр нәрсені, тұрмыстық заттарды дұрыс қолданбаудан қауіпті жағдайлар болуы мүмкін
-Бүгін біз, егер осындай жағдайларға ұшырасаңдар одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз
Қауіпсіздік деген- өзіңді қорғау және сақтау

Кеңет бір дыбыс естіледі.
-Балалар, естідіңдерме, ненің дыбысы.

Таңғажайып сәт.Карлосон келеді

-Сәлем балалар, қалдарын қалай?
-Мені таныдындар ма?
-Мен сендердің қауіпсіздік жайлы айтып жатқандарынды естіп келдім. Менде осыған байланысты диска бар, бірге тамашалайық

Бейнеролик көрсетіледі
Аяжан мен Ердос

-Сәлем Ердос
-Сәлем Аяжан
-Аяжан , сенің неге көңіл күйін жоқ
- Менің тәрбиеші апайым айтқан, «егер үйде жалғыз қалсаң қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа деп» бірақ мен түсінбедім
- Менде түсінбедім ол не деген екен

-Достар сендер білесіңдерме?

Экраннан балкон мен терезе, электр құралдары разетка, үтік, дарі салатын қорабша суреттері көрсетіледі

-Рахмет достар. Біз енді түсіндік. Бұл ережелерді естең шығармаймыз

-Ал, Карлсон сен үнемі шатырда жүресін, абайлап жүргенін жөн болар

- Ой балалар, мына дыбыс
менің шатырымнан естілетін сияқты тез кетейін сау болындар!

Дамытушы орталықтармен жұмыс

1. Өнер орталығы (ұжымдық жұмыс)
«Үйдегі қауіпті заттар»
Мақсаты: қауіпті заттар суреттерін қиып жабыстыру, умаждау, жырту әдістерін пайдалана отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу

2. Кітап орталығында
«Кітапша арқылы әңгімелеу»
Мақсаты: Суреттін мазмұнына қарай әңгімелеуге қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету

3. Үстел-үсті ойын орталығында
«Үйдегі қауіпті заттар»
Мақсаты:Дьенеш блоктарынан қауіпті заттарды құрастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту

4. Құрылыс орталығында «Қауіпті заттар»
Мақсаты: Кюизенер таяқшалары арқылы қауіпті заттарды құрастыруға үйрету

5. Зертеу орталығында «Қауіпті заттар»
Мақсаты: заттардың неліктен қауіпті екенің зерттеп білуге үйрету

Сергіту жаттығулары

Дамытушы орталықтармен жұмыс
(екінші айналым)



Дидактикалық ойын
«Кім не істей алады?»
Шарты: экранда көрсетілген видеоға байланысты сенің не істейтініңді, іс-әрекетіи нді білу
Мақсаты: балалардын ойлау
қабілеттерін жетілдіру, шешім қабылдауға үйрету

Экраннан: өрттің шығуы, суға кету тұншығу кезеңі, әженің ауырып
қалуы, газдың жарылуы сияқты видеолар көрсетіледі

Дидактикалық ойын
«Жақсы жаман»
Шарты: балалар қолдарына қауіпті заттар суреттері таратылады, соған қарап тиым сөздер, тақпақтар, мақалдар жақсы жаман жағын айтып беру керек

Мақсаты: балалардың ойлау
қабілеттерін дамыту, жақсы жаман қасиеттерді ажыратуға үйрету

Жақсы жарайсындар, сендерге көп көп рахмет.
Бұл заттардан зардап шекпес үшін ұқыпты пайдалану керек. Сонда ғана қолдарынды жарақаттап алмайсыңдар , кеңет ыңғайсыз
жағдайда қалмайсыңдар

Балаларды мақтап, мадақтау. Іс-әрекетті қорытындылау
Балалар мұқият тыңдайды

Дыбыс шыққан жаққа қарайды

-Сәлем
-Ия

Мынау –балкон мен терезе
Балконға асылуға терезеден басыңды сыртқа шығаруға немесе алдына шығып отыруға болмайды

Су қолмен электр құралдарын разеткаға, тоқ қысқышқа жанасуға болмайды

Мынау –үтік. Оның шнурынан тартпа, тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады

Мынау –дәрі салатын қобдиша, оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе

-сау болыңыз

Берілген тапсырмаларды тиянақты түрде орындады
Қауіпті заттарды түрлі-түсті қағаздардан қиып, бояп, асхана бөлмесін безендірді

Ноутбуктан әңгімені тындап, сурет бойында әңгімелеп, тәрбиеші қойған сұрақтарға жауап береді

Үстел –үстінде Дьнеш блоктарынан қауіпті заттарды мұқият ойланып құрастырады

Кюизенер таяқшаларын пайдалана отырып, қауіпті заттарды құрастырды. Қызығушылықтары арта түсті

Зерттеу орталығында сіріңкенің пайдасын, күкірттен от шығатынын зерттеп білді

Сергіту жаттығуын билингвизм компоненттері арқылы, айнала қозғалыспен жасайды

Жасаған жұмыстары жөнінде , қай орталықта болғандарын айтып береді

Экраннан кенет өрттің шыққанын көріп, 101-өрт қызметіне хабарласу керек деп, телефонмен 101ді
теріп

-Алло, саламатсыз ба, өрт қызметіме? Ауладан
өрт шықты.Мекен –жайы Абай даңғылының бойы

-Алло, саламатсыз ба, құтқару қызметі ме? Бір адам суға батып бара жатыр.Көмек керек

103ті теріп
-Алло саламатсыз ба? Жедел жәрдем бе? Менің досым ауырып қалды, көмек керек Мекен –жайы: Байтұрсынов көшесі 15 үй

104ті теріп
-Алло саламатсыз ба? Газ қызметіме?
Үйде газдан өрт шықты
Мекен –жайы: Есетов көшесі 4үй

-Сіріңке жақсы, онымен от тұтатамыз, жаман-өрт шығуы мүмкін
-Қайшы жақсы, керек бұйымды қияды, қайшы жаман дұрыс пайдалан-
басаң, қолыңды жарақаттауың мүмкін
-Үтік жақсы киімнің

қыртысын жазады, табаны
ыстық болады
-Ине сөгілген жерді тігеді,
қолға кіріп кетуі мүмкін

Бөтен кісіге есік ашуға болмайды

Газ-өте қауіпті!

Танымайтын адаммен қонаққа барма, машинасына мінбе

Сіріңке балалар ойыншығы емес
Үйде қолға өткір пышақ ұстама
Орнына қой кездескенде жай ғана
Инені де ұстағанда лақтырмай
сөреге қой ретімен сол қалпында

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек? Үйдегі қауіпті заттардан сақтануды;
Нені игерді? Қауіпті заттарды құрастыру, жапсыру дағдыларын:
Нені меңгерді? Қауіпті заттардан сақтану ережелерін. Тәрбие.орг сайтынан "Мен жанұям" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тұяқова Айжан Оразалықызы

Пікірлер: 0

avatar