«Менің Қазақстаным»

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 511
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23505


Білім беру саласы: Шығармашылық,Таным,Коммуникация
Бөлімі: Аппликация.Көркем әдебиет,математика
Тақырыбы: Менің Қазақстаным
Мақсаты: Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.
Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, сан есімнен алған білімдерін тереңдету. Балаларды ҚР мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - ту туралы түсінік беру. Тудың түсін, ою- өрнегін әңгімелеу. Ақ парақтағы дайын ту бейнесіне желім арқылы тұзды сеуіп, тудың түсін, бейнесін келтіруге үйрету. Балалардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өнерлі болуға талпындыру. Ұқыпты, таза жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Мақсаты: Балаларды 5 санымен және цифрымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура кері санату. Тапсырма беру арқылы балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Ойлай білу қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балалардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақстан Республикасы туралы айту, рәміздерді түсіндіру.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта.
Шаттық шеңбері:
Қайырымды жандар айнала
Шеңберге келсін жай ғана
Жалықпастан қайта біз
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді
Әлемдегі бар елді
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз.
Жүрегімізде ән ұранымыз
Қолымызда туымыз
Әне тұр елтаңбамыз,
Біз бақытты баламыз.
Қайырлы таң, біз бақытты баламыз!
Қайырлы таң, біз сүйкімді баламыз!
- Балалар, келген қонақтармен амандасып алайық.
- Сәлеметсізбе. Здраствуйте. Гуд монинг.
Хадиша: Достар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың қыс мезгілі. Қыс, зима, уинте.
Ақторғын: Достар, қыс мезгілінің неше айы бар?
Балалар: қыс мезгілінің үш айы бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Декабрь, январь, февраль. Десембе, Джануари, Февруари.
- Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Менің Қазақстаным» деп аталады. Сендер қай республикада тұрасыңдар?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз. Ұлтымыз қазақ.
- Біздің елбасымыз кім?
- Н.Ә Назарбаев.
- Бас қаламыз қай қала?
- Астана қаласы.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерің білесіңдерме?
- Ту, елтаңба және ән ұран.
Балалар ән ұранды орындайды.
- ҚР-сы көптеген облыстарға бөлінеді. Біз Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Құрық ауылында тұрамыз.
- Балалар бүгін бізде үш орталық жұмыс жасайды. Өнер орталығы, Қөркем әдебиет орталығы және есеп орталығы. Олай болса текшемізді таңдап орталықтарға бөлінейік.
Барысы: - Балалар өнер орталығына қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін білемізбе?
Балалар: Ту, елтаңба және ән ұран.
- Тудың түсі қандай?
- Түсі көк.
- Дұрыс, ту көгілдір түсті, тік бұрышты. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Күн, арай,қыран және ою-өрнек – алтын түсті. Бұл тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Көк түс биік аспанды елестетеді. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
Ендеше балалар, сендердің алдарыңда дайын тудың суреті бар, бірақ туымыз түссіз болып тұр. Тудың сәнін келтіру үшін, желім жағып боялған тұзды жапсырамыз. Кәне балалар менімен бірге жұмыс жасаңыздар.
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.
- Балалар, біздің туымыз әдемі шықтыма?
- Иә.
- Олай болса әдемі туымызды тақтаға ілейік. Көрдіңдерме балалар, біз түссіз туымыздың түсін келтірдік.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы.
Балалар көркем әдебиет орталығына қош келдіңіздер
Жаңа оқу қызметін қалыптастыру: «Астанаға саяхат»
Саяхат картасы
1. Бәйтерек
2. Ақ Орда
3. Пирамида
4. «Думан»
5. «Хан шатыры»
1 - аялдама. «Бәйтерек»
Астана қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. «Астана - Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Балалар бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен. Ішінде не бар ененін білесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшықта не екенін тап»
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, жұмбақ шешуін тапқанда қапшық ішінен зат шығады.
(Киіз үй, домбыра, қамшы, сандық).
1.Төбедегі көзінен
Күн сәулесә түседі
Бұрышы жоқ төрінін,
Самал еркін еседі. (Киіз үй-юрта- )
2.Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. (Домбыра-)
3. Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым. (Қамшы-)
4. Кіруге адам батпайды,
Заттарын аман сақтайды (Сандық-сундук-)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұл аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді көзімінді жұмып келесі аялдамамызға барайық
2 - аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тәрбиеші: Балалар бұл аялдамада бірнеше тапсырмалар берілген.
Дидактикалық ойын: «Туған жерді тап»
Мемлекеттің Туының суреті шығады.
-Бұл қандай мемлекеттің туы?
-Тудың түсі қандай?
-Туда не бейнеленген?
-Мемлекеттің астанасы қай қала?
Глобустан елімізді Қазақстан Республикасын, елордамыз-Астананы көрсету. өте жақсы
Жарайсыңдар балалар. Келесі аялдама «Ақ Орда» аялдамасы.
3 - аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Дидактикалық ойын: «Туған жерді гүлдендір»
Әуен ырғағымен түрлі –түсті гүлдерді алып туған жерге, Отанына деген ізгі тілектерін айтып Қазақстан картасына апарып орналастырады. Ал енді осы Туған жерді гүлдендіріп, келесі ғимаратқа жетейік.
Жарайсыңдар балалар
Балалар біз сіздермен 3 - ші аялдамадан да өттік. Барлығымыз қатты шаршаған шығармыз иа? Олай болса қанекей бір сергіп алайық.
4 - аялдама «Думан»
«Думан» ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты. Мына қағаздағы балықтарды көлеңкесімен сәйкестендіру сызық арқылы қосу керек екен.
Дидактикалық ойын «Балықтарды көленкесімен сәйкестендір» Қане бастайық.
5 - аялдама «Хан шатыр»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Міне біз соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше, «Хан шатыры» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.
Дидактикалық ойын: «Хан шатырды құрастыру»
Балаларға Хан шатыр суретінің пазлы бөлшектері беріледі, балалар өз бетімен пазлыны құрастырады.
Есеп орталығы.
Барысы: Балалар есеп орталығына қош келдіңіздер
- Есеп орталығына қош келдіңіздер. Балалар біз аудандарға бару үшін пойызбен, машинамен, автобуспен баруға болады. Ал біз бүгін пойызбен барамыз. Бейнеу ауданы.
1-ші тапсырма. Паравозды рет-ретімен орналастыру. 1-5 сандарын тура-кері санату.
- Бейнеу ауданында ағаш үйлер көп кездеседі екен. Олардың тапсырмасы пішіндерден ағаш үй құру.
2-ші тапсырма. Кері қарай жүреміз, кері санаймыз 5 4 3 2 1.
Қарақия ауданына келеміз. Мұнда мұнай көп екен. Берілген сандарды санап, цифрларды қыстырғышпен сәйкестендіру.
3-ші тапсырма. Пойызбен кері қарай жүреміз. Түпқараған ауданы. Бұл ауданда балық көп екен. Балықтардан тапсырма.
4-ші тапсырма. Пойызбен кері қарай жүреміз. Мұнайлы ауданында ұлттық иімдер тігеді және оларды суретті цифрмен сәйкестендіру.
5-ші тапсырма. Маңғыстау ауданында төрт түліктің мекені екен. Төлдерін тап ойыны, ретімен санау
Қорытындылау:
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік. Сабағымызды қорытындылау үшін біз қазір сіздермен сөзжұмбақ шешеміз.
-Қай қалаға саяхатқа шықтық
-Ең биік ғимарат?
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?
- Иә ұнады.
- Есеп орталығында қай ауданға саяхатқа шықтық
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Жарайсыңдар. Бәріңде оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.Рахмет сендерге. Тәрбие.орг сайтынан «Менің Қазақстаным» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: М.Б.Каржаубаева

Қарақия ауданы Құрық ауылы "Құлыншақ" балабақшасы Педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar