"МЕНІҢ ОТАНЫМНЫҢ ТІЛІ" ОЙЫН-САУЫҒЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 124
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 10/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23304


Тілдер апталығы шеңберінде өткен
«Менің Отанымның тілі» ойын-сауығының сценарийі.

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы орыс тобы балаларының қазақ тілі бойынша білімдерін кеңейту. Тіл мәдениетін қалыптастыру, мәнерлеп айтуды жетілдіру. Балаларды өз Отанын сүюге, қазақ тілін және өз ана тілін жақсы білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Саз залы мерекеге сай безендірілген. Мереке басталмас бұрын слайд арқылы ертеңгіліктің тақырыбы, құттықтаулар, дидактикалық ойындар (анимациялық) көрсетіліп тұрады. Музыка әуенімен ортаға қазақ тілі мұғалімі шығады.
Қазақ тілі мұғалімі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Много языков на земле. И каждый язык для кого –то родной. Казахский –родной язык казахов. Русский – родной язык русских. Ребята, а в нашей стране сегодня мы празднуем день языков народов Казахстана. И в честь этого праздника наши дети из групп №3,12 прочитают вам стихи на казахском языке.
Вероника, 3 топ:
Тәрбиелі баламын
Ақылдымын, данамын.
«Қайырлы күн болсын!» деп
Амандасып аламын.
Мария, 3 топ:
Тәрбиелі баламын
Ақылдымын, данамын.
Тілін біліп қазақтың
Мен дарынды боламын.
Роман, 3 топ:
Тәрбиелі баламын
Ақылдымын, данамын.
Қазақ тілін аялап,
Жақсы сөйлей аламын.
Даяна, 3 топ:
Тәрбиелі баламын
Ақылдымын, данамын.
Өнер алды - тіл деген
Тіліңді таза біл деген.
Роман, 12 топ:
Сүйсең Отан-анаңды,
Сүйерсің ана тіліңді.
Қадірлесең халқыңды
Білерсің қазақ тіліңді.
Елизавета, 12 топ:
Қазақ тілі – елімнің
Соғып тұрған жүрегі.
Атамекен – жерімнің
Алдаспаны тірегі.
Муренко Роман, 12 топ:
Тәуелсіз елдің тұтқасы-
Қазақы жүрек, қазақ тіл.
Қазақ тілін үйреніп,
Құрметте оны, сүйе біл.
Қазақ тілі мұғалімі:
Отан деген-атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан –ана, Отан –үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Қымбатты, балалар! №5 ересектер тобы балаларының орындауындағы «Туған өлкем» әнін қабыл алыңыздар.
Балалардың ішінен бір жылаған дауыс естіледі. Жылап отырған №3 топтағы Маша екен.
Қазақ тілі мұғалімі:
- Маша, саған не болды? Неге жылайсың?
Маша: - Бүгін менің туған күнім. Оны ешкім білмейді.
Қазақ тілі мұғалімі: - Ой, Маша сенің туған күнің тілдер мерекесімен қатар келген екен ғой. Жоқ, Маша, біз сенің туған күніңді ұмытқан жоқпыз. Мен қазір сені жақсы білетін балабақша педагогтарын ортаға шақырамын.
Тәрбиеші:
Өзі ақылды, өзі аппақ,
Балдай тілі тәп-тәтті-ақ
Ол кім? Балалар хормен: Маша
Музыка жетекшісі:
Әже, ана, әкесінің
Атасы мен тәтесінің
Айы кім? Балалар хормен: Маша
Психолог:
Жүгіріп шығып алдынан
Қуана сәлем беретін.
Жатырқамай еркелеп,
Бәрін жақсы көретін
Күні кім? Балалар хормен: Маша
Ағылшын тілі мұғалімі:
Қабырға, еден, есікке
Сызып сурет салатын
Бүгін бізді қуантып,
Бес жасқа толатын
Кім екен? Балалар хормен: Маша
Қазақ тілі мұғалімі:
Олай болса Машаны
Құттықтаймыз бәріміз.
Бүгінгі той иесі –
Маша біздің сәніміз,
Маша біздің әніміз,
Маша біздің жанымыз.
Қазақ тілі мұғалімі: Дорогие друзья! Встречайте наших маленьких, талантливых девочек. Казахский танец.
Залда көрермен болып отырған балалармен жұмыс. Жыл сайын балабақшадағы тілдер мерекесіне қонаққа келіп жүретін мисс Смит музыка әуенімен залға кіреді. Балалармен амандасып, олардың білімін тексергісі келіп тұрғанын айтады.Ол үшін ойынның да даяр екенін жеткізеді.
«Мені түсін» ойыны. Шарты:Ойын бастаушы қимыл-қозғалыс арқылы бір затты көрсетеді. Балалар жылдам тауып үш тілде айтуы қажет. Мысалы: аю, қасқыр, жолбарыс, арыстан, піл, барыс, түлкі, терезе т.б.
Қазақ тілі мұғалімі: Дорогие друзья! Мисс Смит! Встречайте группу №5 с песней на английском языке.
«Seasons» әні.
Қазақ тілі мұғалімі: Наша республика – это большая семья разных народов. У нас живут казахи, русские, украинцы, татары и немцы, киргизы и узбеки и много-много других народов. Все они говорят на разных языках. Как люди понимают друг-друга? Есть помощник в таком трудном деле. Это казахский, русские языки. Кто говорит на этих языках, тот может разговаривать со всеми людьми нашей большой республики. Среди нас есть такой мальчик это - Вадим Чебардаков. Вадим участник городского конкурса «Біз қазақша сөйлейміз!». Вадим прочитает вам стихотворение и споет песню на казахском языке.
Вадим, 12 топ:
Алатау, Алтай арасы-
Қазақтың кең даласы.
Мен боламын сол елдің
Қайсар рухты баласы.
Өсіп, өніп, ер жетіп,
Ақылымды өрлетіп
Елімнің атын шығарам
Мықты елдермен тең етіп.
«Отан» әні.
Қазақ тілі мұғалімі:Қымбатты, достар! Сендердің құрметтеріңе арналған балабақша педагогтарының орындауындағы «Қазақстан» әнін қабыл алыңдар. Тәрбие.орг сайтынан "МЕНІҢ ОТАНЫМНЫҢ ТІЛІ" ОЙЫН-САУЫҒЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна

ШҚО Семей қаласы "№4 "Балдәурен" ясли бақшасы" КМҚК қазақ тілі мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar