«Монтессори әлемі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 828
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22898


Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№56 «Жұлдыз» бөбекжайы
Тәрбиеші: Аминова Кумисай Мустафаевна
Сот.тел.:87759396650
Индекс:130000
Сабақтың тақырыбы: «Монтессори әлемі»

Мақсаты: Мантессори тәрбиелеу үрдісіне «еркіндік жағдайларын»
жасауды түсіндіру. Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып, жұмыс істеуге дағдыландыру. Ірі -ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Ойларын жинақтап сөйлей білуге үйрету. Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу, қызығушылығын ояту. Баланың көру, есту, дәмін сезу т.б сезім мүшелерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: тыныштандыру жаттығулары, ойындар, құрастыру.
Көрнекті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, дәнді дақылдар, жемістер, мозайкалар, қайшылар, ыдыстар, су, сабын, сүлгі, гүлдер, қарындаштар, альбом, қуыршақ, құрылысшы, әр түрлі құрастырулар, моншақтар, баулар, қысқыштар, пазлы, киімдер.
Барысы : Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Ендеше, амандасып алайық.
Амандасу :
Қайырлы таң, ұстазым!
Қайырла таң , достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!

Good morning, good morning,
Good morning to you,
Good morning, good morning,
We are glad to see you!
Тәрбиеші: Енді біз сіздермен бірге айналамыздағы әлем саяхатына шығамыз. Бұл әлем біз көре алатын, тыңдайтын, ұстап сезетін және де басқа адамдарға да әңгімелеп бере алатын әлем.
1 бөлім: Балалар, бір сәт өзімізді көңілсіз сезініп көрейікші. ...
- Ал осы кезде біздің бет әлпетіміз қандай күйде болады екен?
Тәрбиеші: Ендеше, балалар бір-біріміздің көңіл – күйлерімізді көтеруге мына сиқырлы қоңырау көмектеседі.
Осы қоңырауды жалғастыру арқылы сіздер бір-бірлеріңізге жақсы, жылы тілектеріңізді айтасыздар. Ендеше мен бастайын, сіздер жалғастырасыздар. Бұл ойын «қоңырау» ойыны деп аталады.
Мыс: - Сен ақылдысын, мейірімдісің, сүйкімдісің, мырзасың, жомартсың, көркемсің, әдемісің, тапқырсың, қайырымдысың, қымбатсың, т.б.
Тәрбиеші: - Ал, балалар, достарыңнан жақсы тілектер есту ұнады ма?
- Енді, көңіл-күйлеріңіз көтерілді ме?
- Көңілдіміз, қуаныштымыз!!! (хормен)
- Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Балалар : Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Балалар: Көктем мезгілінде үш ай бар, наурыз, сәуір, мамыр.
- Бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін атау.
Жарайсыңдар балалар , олай болса біз бүгін мантессори аймағында өзіміге ұнаған жұмыстармен айналысамыз.

2 бөлім: Еркін жұмыс.
1. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар:

1. Бөлме гүлдерін баптау.
2. Дәнді дақылдармен жұмыс.
3. Қайшымен жұмыс.
4. Кір жуу.
5. Ыдыстар жуу.
6. Жемістерді кесу.
7. Баулар байлап, ілгек тағу.
8. Лейкадан суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю жаттығулары.

2. Сенсорлық даму аймағы:

1 . Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыру (поезд, тауық, түйе , пирамида).
2. Моншақтар тізу.
3. Геометриялық фигуралардан белгілі бір композицияны құрастырып шығару.

3. Математикалық аймақ:

1. Сандарды ретімен орналастыру.
2. Бірден беске дейін санау.
3. Заттардың биіктігін, ұзын, қысқа, салмағы, түр -түсін, үлкен - кіші қасиеттерін ажырату.

Тіл дамыту аймағы:

1. Сурет салу, сырлау.
2. Көкөніс суреттерінің қиындыларын тауып , ретімен орналастыру.
3, Қанқызды құрастыра отырып, жіпті өткізіп байлау.

4. Ғарыш аймағы:

1. Зымыран, ұшақты қиындылардан құрастыру.
2. Қыстырғыштан күн , бұлт жасау.

Жұмыс қоңырау үнімен аяқталады. Балалар бәрі бір шеңберге жиналады
Сергіту сәті: Музыкамен.
Қорытынды:

Тәрбиеші: Қандай аймақтарға барғанын, немен шұғылданғанын сұрайды.
Міне, балалар, осымен біздің айналамыздағы әлем саяхаты аяқталды.
Балаларды мадақтайды. Сау болыңыздар!!! (үш тілде) Тәрбие.орг сайтынан «Монтессори әлемі» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аминова Кумисай Мустафаевна

Пікірлер: 0

avatar