Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Монтессори сабақ. Тақырыбы: «Заттарды тасымалдау»
  • 29.03.2016
  • 1657 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18204

Мақсаты: Балаларды заттарды тасымалдауға үйрету, зейіндерін тұрақтандыру, қимыл – қозғалыстарын үйлестіру.
Материал: кез – келген Монтессори материалдарын әр бала өз қалауын ша таңдап алады.
Бала саны: 14
Балалар алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Шеңбер: балалар шеңбер бойына жайғасып педагогпен бірге отырады. Шеңберде үй жануарлары туралы түсінік беріледі. Содан соң балалар өз пікірлерін үй жануарларының қасиеті, пайдасы туралы ортаға салады. Үй жануарларының муляждарын алып, сөйлем құрастырады. Өз ойын айтады.
Жаттығу: балалармен бірге жаттығу жасалады. Сол шеңберде отырып арқаларына беріп дөңгеленіп отырады. Екі қолдың саусағымен балалар бір – бірінің арқасына массаж жасай отырып жаттығу орындалады.
«Мысық»: Мысығымды сыйпаймын (арқаларын сыйпайды)
Ол тарсылдап жүгірді (саусақ ұшымен арқаға ұру)
Жайлап жүріп жымиып (арқаларын жәй қасу)
Орналасты жаныма (қатты сыйпау)
Тұра қашты тағыда (саусақ ұшымен арқаға ұру).
Сабақтың барысы:
1. Балалардың назарын қолындағы материалға аудару.
2. Түсіндіру.
-Қазір біз сендердің таңдаған материалдарыңызды келесі үстелдің үстіне апарып қоямыз. Алдымен мен көрсетемін, содан соң сен өзің апарасың.
-Үш саусақ: сол қолдың сұқ саусағын, ортаңғы және аты жоқ саусақты табақтың сол тұтқасының астына қойып, үстіне бас бармақпен қысамыз.
-Үш саусақ: оң қолдың сұқ саусағын, ортаңғы және аты жоқ саусағын материалдың оң тұтқасының астына қойып, үстінен бас бармақпен қысамыз.
Материалды екі қолмен бірге көтереміз.
-Материалды көлденең ұстап жүреміз.
-Үстел үстіне апарып қоямыз, - деп түсіндіреміз.
3. Балаға «тыныш» деп айтамыз. Бала осы материалмен қанша жұмыс жасайды, егер жұмысын аяқтаса.
4. Балаға материалды қайта орнына апрып қоюды ұсынамыз.
(Егер осы материалмен жұмыс кезінде ол педагогтан «Маған көмектесесіз бе?» - деп көмек сұрамайынша балаға кедергі жасамаған абзал).
5. Педагог балаларға көмектесе жүріп, олардың жұмысына сырттай бақылау жасайды.
6. Міндетті түрде балалардың жұмысын қағаз бетіне түсіріп отыру керек.
7. Осылайша сабақ 1 сағат 30 минут немесе одан да коп уақытқа созылады.
8. Сабақ аяқталған кезде міндетті түрде қоңырау соғылады. Қоңырау соғылған кезде балалар материалдарды орнына қойып, шеңбер бойына тұрады.
Қорытын ды:
Педагог: -Балалар сендер қайда келдіңдер?
Балалар: -Монтессори бөлмесіне.
Педагог: -Сендер мұнда не жасадың дар?
Балалар: -Жұмыс жасадық.
Педагог: -Шеңберде не туралы әңгімелестік?
Балалар: -Үй жануарлары туралы.
Педагог: -Үй жануарларын атап беріңдерші?
Балалар: -Қой, түйе, жылқы, сиыр.
Педагог: -Оларды қайда бағамыз?
Балалар: -Қорада.
Педагог: -Оларға біздер не беріп бағамыз?
Балалар: -Жем, су береміз.
Педагог: -Олардың адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: -Сүтінен ірімшік, қаймақ, айран, ал жүнінен әртүрлі киімдер киеміз.
Педагог: -Жарайсыздар, балалар!
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?
Балалар: -Ұнады.
Педагог: -Ендеше қонақтармен қоштасайық.
Балалар: -Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
1.Монтессори – педагог М.Монтессори технологиясының теориясын меңгереді, тәжірибеде жүзеге асыруға ықпал етеді.
2.Монтессори – педагог баланың дамуына бағытталған заттық – кеңістік ортаны жасайды.
3.Ата – анамен байланысты нығайтады.
4.Баланың өздігінен еркін дамуға ықпал етедң.
5.Педагог тәрбиешілердің жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзіреттілік қалыптасады. Тәрбие.орг сайтынан Монтессори сабақ. Тақырыбы: «Заттарды тасымалдау» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жадырасын Джумагазиева

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы "Айгөлек" балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: dzhumagazieva1984
Көрсетілім: 1657 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar