«Ән мейрамханасы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 394
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20930


Залға балалар «Ана» әнімен үш – үштен қол ұстасып кіреді. Би билеп болған соң, қолдарындағы шарларын аналарына табыс етеді.
Үш – үштен тұрып шеңбер жасап, биге тұрады.
Би: «Вальс»
Биден соң жартылай шеңбер құрып, тақпақтарын айтады.
Тақпақтар:
Снежана:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп ,
Ән маржанын ашайық.
Адият
Ана- дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана -дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана -деген бәйтерегі өмірдің,
Ана -деген қазық алтын бақ.
Марина
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Данияр
Ана-деген бәйтерегі өмірдің,
Ана-деген қуанышы көңілдің.
Ана-деген әрбір үйдің жылуы,
Ана-деген гүлі туған өмірдің.
Ән: «Аяулы анашым» (балалар орындықтарына отырады)
Ән және би: «Даяршылар»
Фанфар әуенімен музыкалық кілттер: Скрипичный және Басовый кіреді.
Скрипич:
Басовый:
Бірге: Құттықтаймыз, құттықтаймыз!!
Бізге қонаққа композиторды шақырайық.
Композитордың қолында нота қазағы бар кіреді.
Скрипич: Салеметсізбе, композитор!
Басовый: Салеметсізбе, композитор!
Композитор: Сәлеметсіңдерме, достар! Жай шақырдыңдарма?
Срипич: Біздің ана – әжелерімізге арнап керемет бір нәрсе ойлап тапшы.
Басовый: Тек біздің қонақтарымыз көңілді болсын.
Композитор: Мен таңертенен бері жүрмін, бірақ менің ойыма ештене келмей қойды, барлық ноталар қашып кеткендей.
Скрипич: Уайымдама, қазір біз саған оларды жинап береміз.
Басовый: Барлығы біздің қолымызда. (2 сыпырғышты алып ноталарды бір шетке сыпырады, қыздар).
Скрипич: Міне, саған ноталар.
Басовый: Шабыттан.
Композитор нотаға жазуды жаза бастайды.
Ноталар биі: «Тя – ля - фа»
Скрипич: Керемет!
Басовый: Қайталанбас керемет!
Композитор: Аналар, сіздерге ұнады ма?
Скрипич: Композиторға қол шапалақтайық! (Барлығы шапалақтайды).
Композитор кетеді.
Музыка ойналып топқа феялар кіреді. Әуен феясы, би феясы. (Бір – біріне арқасын тіреп кіреді)
Срипич: Ал енді біздің мерекеге феяларда келді.
Басовый: Сендер неге ренжулісіңдер?
Скрипич: Олай болса, біздің қыздар сендердің көңіл – күйлеріңді көтеріп көрсін.
Дамир Р
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Қыздарды құрметтеп.
Ортаға шақырайық.
Би: «Барби»
Ән Феясының әні
Би Феясының Биі
Ән Феясы: Міне, мен көрдім, менің айтқым келеді.
Скрипич:
Басовый:
Флешмоп: «Көңілді күй»
Ән Феясы:
Ән: «Әжем айтқан ертегі»
Би Феясы: Ал, мен біздің аналарымызға тосын сый дайындадым.
Ән Феясы: Ол қандай тосын сый, құлағыма айтшы.
Би Феясы: Біздің ұлдар аналарына би арқылы қуаныш сыйлайды.
Би: «Чарлстон»
Айнура:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Дамир М:
Сен жалықпай жетелеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.

Әділ:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бақ әжем.
Ертек айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүрші әжем.
Мансур:
Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын.
Шақырса даладан,
Жүгіріп барамын.
Жансая:
Құртпен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Скрипич: Рахмет, сендерге Феялар.
Басовый: Ал біз сіздерді ағам екеуіміз сіздерді 8 – наурыз қыздар күнімен құттықтаймыз. (оларға гүл шоқтарын табыс етеді, феялар рахмет айтып кетеді)
Скрипич: Бүгін далада көктем, құстар мен тамшылар ән салып, барлығы көңілді және табиғат жанарды. Ендеше балалар көктемге арнап тақпақтарын айтсын.
Тақпақтар:
Даниэль:
Көктем келді бүгін,
Күнін төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Ратмир:
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өмірдің
Гүл ектік бақтарға.
Назар:
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін екі етпей,
Анашымды сыйлаймын.
Босовый: Мен Көктемнің жеңіл адамын естіп тұрмын, мүмкін ол бізге «Музыкалық мейрамханаға» дем алуға келе жатқан шығар.
Музыка әуенімен залға музыкалық көктем кіреді.
Музыкалық көктем: Сәлеметсіздерме, құрметті аналар және әжелер. Сәлеметсіңдерме сүйкімді қыздар. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға келдім. Мен сендермен үш айы бойы боламын. Сіздерге тез жақсы көңіл күй тілеймін.
Скрипич: Сәлеметсізбе, құрметті Көктем! Біз балалармен бірге сізге көңілді әнмен құттықтағыларымыз келеді.
Ән: «Көктем келді»
Көктем: Рахмет, өте көңілді ән. Мен сендерге құр босқа келмедім, өзіммен бірге ойынымды да ала келдім.
Ойын: «» (ата-аналармен)
Скрипич, Босовый: Көктем сіз бізбен бірге қалып аналармен би билеңіз.
Вальс аналармен.

КМКҚ «Мерей» балабақшасы

«Ән мейрамханасы»
№1 «Ақжелкен» ересектер тобы.

Тәрбиеші:
Касенбекова Ж.С. Тәрбие.орг сайтынан «Ән мейрамханасы» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касенбекова Ж.С.

Пікірлер: 0

avatar