«Наурыз-думан» ертеңгілігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 354
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 24/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21280


Зал мерекеге сай безендірілген.
«Ұлттық жихаздар», «Ұлттық өнер», «Нақыл сөздер», «Ұлттық тағамдар» болып балалар жайғасып отырады.
«Ұлттық өнер»
Екі бала (ұл мен қыз) бесіктегі бөпесін тербетіп отыр.
Ж: Сәлеметсіздер ме,балалар!
Балалар: сәлеметсіз бе? Апай? Жоғары шығыңыз! Наурыз құтты болсын!
Ж: Өздеріңмен бірге болсын! Үйдегі үлкендер қайда, көрінбейді ғой! Өздерің не істеп отырсыңдар?
Ұл: Атам мен әжем көршілерге наурыз көже ішуге кетті.
Қыз: Ал біз бөпемізді ұйқтатып отырмыз.
Ж: Өздерің әжелеріңе қолғанат болып қалыпсыңдар ғой! Ал бөпелеріңді қайтіп жұбатасыңдар?
Қыз: біз бөпені жұбату өлеңдерін, ұйқтататын бесік жырын білеміз.
Ж: Қане айтып көріңдерші,
Бесік жыры айтылады.
Айналайын баладан
Тауып алған даладан
-Далада бала жатама
Түсіп қалған шанадан
-Шанадан бала түсе ме?
Жоғалтып алған бір адам
-Біздің бөпе қайда екен?
-Қыздарменен тауда екен?
-Тауда нағып жүр екен?
-алма теріп жүр екен?
-Айналайын ақ бөпем
Сауысқаннан сақ бөпем
Тербетейін жата қой
Тәтті ұйқыға бата ғой!
(Сырттан атасы мен әжесі кіреді)
Ж: амансыз ба ата? Күйлі –қуатты жүріп жатырсыз ба? Наурыз құтты болсын!
Ата: Е, бар бол балам. Өзіне де құтты болсын!
Ж: немерелеріңіз азамат болып қалыпты. Сіздерге қолғанат болуға жарапты.
Әжесі: Ой айналып кетейін: Қос құлыным, бұлар ер жетіп менің қолымды ұзартты ғой.
Биыл мектепке барады. Алты жасқа толады.
Ата: Әжесі ау, баяғы біздің кезімізде бала жеті жасқа толғанда мектепке барады «ат жалын тартып, мінетін болды» ержетті деп «тоқым мойын» жасаушы еді. Бізде осы наурызда мына немерелеріміздің тойын жасап, ел жұртты жинасақ қайтеді?
Әже; атасы ау, оған не сөз бар? Ата-баба жоралғысын жасап, наурыз мерекесінде дүркіретіп той өткізейік. Сен немереңмен бірге елді тойға шақыр, ал біз Зережан екеуміз той қамына кірісейік.
(атасымен немересі кетеді, әжесі мен немересі дастархан жасайды)
Әжесі мен немересі кезектесіп айтады.
-Жүрегім кім менің?
-Мен
-Тірегім кім менің?
-Мен
-Жаным кім менің?
-Мен
-Сәнім кім менің?
-Мен
-Ой қарға менің?
-жо-жоқ қарға болмаймын.
Керегі жоқ ондайдың
Қарқ-қарқ етеді
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда болам әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
(Ұлттық киім киген балалар мен ата немересімен бірге кіреді)
Ж: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Міне әже балаларыңыздың құрдастары келді, қарсы алыңыз!
(Балалар бір-бірімен төс қағыстырып амандасады)
Ән «Домбырасыз ән қайда?»
-олай болса, көрші ауылдарды аралайық!
«Ұлттық жихаздар» Балалар киіз үй жабдықтары, сандық, құрақ көрпе, қамшы т.б таныстырады.
Мерекенің басты қонағы Қыдыр ата келіп:
Армысыңдар, балалар!
Армысыңдар халайық!
Шегі жоқ бұл даңқымыз.
Бақыты үшін халқымның
Ақ пейілмен дос болам,
Жамандарды қостанам
Құтты болсын Жаңа жыл!
Құтты болсын Наурызым!

1-бала: Тақпақ айтам атасы.
Құлақ салып тыңдашы,
Бар балаға өзіңдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
2-бала Келіңдер наурыз тойын қарсы алайық!
Билейік,жыр жырлайық, ән салайық
Қахарлы қыстан өтіп, наурыз келіп,
Арқаңды кеңге салшы уа халайық!
Қыдыр ата балалармен бірге «асық ату» ойынын ойнайды.
Ж: құрметті Қыдыр ата, Зере әже балалар ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған бабаларымызды еске алмасақ болмас. Ол үшін біз «Нақыл сөздер» ауылына ат басын бұрайық.Олардың бізге деген қандай шашулары бар екен?
Ортаға Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би шығады.
-Төле би айтқан екен:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді,
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді
-Қазыбек би айтқан екен:
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда
Пана болмас өз үйің
Іске аспаған іс қиын,
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас миың:
-Әйтеке би айтқан екен.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң ақырар,
Ақыл деген дария.
Алдын тоссаң тоқырар.
Ж: даналарымыздың асыл сөздерін мұра етіп, жанымызды сақтап үлгі етіп алып жүрейік, балалар!
3-бала
Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамына халықтың,
4-бала: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған
Наурыз көжеден дәм татамыз.
Ән «»
«Ұлттық тағамдар» ауылына келіп тоқтайды.
Ж: ауыл балалары ұлттық тағамдар наурыз көже, бауырсақ, шелпек, құрт, қазы қарта мүшелеріне тоқталады.
5-бала Құр бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын,
Бір-бірімен мынау жұрт
Көрімдігін асырсын!

6-бала: Өнім еккен дәніміз,
Бүршік жарған базымыз,
Төлдеп жатыр малымыз,
Қазан толы ақ уыз.
Ж: Қазақтың биі көп кой таңғажайып,
Қандай заман болса да алмағайып,
Сақталған осы біздің күнге дейін
Елімнің ұлттық биі «Қамажайы» деп ортаға бишілерді шақырамыз.

7-бала: Наурызда халқымыз,
Жыл басы санайды,
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
8-бала: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қарлы шың!
Ж: Айтыс деген халқымызда өнер болған
Әзіл шынды астарлаған өнер жағы
Бар өнерді жаңғыртар келер ұрпақ
Биік болсын көрінер асқар тауы-деп айтыс өнерін көреміз.
1-Меніменен айтысар
Қыз құрбылар қайсың бар,
Қолдан келсе әзілдеп,
Маған сынды айтыңдар?
2-айтысуға өзіңмен
Келіп тұрмын алдыңа,
Күн аттарын білмеуші ең
Жаттап оны алдың ба?
1-Құрбым кімге күлесің
Өзің нені білесің
Онға дейін қиналып
Санай алмай жүргенсің?
2-Бәтекеңнің бауында
Байлай алмай жүрушің
Үйрендің бе жидеңді
Күнде теріс киюші ең
1-олпы солпы кигенің
Ойыңда не түйгенің
Намысыма құрбыжан,
Наурыз күні тимегін
2 Бірге:
Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған
Тоқтатайық айтысты
Сөз қалған ба ақыннан.
9-бала: Жасай берсін жаңа күн
Туа берсін жаңа күн!
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын Жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз-той
Құтты болсын Жаңа жыл!
«жалқаубек» биі
Ж: Наурызым құт әкелсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Жыланда қуанышпен шығарып сап,
Бақыт боп Жылқы кірсін төрімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата-әже келгенде қуанғандай
Балалардан қуаныш арылмасын-деп мерекемізді аяқтаймыз.
«наурыз» әні хормен Тәрбие.орг сайтынан «Наурыз-думан» ертеңгілігі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оразова Айгуль Айдынгалиевна

Пікірлер: 0

avatar