"Наурыз көктем"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 225
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 21/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22673


Сценарий «Наурыз көктем»
Музыка ырғағымен залға жұптасып балалар кіреді, залдың ортасына келген кезде екіге бөлініп жарты шеңбер құрып тұрады да бірлесіп : «Наурыз кутты болсын!», деп тілек айтады.Музыка тоқтатылады.
Жүргізуші Кұрметті қонақтар! Наурыз мейрамын бipre тойлайьқ! Сәлем Наурыз!
Бала
Наурыз - шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып, жас-кәріміз
Би билейік бәріміз.
Ән «НАУРЫЗ КӨКТЕМ»
(Балалар орындыққа отырады).
Жүргізуші
От забот зима устала.
И, ура! Весна настала.
Снег под солнцем растопился,
В ручейки он превратился.
Бежит, течет, поет вода,
А вместе с ней идет весна!
Ән «ДОЖДИК»
Жүргізуші
Қандай жақсы далада,
Наурыз келді ауылға,
Құстар әнін салады,
Бұлақ сылдыр қағады.
Нәзік гүлдер шығады,
Қыраттарды басады.
Би « НӘЗІК ГҮЛДЕР»
(кенеттен музыка тоқтайды , гуілдеп «Қара Құйын» ұшып келед і де ,гүлдердің арасынан «Қызғалдақты» алып ұшып кетеді)
Жүргізуші Ой, балалар неткен қорқынышты құйын. Ол біздің көңіл- күйіміздің күл талқанын шығарып, наурыз мерекесінің нышаны «Қызғалдақты» қара күштер мекеніне алып кетті.
-Қызғалдақты кім құтқарады?
-Кім бізге шаттықпен қуанышты қайтарып береді?
(батырлар киімін киген балалар орындарынан тұрады).
Ертөстік Мен - Ертөстікпін – ең күшті және батылмын.
Тазша бала Мен - Тазша баламын – ең қу және тапқырмын.
Желаяқ Мен - Желаяқпын – ең жүйрік.
Таусоғар Мен- Таусоғармын – тауларды оңай орындарынан қозғай аламын.
Саққұлақ Мен- Саққұлақпын – өте зейіндімін.
Ертөстік Достар,қара аспан арқылы барайық , жол жөнекей данышпан Сақыпжамалға жолығып кеңіс алайық…
Жүргізуші Сапарларың сәтті болсын батырлар. Қара күштер мекенін табу оңай емес, біз балалармен сендерге көмектесеміз. Ақ жол тілеймін сендерге.
Ән «ДОСТЫҚ» ( 1 шумақ)
(Сақыпжамал ортаға шығады)
Батырлар: Сәлеметсізбе, әже!
Сақыпжамал: Сәлемет бол балам!
Желаяқ: Данышпан Сақыпжамал әжей. Құйын біздің нәзік қызғалдағымызды қара күштер мекеніне алып кетті . Көмектес бізге, кеңес беріңіз Сақыпжамал әже.
(Сақыпжамал құмалақтарын шашып жіберіп сөйлеп бастайды):
-Ұайымдамаңдар батырлар, көрген білгенімнің бәрін айтып беремін. Қызғалдақтарың аман- есен, оған жету үшін шөл даланы басып,биік тауларды асып өтулеріңе тура келеді.Сендерге бағыт көрсетіп жол сілтейтін шеңгел берейін ,ол сендерге көмектеседі.Ал сендер маған би билеп беріңдер.
Би «КӨКПАР»
Жүргізуші Сөйтіп батырлар сапарға шықты, қалың орманға кез болды. Ол орман тегін орман емес сиқырлы орман болып шықты,өзі қалың орман екен шытырман жолдары да өте көп . Батырлар қалай өтетінін білмей тұрған кезде, жолдарын бөгеп аяқасты Мыстан кемпір пайда болды.
Мыстан кемпір (шеңгелді ұстап алады да артына тығып тұрып):
-Көп болды адамзаттың иісін сезбегеніме,не айдап келді сендерді ,а?
Таусоғар Біз қызғалдақты ұрлап кеткен ,қара құйын мекенін іздеп жүрміз.
Барлығы Бөгет болма, жібер бізді! Уақыт тығыз!
Мыстан кемпір Менің жұмбақтарымды шешіңдер,содан кейін ойланам,жіберем бе сендерді ,әлде жібермеймін бе. Жұмбақтарым өте қиын,осы күнге дейін оларды еш бір жан шеше алмаған.
Жүргізуші Балалар, батырлаға көмек керек,көмектесеміз бе?
Балалар Ия!
Мыстан кемпір Тыңдаңдар!
-Кім жер бетінде барлық тілде сөйлеп біледі? (жаңғырық)
-Жұмылған көзбен нені көруге болады? (түс)
-Алты аяқ, екі бас, ал қүйрығы біреу ақ! Ол не? (Атқа мінген адам)
Мыстын Бәрін біледі екенсіңдер,жалықтырып жібердіңдер,мені мен ойын ойнауды талап етем.
Ойын « КЫЗ ҚУУ». (Мыстан сыпыртқыға мініп қашады,батырлар оны атқа отырып қуады)
Мыстан кемпір Ал кім араларыңда – ең білімді және қу? Оған менің ең қиын жұмбағым бар .
Тазша бала Мен ең білімді және қумын, айта бер.
Мыстан кемпір
Ұшып жүріп далада,әндетеді үрлейді,
Шаңды аспанға көтеріп, туғызады үрейді.
Ол не?
Тазша бала Ол Құйын!
Мыстан кемпір Қайдан шыққан білгішбексіңдер,амал жоқ ,шеңгелдеріңді қайтаруға тура келіп тұр. Барыңдар жол ашық ,кете беріңдер.
Жүргізуші Сөйтіп батырлар сапарларын жалғастырды. Не көрмеді олар жолда: биік биік тауларды, шөл даланы, арнасынан суы асқан теңіздерді. Күн демей түн демей жол жүрді батырлар – қатты шаршады, шөлдеді….
Ертөстік Саққұлақ-тыңдап көрші,жақын жерде су бар ма екен,
тойып ішіп шөлді басатын?
Сақкұлақ (тыңдайды) Судың даусы естіледі. Жақын арада үлкен құмыра бар іші толған су. Оны айдахар күзетіп отыр.
Батырлар Қорықпаймыз біз айдахардан!
( Айдахар шығады).
Айдахар Кім бұл жерде батыл болып тұрған? Кімсіңдер? Қайдан келдіңдер?
Желаяқ Біз, қызғалдақты алып кеткен ,қара құйын мекенін іздеп жүрміз.
Таусоғар Шеңгелімізді қайтар да, дәу құмырадан су ішіп алуымызға рұқсат ет.
Біз сапарымызды жалғастырайық.
Айдахар Жоқ!Тамшы су бермеймін сендерге,бұл құмыра менімен жасты,әлі ешбір тірі жан одан су ішпеген. Неткен адамсыңдар, жалықтырып жібердіңдер ғой…
Жүргізуші Балалар батырларға көмек қажет, көмектесеміз ба?
(Батырлар ақылдасады өзара)
Тазша бала: Айдахар, бізбен бірге ойын ойнауға шақырамыз!
Ойын «КІМ КҮШТІ?» деп аталады. Осы ойында біз жеңсек ,сен бізге су бересің және тауға дейін арқалап апарасың.
Айдахар Жарайды жеңілдім,арқалап апарайын сендерді,ал шеңгелді, жағымды әуен естіген кезде бірақ беремін.
Жүргізуші балалар көмектесеміз ба?
Балалар Ия.
Оркестр күй «Көңіл ашар»
Айдахар Амал жоқ, шеңгелді қайтаруға тура келіп тұр,жолдарың болсын батырлар.
Жүргізуші Батырлар сапарын жалғастырды, дала түнекке оралды, ешнәрсе көрінбеді ,тек алыста бір шырақ жанып тұр еді. Кенеттен, кезек- кезек жанған шырақтар пайда бола бастады.
Би «ЖАРЫҚ ШЫРАҚ»
Тазша бала Рахмет балалар, сендер бізге көп көмектестіңдер.
Жүргізуші Батырлар сапарын жалғастырды.
Саққұлақ Достарым сақ болыңдар,Құйынға жақындап қалдық,мен оның дауысын естіп тұрмын...
(осы кезде Құйын ұшып кіреді)
Жүргізуші Қара құйын өз мекенінен ұшып шығып батырларға шабуыл жасады. Батырлар кұйынмен шайқасты.(батырлар күйынға жабылады,семсерлеседі)
Маңдай терлерін төкті,ақыры құйынды жеңді.
Батырлар: Қызғалдақ қайда, айт шыныңды!
Құйын: Кешіріңдерші мені. Гүлдерің таудың қуысында жасырылған, ол қуысқа кіру үшін үлкен тастарды қозғау керек.
Жүргізуші: Батырлар таудың қуысына жақындап келіп ,тастарды қалай қозғаймыз деп бастарын ауыртып тұрған кездерінде.
Таусагор: Мен– Таусагормын,мен қозғалтамын ауыр тастарды .Маған көмек керек ,мен жалғыз өзім қызғалдақты құтқаралмаймын.
Жүргізуші: Балалар көмектесеміз бе?
Балалар ия
Ойын «ТАУ ТАСТАРЫН АЛЫП ТАСТА»( фон: фиксики әні)
Қызғалдақ: Рахмет,құтқарғандарың үшін.
Жүргізуші: Сөйтіп жер бетіндегі барлық тірі жан еркін тыныс алды,қуанышқа бөленді. Жер ана қызғалдаққа нәр берді, күн шуағын берді ,қызғалдақ жаңа өмір бастады,бұрынғысынан да әдемі болып кетті,әлемге жұпар иісін шашты,адамзатқа жақсы көңіл күй сыйлады.Өзінің сүйіп билейтін биін Наурыз мерекесіне тарту етті
Би:ЛЕЗГИНКА
(Батырлар өз кезегінде ән айтып берді)
Ән «БАЛА ТІЛЕГІ»
(Күн жүгіріп шығады,барлық балаларды,кейіпкерлерді шақырып флешмоб жасатады)
Жүргізуші:Кез келген ертегіде жақсылық жамандықты жеңеді.
Барлығы: Ата-бабам тойлаған, наурызым бармысың.
Қызығына тоймаған, дарқан дала армысың!
Хор: «АТАМЕКЕН»

Дайындаған тәрбиеші А.Ж. Сулейманова. Тәрбие.орг сайтынан "Наурыз көктем" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: СУЛЕЙМАНОВА АСИЯ ЖАСКАДЫРОВНА

Алматы облысы.Ескелді ауданы.Сырымбет ауылы."АЙГӨЛЕК" балалар бақшасы Тәрбиеші.

Пікірлер: 0

avatar