« Наурыз келді далама!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 546
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19470


Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
«Құлыншақ» ясли бақшасы
Ұялы тел: 87785220559

«Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ертеңгіліктің үздік сценарийі»;
«Наурыз келді далама!»;
Өтепова Райхан Қуандыққызы тәрбиеші


КМҚК «Құлыншақ ясли бақшасы»

«Наурыз келді далама!»
Мерекелік шара



Тәрбиеші: Өтепова Райхан Қуандыққызы.

2015 оқу жылы

Бекітемін:
КМҚК «Құлыншақ» ясли бақшасы
Әдіскер: Р.А.Жұмағалиева

« Наурыз келді далама!»
Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, халқымыздың салт-дәстүрімен таныстыру. Наурыз - қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру. Балалардың тілін, ән салу, би билеу,сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.Салт-дәстүрімізді қолдана отырып адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
1.Жүргізуші: Уа,жараңдар,жараңдар,
Бәрің бермен қараңдар.
Наурыз тойын тойлайық,
«Құлыншақтар» тобында.
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді екен.Ұлыстың ұлы күні-Наурыз тойларыңыз құтты болсын! 2. Жүргізуші: Келген жылым жақсылыққа басташы,
Қуанышпен әр үйдің босағасын атташы.
Бүгінгі «Құлыншақ» тобының дайындаған «Наурыз келді далама!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Арайлым: Бұл мұсылман Жаңа жылы, Қуануда даламыз. Бұл мұсылман Жаңа жылы, Шырқап әнге саламыз.
Әзімжан: Осыншама жақсылық, Алып келген наурызым! Төрлет бізге нұр беріп Шуақ шашып ақ жүзің.
Жүргізуші: Өлең-жырға басайық Қазақтың бір салты,- деп Тойға шашу шашайық.
Ән: «Мен ауылға барамын».
Жүргізуші: Біздің балалардың Наурызға арнаған тақпақтары бар екен.
Қайыржан: Армысыңдар халайық, Бармысыңдар халайық. Наурыз тойын жұп жазбай, Жылда қарсы алайық.
Ақнұр: Наурыз келді, нұр келді, Түгел аймақ түрленді. Бақшадағы апайлар Тойға әзір боп үлгерді.
Иманжан: Наурыз тойым, наурыз тойым, Құтты болсын халайық!
Диас: Кәне, достар,кәне, достар, Шырқап әнге салайық.
Бекасыл: Наурыз тойын тойлайық, Әсем әнге салайық.
Наурызғали: Қыдыр ата келсін Жақсы тілек әкелсін.
Қожанасыр (күй ойналып ортаға шығады):
Армысыздар, балалар!? Армысыздар, халайық!? Мен Қожамын, Шегі жоқ бұл даңқымның. Құтты болсын Жаңа жыл, Құтты болсын Наурызым!
Қожанасыр: Ал,енді балалар, мен сендерді жарысқа шақырамын. Кәне, жігіттер «Теңге алу» ойынына ортаға шыға қойыңдар.
Бұл ойында тәсіл көп, Кім мол алса теңгені, Сол баланың жеңгені!
Жүргізуші: Қожеке, біздің балалардың тақпақтары бар екен.
Арай: Наурыз тойы-тамаша, Наурыз тойы-жаңаша. Табиғат та тамаша, Тамылжып тұр жараса.
Ақсезім: Наурыз келді еліме, Наурыз келді жеріме. Байлық,бақыт тілеймін, Бүкіл қазақ еліне.
Шығайбай: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Наурыз тойларың құтты болсын! Мен сендерде «бақыт гүлі» бар деп естідім. Менің оны көруіме бола ма? Мен осы гүлді сендерден сатып алсам? Маған сатыңдаршы.
Қожа: Бәсе, сен қартайып алжыған екенсің.Білмеуші ме едің, адам өз бақытын, өз денсаулығын ақшаға сататынын қайдан естідің?
Шығайбай: Мен ойлаймын, ақша болса бәрін сатып алуға болады.
Қожа:Бұл гүл сатылмайды. Ол жалғыз өзімдікі емес бүкіл халықтікі. Сен мынадай мақалды білесің бе?
Жүз сомың болғанша, Жүз досың болсын.
Шығайбай: Мен бұл мақалды білемін.Сен егер мықты болсаң, мына балалардың бәріне бір жақсылық істеші.
Қожа: Шын көңіліммен жасаймын. Менің мына қоржынымның ішінде сиқырлы асық бар. Мен оны алып сандыққа салайын.
Шығайбай: Сиқырлы асық! Маған бере тұршы, мен бұрыннан аңсап жүр едім, қолыма ұстап көрейін.
Қожа: Жарайды.Келістім.Бірақ ол адамгершілігі, абыройы бар адамдарға көмектеседі.
(Шығайбай асықты алып сандыққа салып қояды.Сандықтың ішіндегі асық жоқ болып кетеді.Қожа сиқыр сөз айтқан кезінде ішінен балаларға көптеген сыйлықтар шығады.).
Жүргізуші: 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.
Күн: Сәулесі мол күнмін.
Түн: Жұлдызы мол түнмін.
Екеуі: Бірдей болып бізде,
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал, ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқа бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай бірақ,
Жүрмеңдер тек жылап.
Жүргізуші: Қазақ халқы ежелден асыл мұраға бай ел. Біз қазір ортада ұлттық ойындарды көрсетеміз.
1.«Қамшы алу» ойынында екі баланың күш сынасуы байқалады.
Ойын шарты: ортаға екі ер бала шығады,ортаға сызық белгілеп,оқтаудың екі ұшынан тартысады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі.Оқтауды өз жағына тартып алған бала жеңімпаз атанады.
2.«Орамал» ойыны.
Ойын шарты:ортада 5 орамал жатады.Әуен ырғағымен балалар шеңбер бойымен жүгіреді.Әуен ырғағы тоқтаған кезде балалар орамалды жерден алып , жоғары көтеру керек.Орамалды тез көтерген бала, жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Балалар,наурыз тойында әжелеріміз қандай көже дайындайды?
Балалар: Наурызкөже.
Жүргізуші: Ендеше,балалар, наурызкөже туралы тақпақтар айталық.
Анель: Наурыз тойы-елдің тойы, Көктем тойы-төлдің тойы. Ақ шағала аппақ үйлер, Араладым күні бойы.
Қамбар: Наурыз тойын әдемі, Әжем еске түсірді. Біздерге арнап әдейі, Наурыз көже пісірді.
Нұрдәулет: Ашылды да кебеже, Дәм әзірлеу басталды.
Малика: Әжем наурыз көжеге, Жеті түрлі ас салды.
Аянат: Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз. Тәтті болып жасалған Наурыз дәмін татамыз.
Ақжол: Наурыз тойы салтымыз, Аман болсын халқымыз.
Бағдәулет: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
Би: «Қара жорға».
Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Көрініс. Үй иесі Сара апаға кішкентайды бесікке салып беруді өтінеді. Сара апа алдымен баланы денсаулығы мықты болуы үшін тұзды суға теңгелер салып шомылдырып, денесін маймен сылайды. Балаға көз, тіл тимесін деп бесікті аластайды, содан кейін барлық жөн-жоралғысы бойынша бесікке салады. Үй иесі рахметін айтып Сара апаға сый-сияпат тарту етеді.
3.Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Сызық бойына арқан тасталады. «Үш» деген кезде 2 топ ойыншылары өз жағына тартады. Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан топ жеңеді.

Жүргізуші: Наурыз тойы-мерекесі ұлтымның Берекесі ырысы мен құтымның. Тәуелсіздік думанымен бір келген, Ұлы күні, ұлыс күні жұртымның.
Осымен бүгінгі «Наурыз келді далама!» атты ертеңгілігіміз де аяқталды. Сөз кезегін балабақша басшыларына береміз және тойды әрі қарай дастархан басында жалғастырамыз.



Ақнұр, Қайыржан және Бекасыл тақпақтар айтуда
Қожа мен Шығайбай


«Теңге алу» ойыны

«Арқан тартыс» Тәрбие.орг сайтынан « Наурыз келді далама!» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Өтепова Райхан Қуандыққызы

Пікірлер: 0

avatar