Наурыз - Ұлыстың ұлы күні

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 368
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22600


Қызылорда облысы
Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицей жанынан ашылған «Ботақан» шағын орталығы
Тәрбиеші: Салимова Жанаркул
Тобы: "Балдырған" тобы
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты: 1.Балаларды Наурыз мерекесімен, қазақтың салт-дәстүрімен таныстыру.
2.Өлеңдер, ертегілер, ойындар арқылы балаларға қазақтың
салт-дәстүрін таныту.
3. Өз салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақырыпқа сай кабинет жабдықталған, нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар,
Барысы:
Кіріспе: Наурыз жыл басы, көктем мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастархан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады.
Халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Бұл түні «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондырады.
Ұйымдастыру кезеңі:
1-Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар,қонақтар,балалар!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап: дендеріңізге саулық , жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын.
Балалар ортаға шығып сәлемдеседі.
Наурыз құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
2-Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын аталарға
Наурыз құтты болсын аналарға
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурыз құтты болсын баршаңызға- дей келе наурызға келген қонақтарды қарсы алайық (көрісіп қарсы алады)

1-Жүргізуші:
Наурыз күнінің бір есте қаларлық салтанаты бұл күн көрісуден басталады. Ол жай амандасу емес, адамдар бір-бірін құттықтап қана қоймай, бір-біріне деген өкпелерінде кешірген. Қане, бәріміз құшақтасып, амандасып өкпемізді ұмытайық.
Төрге шығыңыздар!
22 Наурыз күні күн мен түн теңеледі, жер шуаққа кенеледі. жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Балалар айтыңдаршы Наурыз күні кім бізде ел аралап жүреді?
Қыдыр Ата
Қыдыр Ата не әкеледі бізге?
Бақдәулет , береке, бақыт, молшылық, жақсылық әкеледі.
Ал ендеше Қыдыр атамызды қарсы алайық.
Ата Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – демекші халыққа бата беріңіз.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
1-Жүргізуші:
Қош келдіңіз Ата
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жыл болар, деп өзіңізден бата сұраймыз халыққа батаңызды беріңіз.
Қыдыр ата:
Ұлыс бақытты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын!
Білім - өнер серік болсын!
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әр бір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин!
1-Жүргізуші:
Батаңыз қабыл болсын!
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.
Тақпақтар:
Гүлден:
Наурыз келді сән құрып
Жасарып тұр жаңғырып
Құлпырады жер мен көк
Мейірімі мен таң күліп.
Сабыржан:
Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Кәне достар, кәне достар
Шырқап әнге салайық
Нұразим:
Уа ағайын халайық
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың .
Наурыз тойын бастайық!
Медет:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Сұлтанхан:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Санжар:
Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!
2-Жүргізуші:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма-дей келе
«Балдырған» тобының қыздарын «Наурыз көктем» биімен ортаға шақырамыз!
1-Жүргізуші:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Балалар айтыңдаршы бұл қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілі кандай аймен келеді ? (Наурыз айымен)
Наурыз қандай мереке? (Көктем, достық, еңбек,бірлік)
Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
Дұрыс айтасыңдар салт-дәстүрімізді құрметтейтін ұлттық мереке.
Балалар сіздерге Нұразимнің әжесі бесікке салу шілдехана және азан шақырып ат қою рәсімін көрсетеді қарсы алыңыздар.
Кәнекей ортаға шақырайық.
Нұразимнің әжесі шығады
2-Жүргізуші:
Әжеміз шашу шашады
Уа,халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың,
Жыр шашуын шашайық.Шашу
1-Жүргізуші:
Ал енді шілдехана тойын бастап ,дәстүр әнін жырлайық
Хор : Шілдехана
2-Жүргізуші:
Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
1-Жүргізуші:
Шақырып мерекеге ән салайық.
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Айтыспен жалғастырып тойымызды
Құрметтеп әншілерді қарсы алайық- ортаға Айдос мен Нұржайнаны шақырамыз
Айтыс:
Айдос:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Нұржайна:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Айдос:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Нұржайна:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін

Айдос:
Тоқтат қазақ айтысты,
Сөз қалдырма артыңа.
Осы Наурыз бәрімізді
Татулыққа шақырған.
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
1-Жүргізуші:
Ой бәрекелді !
Қошеметтеп қол соғып қояйық!
2-Жүргізуші:
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызды,
Қуат болып қанымызға тарайды-дей келе «Балдырған» тобының жігіттер биін тамашалаңыздар!
Күй
1-Жүргізуші:
Қошеметтеп қол соғып қояйық!
Кел балалар ойнайық, ойынға бір тоймайық, кәне көңілімізді көтерейік.
Ойынның аты « Орамал тастау»
Ал келесі ойын «Жұбын тап»
1 жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды!
Көрген де арманда,
Көрмеген де арманда,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Наурыз келсе құт келгені халайық!
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
Тұсау кесу рәсімін тамашалаймыз
Нұрисламның әжесі тұсау кесу рәсімін жасайды.
2-жүргізуші:
Салтымен ата – бабамның
Жаңғырды қайта заманым.
Жаңа жыл басы – бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың! –деп қадамың құтты болсын!Үлкен азамат болып өсуіңе тілектеспіз.
Балалардың наурыз меркесіне арнаған жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:

Айару:
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Қ.Кәусар:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
Ақсұңқар:
Наурыз келді Құт болып
Мына бізге сүт болып,
Аққа аузымыз толады
Бір жақсылық болады
Д.Жанель:
Наурыз тойы — салтанат
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Нұрай:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Інжу:
Наурыз келді еліме!
Наурыз келді жеріме!
Байлық бақыт тілеймін.
Бүкіл қазақ еліне!
1-Жүргізуші:
Армысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сендер үшін Наурыз той шашулары! – дей келе алдарыңызда «Балдырған» тобының жігіттер биін тамашалаңыздар!
Би: Ойпырмай
1-Жүргізуші:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған- дей отарып «Дастархан» әнін қабылалыңыздар!
Хор. Дастархан
2-Жүргізуші:
Ойын: Арқан тарту
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)
— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)
Рахмет! Отырамыз!
1-жүргізуші:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық!
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден шашу шашайық! –деп
«Қыз қуу» ойынына кезек берелік
Нұржайна:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің жігіттердің наурыз мерекесіне арнаған тілектері бар екен :
Тақпақтар:
Нұрислам:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Әбубәкір:
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Ерсұлтан:
Жыл басы -Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Әбурайхан:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Мағжан:
Елім менің жеріме
Ырысын шашқан Наурыз
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан Наурыз
2-Жүргізуші:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз,
Би билейміз бәріміз-дей келе
алдарыңызда қыздар биін тамашалаңыздар!
Би: Қазақ биі
1-Жүргізуші:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын- дей отырып Наурыз көжені таныстыра өтсек
Наурыз көже- Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас. Наурыз көже аса қасиетті ас болып саналады. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалады:
Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
1-Жүргізуші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
1.Тұз
2.Су
3.Ақ құрт, қатық, айран
4. Ет
5.Кеспе
6. Бидай
7. Күріш не тары
1-Жүргізуші:Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік
Дарын:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
А.Жанел:
Жеті түрлі дән салып,
Дәмін татқызған Наурыз
Жақсылық тілеп халыққа
Молшылық әкелсін Наурыз
Анел:
Ашылды да кебене,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Азиз:
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді,
Бізге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Нұрали:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз
1-жүргізуші:
Алтын күн шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған-деп бата алайық.
2-Жүргізуші:
Наурыз тойын тойлайық қане, ағайын,
Амандықпен туа берсін күн сайын.
Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға
Мерекені бүгінгі мен жабайын.
Молшылық пен тыныштық боп жерімізде
Бейбітшілік нық болсын елімізде.
Достықпенен жайнай берсін отанымыз
Желбіресін қазақ туы көгімізде!
1-жүргізуші:
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды- дегендей
Құрметті қонақтар, балалар көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Бәріңізді мерекелік дастарханға шақырамыз. Тәрбие.орг сайтынан Наурыз - Ұлыстың ұлы күні Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Салимова Жанаркул

№266 мектеп-лицей жанынан ашылған «Ботақан» шағын орталығы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar