" Не білдік, не үйрендік"

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 1059
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19609


Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: « Не білдік , не үйрендік»
Мақсаты : 1-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға дағдыларын қалыптастыру. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Құрал жабдық ретінде слайд тақтадағы суреттер, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады.
Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
- Саламатсыздар ма!
Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
-Арайлап таң атты,
-Алтын сәуле тартты .
-Жарқырайды куніміз,
- Жарқырайды даламыз.
-Қайырлы таң , балалар!
-Қайырлы таң, қонақтар!
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы өтсін!
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге әр жыл мезгіолдерінің дайындаған тапсырмалары берілген, осы тапсырманы дұрыс орындауымыз керек екен, сосын мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.

1 - тапсырма.1 - ден 10 -ға дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
( Тақтада слайд түрінде сандар көрсетіледі)
2 - тапсырма.Дидактикалықойын. Сандардыңкөршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден10 - кедейінсандарбойыншаретіментұрады. Слайд түрінде)

3 - тапсырма. Логикалық есептер
1. Жанарда бар 3 сақина , Шынарда бар 2 сақина . Екеуін қосқанда болады қанша сақина?
2. Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша. Барлығы қанша?
3. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
4. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
( Тапсырмаларды есеп түрінде шығарып көрсетеді)
4 - тапсырма Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.(ит)
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, әжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)
Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)

Сергіту сәті:
«Бала, бала, балапан» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Тәрбиеші: балалар айтыңдаршы біздер жақында қандай мерекені қарсы алдық ?
Балалар: Жаңа жыл мерекесін .
Тәрбиеші: Ендеше балалар Жаңа жылда Аяз ата шыршаның қасына бізге бір сыйлық қорапша қалдырып кетіпті. Қане, ашып қарайықшы.
( Аяз атаның хаты оқылады)
5-тапсырма. Үстел үстінде. Салыстыру. ( Әр балаға жеке-жеке тапсырмалар беріледі, балалар тапсырманы орындап тәрбиешіге тапсырады)
6-тапсырма .Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет?»
(балаларға үстел үстінде ойнату)
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)

Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1 - ден 10- ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыту Тәрбие.орг сайтынан " Не білдік, не үйрендік" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мысина Дана Жұмабекқызы

Ақтөбе қаласы № 32 " Қуаныш" МДҰ бАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Пікірлер: 0

avatar