«Не дәмді?» ертегісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 792
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 03/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22747


Бекітемін
«Приозерск қаласының
«Балақай» бөбекжайы» КМҚК
директоры
______________Г.Т.Узалина
«_____»_______2017 жыл

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Не дәмді» ертегісі.

Ортаңғы «Шағала» тобының тәрбиешісі: Исиркова Г.И.


Приозерск қаласы
2017 жыл
Ортаңғы «Шағала» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы

Күні: 20.04.2017жыл.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Тәрбиелік: Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жануарлардың маскасы, қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары.
Қостілділік компонент: сүт- молоко, тары – пшено, сүйек- кость, шыбық- шпиндель.
Сөздік жұмыс: тары, сүйек, шыбық, сүт
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің
қызметі Балалардың
қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт:Алманы барлық бала иіскеп көреді.

-Алма сендерге ұнай ма?

-Ал мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен.
«Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!» тапсырмасын орындау.
- Жұлдызқұртымыз, ненің дәмді екенің білмейді екен.
- Қане, барлығымыз жұлдызқұртқа «Не дәмді» ертегісін айтып берейік.
- Барлығымыз топ болып, ертегіні айтып берейік.
Амандасу. Алма салынған себетті көрсету.
Әрине, ұнайды.
Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді.
Алма дөңгелек болады.

Тапсырманы орындауға тырысады.
Ұйымдастырушы-лық ізденістік «Не дәмді» ертегісі:
Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда Тауық:
-Ең дәмді тамақ-тары, -депті қыт-қыттап.
-Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! - дейді Ит абалап.
-Бәрің де білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, -дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.
-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп, Ешкі маңырапты.
-Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! - деп мысық тамсанды.
Сөйтіп, әркім өзі сүетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, таласыпты. Ешкі шыбықтың қабығын,мысық қою сүтті аңсапты. Сөйтіп құстардың хайуанттар бір не дәмді деген сөзге келе алмапты.

-Ал, балалар, ертегіден нені түсіндіңдер?

-Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?
-Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті.
-Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?

Қостілділік компонент: сүт- молоко, тары – пшено, сүйек- кость, шыбық- шпиндель.

Сергіту жаттығу:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ең үленін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.

Дидактикалық ойын: «Бұл не?»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету.
Ойын шарты: баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек.
Әрине, ұнайды.
Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді.
Алма дөңгелек болады. Балалар мұқият тыңдап мазмұнын айтуға тырысады.

Анам етті,әкем палауды тамақты, ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.

Қайталайды.

Сергіту жаттығуын орындайды.

Ойынды балалар қызыға ойнайды.

Рефлексивтік түзетушілік - Балалар бүгін қандай ертегімен таныстыңдар?
- Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?
- Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістердің көкөністерден айырмашылығын жылдам айта білу;
Игереді: көкөністер мен жемістерді ажыратуды;
Меңгереді: тез ойланып, тез жауап беруді біледі

Тексерілді: Тәрбие.орг сайтынан «Не дәмді?» ертегісі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исиркова Г.И.

Пікірлер: 0

avatar