Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Не үйреніп, не білдік?(Өткендерді қайталау)
  • 20.11.2016
  • 97 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20120

Павлодар облысы,Ақсу қаласы «Балапан» бөбектер бақшасының 2 санатты тәрбиешісі Бегимова Гүлбану Дарханбекқызының ересек тобына арналған ашық сабақ үлгісі
Ұйымдастырылған оку іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Не үйреніп, не білдік?(Өткендерді қайталау)
Мақсаты: Тілдің негізгі бірліктері-дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін бекіту және қайталау
Міндеттері:
1.Білімділік: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге, сөздерді буынға бөліп айтуға,сөздерге дыбыстық талдау жасауға, сөйлем құрап әңгімелеуге, әріптерді танып, оны баспа түрінде жаза білуге үйрету
2.Дамытушылық:Дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге үйрету,жазуға дағдыландыру, ертегі тыңдатып қиялдарын, ой-өрісін дамыту
3.Тәрбиелілік: Мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сөздік жұмыстар: Шуақ, төр, дуал
Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Демонстрациялық көрнекіліктер, тарқатпа карточкалар, суреттер,әріптер жинағы, көк, қызыл дөңгелектер, айна, аудиожазба

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Жылулық шеңбері:
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылсын
Бізе қонақ келіпті,
Төрімізге келіпті,
Ал қанеки бәріміз
Сәлем дейміз үлкенге..
Балалар сендер келген қонақтармен амандасып алдыңдар, енді менің қолымда не көріп тұрсыңдар?
-Ия, бұл жүрек, олай болса, балалар жүрегімізден шығарып, бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз.
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарқын болсын
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын
Ата-анамыз аман болсын
Балабақшамыз гүлдене берсін
Апайлар аман болсын!
Осы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы
Балалар бізге Білім ханшасынан хат келіпті , оқып берейін: «Балалар, сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, өздеріңе жіберген сыйлықтарды алуларыңа болады».
Шеңберде тұрып балалар амандасу рәсімін жасайды

- Жүрек

Балалар кезекпен жылы сөздерін айтады

Балалар алақандарынан үрлейді
Тәрбиешінің қолындағы хатқа назарларын аударады.

Ұйымдастырушы-ізденушілік Жаңа тақырып:
-Білім ханшасының сыйлығын алғыларың келе ме? Ендеше тапсырмаларды орындауға кірісейік.
Алдымен мен сендерге ертегі оқып берейін. Сендер ол ертегіні мына сиқырлы айнадан көріп отырасыңдар. Айнаны қолдарына алғызып, ауыздарына қаратады.
Ертегі «Тынымсыз тіл»
-Ауыз деген қуыста Тынымсыз тіл өмір сүріпті. Ол аппақ тістерден өзіне қатарластырып, дуал жасапты. Ал еріннен ашылып, жабылатын есік жасапты. Ауыз арқылы дыбыстар жиі-жиі сыртқа шығып түрады екен.Кейбір дыбыстар көңілді ән салып жүреді екен.Ол кезде Тынымсыз тіл тып-тыныш тыңдайды екен. Мысалы: А,У,О
Ал кейбір дыбыстар ән салуды ұнатпайды екен. Оларға ренжіген Тіл кедергі жасайды екен.Бірге тіспен,бірде таңдаймен, кейде ерінге жабысып ашқызбай қояды екен.Мысалы: М,С,Ш,Т. Осылайша дауысты және дауыссыз дыбыстар пайда болыпты.
1 тапсырма: Дидактикалық ойын:»Қандай дыбыс?» Шарты: Дауысты,дауыссыз дыбыстарды айтқанда қызыл, көк дөңгелектерді балалар көтеріп көрсетеді. Тілді жаттықтыру ойыны: Ла-Ла-Ла
Балалар соқты аққала
Ал-Ал-Ал Қандай тәтті бал
Ыл-Ыл-Ыл Банан жеді маймыл Ас-Ас-Ас
Алақай пісті ананас
Енді осы дауысты және дауыссыз дыбыстар бірігіп сөз құрайды. Сөзде дыбыстар аз болса қысқа сөз, егер сөзде дыбыстар көп болса ұзын сөз болады. 2 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Сөзді өлше». Шарты: Тәрбиеші ұзын, қысқа сөздер айтады.Балалар қолмен өлшемін көрсетеді.Мысалы: Бағдаршам, доп, көбелек, нан, балабақша, піл
Демек, сөздер ұзын, қысқа болады және сөздер буынға бөлінеді.
3 тапсырма: «Сөздерді буынға бөл» Суретті карточкалар тарқатылады, балалар буынға бөліп, айтады. 4 тапсырма: Сөзге дыбыстық талдау жасау
Балалар сөздегі дыбыстарды қызыл, көкпен белгілеп, талдау жасайды. Мысалы: «Нан» сөзі Н- дауыссыз дыбыс А-дауысты дыбыс Н- дауыссыз дыбыс Сергіту сәті: «Аңдар қимылы»
Балалар дыбыстарды біз естиміз, айтамыз,ал әріптерді көреміз, жазамыз. 5 тапсырма: Тақтада өтілген әріптер және сол әріптерден құралған сөздер жазылған соны балалармен бірге оқу: А, У, Л –әріптер А-Л АЛ, А-У АУ
Енді осы әріптерді санау таяқшаларымен құрастырып көрсетеміз.
6 тапсырма: Суретке қарап сөйлем құрау. Балалар тірек сызба арқылы сөйлем құрастырады.

Сыйлық алғылары келетінін айтады

Ертегіні тыңдайды, айнадан көріп отырады
Тәрбиешімен бірге дыбыстарды қайталайды
Балалар тапсырманы орындап отырады.
Тілді жаттықтыру жаттығуын жасайды.

Өлшемін қолдарымен көрсетеді

Буынға бөліп айтады
Тапсырманы орындайды, көрсетеді

Тапсырманы орындайды,
буындарды оқиды
Сөйлем құрайды

Рефлексивті-түзетушілік Қорытынды:Балаларды жинап, сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.Білім ханшасының балаларға риза болып, жіберген сыйлықтарын тарату. Сабақты аяқтау Білім ханшасына рахмет айтады
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды тиісті түстермен белгілеуді
Нені біледі: Дыбыстарды ажырата біледі, әріптерді таниды, атайды, сөздерден сөйлем құрайды Нені игереді: Әріптерді жазуды, оқуды Тәрбие.орг сайтынан Не үйреніп, не білдік?(Өткендерді қайталау) Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бегимова Гүлбану Дарханбекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: не, білдік?(Өткендерді, Балабақшадағы ашық сабақтар, үйреніп, қайталау)
Көрсетілім: 97 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar