Оқу іс-әрекеті "Үй құстары мен үй жануарлары"

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 126
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23575


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй құстары мен жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй құстары туралы түсінік беріп,білімдерін жетілдіру,үй құстарына қамқорлықпен қарауға баулу.Балалардың тілдік қорларын молайтып,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі:теледидар,алтын жұмыртқа,обручь,құстардың суреттері.
Қолданылған әдіс –тәсілдер: көрсету,түсіндіру,ғажайып сәт,сұрақ−жауап,ойындар.
Сөздік жұмыс: қоқ −қоқ, қыт− қыт, шиқ −шиқ, га −га, бақ− бақ, ку− ка −ре− ку.
Билингвизм: құстар−птицы,үй құстары− домашние птицы,үй жануарлары-домашние животные,жануарлар-животние.
Барысы: Шаттық шеңбер:
Тәрбиеші:
Армысың,қадірлі Аспан-ата
Армысың,мейірімді Жер-ана
Армысың, менің балабақшам
Армысыңдар, достарым!

− Балалар,бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, қане амандасайықшы:
Балалар:
− Сәлеметсіздер ме?
Сұрақ жауап:
− Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
− Жыл мезгілі күз.
− Күз мезгілігінің ерекшелігі қандай?
− Күн суытып, құстар жылы жаққа ұшып кетті.
− Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
− Торғай,қарға,сауысқан,көгершін,аққу,қарлығаш.
Тәрбиеші:
− Балалар, құстар дала құстары және үй құстары болып бөлінеді. Бүгін ,біз, тіл дамыту оқу іс− әрекетінде үй құстары және үй жануарларымен танысамыз.
− Теледидардан үй құстары мен үй жануарларының суреттерімен таныстыру. Олардың адамға пайдасы жайлы түсіндіру.Қандай тамақ жейтіні туралы түсінік беру.
Ойын: «Күн мен түн».
Шарты: Түн болады бәріміз көзімізді жұмамыз, әтеш ку− ка −ре −ку деп дыбыс шығарғанда оянамыз.Әтеш ку −ка− ре −ку деп дыбыс шығарса таңның атқан белгісін білдіреді.
Ғажайып сәт:
Үнтаспадан әтештің дауысы естіледі.

Жұмбақ жасыру
Жүреді бой тастап,ойқастап,
Басында айдары бар.
Иекте сақалы бар,
Ол не?
(Әтеш)
Тәрбиеші:
- Балалар, енді үй құстары мен үй жануарларына арналған тақпақтарымызды айтайық.
Нұрәлі А.:
Әтешке қарап ән салып,
Әнші болған балапын.
Әтеш болып шақырып,
Соқшы, кәне, алақан.
Әдемі:
Үйір, үйірүйректі
Үйірге өзім үйреттім.
Ерсаған:
Қияпарлық істеме
Тауықтарды тістеме
Моп-момақан үйрекке
Тентектікті үйретпе.
Торғын:
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
Ерасыл:
Айналайын торпақ
Бола берме қорқақ
Тысқа шық та, заула
Тар болып тұр, аула.
Бауыржан:
Бұзауым бұзық
Мінезі қызық
Маңдайы күйді
Қазанды сүзіп.
Нұрай Е.:
Әукім-әукім, әукешім!
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Ерсаған:
«Қозым», - дейді мені апам,
«Қозым», - дейді мені атам.
Сөздеріне күлемін,
Қозы емеспін білемін.
Қалай айтам мұны мен,
Қозы болсам шынымен,
Күнде кәмпит бер демей,
«Мә-мә», - дер ем сөйлемей.
Нұрәлі Б.:
Құлын, құлын, құлыншақ.
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы,
Құйрығында құндызы.
Іңкәр:
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Фатима:
Лағым-ау лағым
Ерке тотай шұнағым
Ағаштарды кемірсең
Құлағыңды жұламын.
Санжар:
Момақаным менің
Маңырама төлім
Тойғызады кешке
Енең келіп сенің.
Наргиз:
Атам мені «құлыным» - дейді,
Әжем мені «боташым» - дейді.
Әкем мені «шырағым» - дейді,
Шешем мені «қозым» дейді.
«Айналайын, жаным!» - дейді.
Ал шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай-ақ!
Дидактикалық ойын: «Төлдерін ата»
Үй жануарларының төлдерінің суреттерін атап беру.
Топтық жұмыс. Жануарлар мен құстарды топтастыру.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Қонақ келеді: Әтеш келеді, амандасады.
Шығармашылық жұмыс: Жапсыру «Балапан мен қошақан»
Сиқырлы қоржын
Балалардың істеген жұмыстарын мадақтау.
Оның ішінен киндер сюрприздер шығады. Балаларға береді.
Қорытынды: Сұрақ− жауап?
Бүгінгі өткен сабақ жайлы сұрау. Балаларды мақтап, мадақтау.
Қоштасу.
Балалармен қоштасады. Тәрбие.орг сайтынан Оқу іс-әрекеті "Үй құстары мен үй жануарлары" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Багдатова Сымбат Муратовна

Астана қаласы №79 мектеп-лицейі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar