Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оң және сол қолмен лақтыру.
  • 30.03.2016
  • 584 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18236

Тақырыбы: Оң және сол қолмен лақтыру.
Мақсаты: Көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруды үйрету. Балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету.
Бір орында тұрып, ұзындыққа секіруге ұйрету, көзбен мөлшерлей білу дағдысын және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал ету.
Көрнекілігі: бала санына қарай құм салынған қапшықтар, ұзын жіп, 3-4 үлкен шығыршық.
Тәрбиеші: Кәне балалар келген қонақтармен амандасып алайық.
Амандасу
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем – дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:

Шеңбер бойымен жүру, жүгіру
Аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру.
Жүгіру, демалу жаттығулары.

Орамалмен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындату.
Жаттығу жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.
1.Аяқ өкше бойында, орамалдың шеттерінен екі қолмен ұстау. Орамалды алға көтеру, жоғарыға, алдыңғы жағында б.қ келу (5-6 р)
2. Аяқ өкше бойында, орамалдың шеттерінен екі қолмен ұстау. 1-2 отыру. Орамалды алға созу б.қ келу (4-5р)
3. Аяқты ашып тұру, орамалды шетінен кеуде тұсында ұстау. 1-2 алға еңкею, орамалды оңға, солға бұлғау б.қ келу (5-6р)
4. Қол белге қойылады. Орамал еденде жатады. Орамалды айнала екі аяқпен секіру. (15-20сек)

Балалар өткен іс-әрекетімізде қандай тақырыпты өттік. Циркке бардық жаттықтырушы бізге Орындықта орындалатын жаттығуларды орындатты. Кәне олай болса еденде тұру, алға қарай еңкейіп, алақанды орындыққа тигізу. Орындыққа қарама-қарсы отыру, аяқтарымыз бүгілген, аяқтарын созып, орындықтың шетіне тигізу.

Негізгі бөлім:
Балалар бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз, ал сендер дайынсыңдарма?
Олай болса бір-біріміздің артымыздан қатармен саяхатқа шығамыз.
Ғажайып сәт: Қасқыр шығады.
Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме? Балалар сендер қайда бара жатсыңдар?
Балалар: Біз орманға саяхатқа шықтық.
Қасқыр: Балалар мен сендерге бір тапсырама беремін. Сол тапсырмамды орындасандар мен сендерді топтарына қайтарамын.
Балалар екі топқа бөлініп, мына құм салынған қапты оң және сол қолмен көлденең лақтырып нысанаға дәл түсіру керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар мен мына судан секіріп өте алмай тұрмын маған көрсетіп, көмектесіп жібересіңдерме?
Балалар: Судан секіріп өтіп көрсетеді. (бір орында тұрып ұзындыққа секіру.)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар, мына кедергінің арғы жағында менің қонжығым қалып қойды, сендер осы бір сызықпен өтіп менің қонжығымды алып келуге көмектесесіңдер ме?

Балалар қатармен бір сызық бойымен өтіп, қонжықты аюға әкеліп береді. Аю балаларға рахметін айтады.

Қимыл-қозғалыс ойын: «Күн мен жаңбыр»
Шарты: тәрбиеші «күн» дегенде барлығы қыдыруға кетеді. Ал «жаңбыр» дегенде тәрбиеші ашқан қолшатырдың айналасына жиналады. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Жаңағы келген жолымызбен кейін қайтайық.
Қорытынды:
Балалар біз қайда бардық?
Кімдерді көрдік?
Саяхатқа шыққанымыз сендерге ұнады ма?
Ал, кәнекей тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: оң және сол қолмен көлденең лақтыруды;
Түсінеді: бір орында тұрып ұзындыққа секіру шарттарын;
Қолданады: көлбеу қойылған нысанаға лақтыру туралы түсінікті. Тәрбие.орг сайтынан Оң және сол қолмен лақтыру. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адилова Ақмарал

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 584 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar