: Ойнап жүріп, ойла!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 374
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21585


Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Примжарова Гүлмира Абуқызы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Экология.
Тақырыбы: Ойнап жүріп, ойла!
Мақсаты:Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтап, одан әрі жетілдіру. Ойындар, тапсырмалар арқылы сергітіп ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Балаларды зергектікке, тапқырлыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: жаз, күз, қыс, көктем, жемістер, көкөністер, табиғат.
Билингвалды сыңары: лето, осень, зима, весна, фрукты, овощи, природа.
Заттық дамыту ортасы: Жыл мезгілдерінің суреттері, сандар, асық, слайд, дәптермен жұмыс.
Әрекеттер кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивация-лық-қозғаушы-лық

Ұйымдас-тыру-шылық- ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырай түсті даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақшы, өйткені бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр екен. Біз қонақтарға өзіміздің қаншалықты тәртіпті, білімді, тапқыр екенімізді көрсетейік.
Ойын: «Бұл қай кезде болады?»
-Қар жауады?
-Жапырақтар сарғаяды?
-Құстар ұшып келіп, ұя салады?
-Аққала жасап ойнаймыз?
- Өзенге шомыламыз?
-Ағаштар бүр жарады?
-Жеміс- жидектер, көкөністер, дәнді дақылдар піседі?
Ойын: «Жыл мезгілдерінің ерекшелігін ажырат»
-Балалар, мына суретке қарасаңдар балалар жыл мезгілдеріне сай киінген. Осы төрт жыл мезгілінің табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін тауып өз орынына қоямыз.
Логикалық тапсырмалар.
1. Қоянның неше құлағы бар?
2. Ағашта екі құс қонып отыр, оған үш құс келіп қосылды, барлығы неше құс?
3. Бағдаршамның неше көзі бар?
4. Машинады неше дөңгелек бар?
5. Бір қолымызда неше саусақ бар?
6. Сиырдың неше мүйізі бар?
Дәптермен жұмыс.
Цифрларды суреттердің санымен сәйкестендір.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қоялық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Ойын: «Ғажайып қалта»
Шарты: асықтағы санды танып атау.
- Сандар туралы санамақтар кім біледі?
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Шарты: заттарды атап не артық екенін таабады, қалғандарын бір сөзбен айтады.
Ойын: «Жанды және жансыз табиғат»
Шарты: тірі және өлі табиғатты тауып ажыратады.

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы пысықтау арқылы қорытындылау.
Балаларды мадақтау. Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

-Қыс мезгілінде.
-Күз мезгілінде.
-Көктем мезгілінде.
-Қыс мезгілінде.
-Жаз мезгілінде.
-Көктем мезгілінде.

-Күз мезгілінде.

Балалар ойын шартын түсініп қызыға ойнайды.

-Қоянның екі құлағы бар.

-5 құс .
-3 көзі бар.
- 4 дөңгелек бар.
-5 саусақ бар.

-2 мүйізі бар.

Өлең жолдарын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Балалар өздері білетін санамақтарын айтады.

-Алма, алмұрт, жүзім, картоп. Бұл жерде картоп артық. Ол көкөніске жатады.

Тірі табиғатқа адам, жануар, өсімдік, жәндіктер жатады.
Өлі табиғатқа тас, құм, күн, ай жатады.

Балалар қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ойынның шартын түсініп ойнай алуы.
Меңгереді: жыл бойғы алған білімдерін толық меңгереді.
Жасай алады: сандарды заттарға сәйкестендіре алады. Тәрбие.орг сайтынан : Ойнап жүріп, ойла! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Примжарова Гүлмира Абуқызы

Пікірлер: 0

avatar