Ою- өрнек сырлары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 347
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21140


Алматы облысы,Ақсу ауданы , «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі м.д.ш.о.»к.м.м, Бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова С.О


Сабақтың тақырыбы: Ою- өрнек сырлары.
Сабақтың мақсаты: 1.Ою-өрнек сырлары туралы ,терең мағынасы туралы түсінік беру.
2.Әр оюдың өзіндік мағынасын бағалауды, қошқармүіз өрнегін оюды үйрету.
3.Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ою түрлері,АКТ,оқулық, буклет.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру: « Акроним» әдісі.
Ой қозғау: Бейнематериалды көрсету. Мазмұнын талдау.Қандай оө- өрнек түрлерімен таныстық? /АКТ
-Тұрмыстық заттарда қандай өрнектерді жиі пайдаланған?
-Қошқармүйіз: Қошқардың мүйізі тәріздес ою. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқынын көшпелі өмір салтымен байланысты туған. Қошқармүйіз оюы неше түрлі формаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі.Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады.Мысалы, текеметтің ортасына қошқармүйіз, шетіне тұмар, шаршы немесе су оюларын салынады.Мұнысы туған жер толтырған отар- отар қой болсын деген халықтың арман тілегі.Қошқармүйіз оюы молшылықтың нышаны ретінде бұл күнде де жиі қолданып келеді./буклет/

-Сыңармүйіз-« Сыңар»- екеудің бірі, егіздің серігі, жалғыз дегенді білдіреді, яғни мүйіздің тек бір сыңарының салынуына байланысты сыңармүйіз деп аталған.Бұл ою барлық төсеніштердің, бау қырлардың шетіне салынған.
-Сынықмүйіз-Тікмүйізге керісінше морт сынып барып қайта тармақталатын ою.Бұл ою арқылы кілем , ши , басқұр , алашаларды, әр түрлі қалталарды безендіреді.Бояуының негізгі түстері қызыл, қаңқызыл,жасыл, қоңыр, қара, сары.
-Көптеген басқа ою түрлерінің мағынасы әр түрлі.Мағынасына қарай бірнеше топқа да бөлінеді:
-Жан – жануарлар, аң, құс тектес.
-Өсімдік тектес.
-Геометриялық өю- өрнектер т.б
-Ою таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғымды түсініктерді аңғарып, біліп отырған.Мысал келтіру.
-« Жою хан мен ою хан » ертегісін оқу, мазмұнын әңгімелеу./оқулық/
-Қошқармүіз өрнегін оқушыларға ою тәсілін көрсете отырып ою.
Қорытынды: -Аталған өрнектерді тоқыма бұйымдарға қарағанда ертеде қыз- келіншектердің аяқ- киімдерінде( мәсі,етік),қарттардың жейде,ерлердің бас киімдерінде,есік перделерде жиі кездестіруге болады.
-Бүгінгі сабақтан ойымызға нені түйдік, нені үйрендік? Тәрбие.орг сайтынан Ою- өрнек сырлары Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукажанова С.О

Пікірлер: 0

avatar