Ойын арқылы жандандыру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 509
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22542


Дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Алиева Ботакоз Сагинтаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: Денсаулық
Білім бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Ойын арқылы жандандыру.
Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойын, бейнетаспа аңдар туралы, суреттер, орман суреті. Қолданылатын әдіс – тәсілдері. Түсіндіру, көрсету, көрнекілік, саяхат. Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу.
Қызмет кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең:
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтармен амандасып алайық. - Қазір біз бейнетаспадан күнді, күннің нұрын көреміз. Ол жарқырап нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз.
Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең:
Кіріспе бөлім:
Шеңбер бойымен жүру,
Аяқтың ұшымен жүру өкшемен жүру,
Жүгіру, демалу жаттығулары,
Тәрбиеші: Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Орман алыс. Ол үшін жаттығулар жасаймыз. Алғашқы қалыпта түзу тұру..
1. Басқа арналған жаттығулар
1. Алға
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Артқа ию
4. бастапқы қалыпқа келу (2 - рет)
2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3. Сол иықты көтеру
4. бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2. Жоғары созу
3 Жанға созу
4 Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
4. Белге арналған жаттығулар
1. Оңға иілу
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Солға иілу
4. Бастапқы қалыпқа келу
5. Аяққа арналған жаттығулар
1. аяқты қосу
2. тізені бүгу
3. Бастапқы қалыпқа келу
Саппен жүру
Шалшық судан секіру
Тастардан секіру
Бұталардың арасымен жүреміз.
Балалар, орманға да жеттік.
Орманды аралайық, бір - бірімізден адасып қалмайық. Орманда қандай аңдар бар? (Аю, қоян, қасқыр түлкі, шибөрі т. б. бейнетаспадан қимылдарын көрсету)
Ойын: «Қасқыр мен қояндар» Ойынның шарты: Қояндар сәбіз жеп отырады. Кенеттен қасқыр келіп қалады. Сендер қашып шөп тасасына тығыласың - дар. Ұстап алған баланы қасқыр алып кетеді. Ойын осылай қайталанады.
Рефлексивті-түзетуші кезең:
Балалар енді елге қайтамыз.(Орманнан алған әсерін айтады)
Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
- Қай жерге саяхатқа бардық? Нелерді көрдік?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
(Мадақтау)
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жүріс түрлерін, жалпы жетілдіру жаттығуларын.
Үйренеді: Негізгі қимыл жаттығуларын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Орман аңдарының іс - әрекетін көріп, қимылдарын меңгерді. Тәрбие.орг сайтынан Ойын арқылы жандандыру Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алиева Ботакоз Сагинтаевна

ОҚО Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar