Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ойыншықтар»
  • 30.03.2016
  • 1811 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18238

Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Б.б.с. Қатынас бөлімі : Қоршаған орта
Мақсаты: Балаларды ойыншықтар түрлерімен таныстырумен бірге ойыншықтарды жақсы қөріп ұқыпты күтіп ұстауға үйрету,тілдік қорлары мен танымдық қабілеттерін арттыру.
Сабақ барысы: Топтың ішін әдемі шарлармен безендіру.
Көрнекіліктері: ойыншықтар,теледидардан слайд көрсету.
Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме балалар! Қане барлығымыз орнымыздан тұрып келген қонақтармен амандасайық.
-Амансың ба,Алтын күн !
- Амансың ба,достарым!
-Амансың ба,апайлар!
Тілейміз сіздерге жарқын күн!
Тәрбиеші:-Рахмет балалар,орындарына отыра қойыңдар.
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
Балалар;- Қыс мезгілі
Тәрбиеші: -Қыстың қанша айы бар?
Балалар; -Қыстың үш айы бар
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар ,енді маған атап бере қойыңдаршы.
Балалар: Желтоқсан,қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Балалар қыста ауа-райы қандай болады?
Балалар:-Қыста ауа-райы суық,аяз,боран болады,қар жауады.(Ғажайып сәт)
Тәрбиеші: Өте жақсы,жарайсыңдар.Ғажайып сәт
Балалар , бізге Сәуле қуыршақ қонаққа келіпті және де Сәуле өзінің көптеген ойыншықтарын ерте келіпті.Балалар өздерің қандай ойыншықтармен ойнайсыңдар?Балалар қараңдаршы,мына ойыншықтар неден жасалған.?Мынау қуыршақ.Ол неден жасалған?Қатты ма ,жұмсақ па?Мынау машина бұл неден жасалған? Мынау аю ол неден жасалған?,мынау доп,мынау матрешка балалар бұл ойыншықтар неден жасалған?
Балалар: Мынау қуыршақ пластмассадан жасалған.Мынау матрешка бұл табиғи ағаштан жасалған.мынау аю-бұлда табиғи өнім мақтадан жасалған.Мақтаны оңтүстікте өсіреді.
Тәрбиеші: Балалар сендер өте керемт жауап бердіңдер.Ал сендер білесіңдер ме, бұл ойыншықты біздер қайдан аламыз?
Балалар : Дүкеннен.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар сендер білесіңдер ме ойыншықтарды қай жақта жасайтынын?
Балалар: жоқ
Тәрбиеші: Ойыншықтардың барлығын ойыншық жасайтын арнайы фабрикалар бар екен.Ол жерде үлкен ағайлар мен апайлар ойыншықпен сендер сияқты кішкентай бүлдіршіндер ойнасын деп ойыншықтар жасайды екен.Балалар ендеше теледидарға назар аударайық.
Тәрбиеші: Балалар сендер шаршап қалған сияқты ендеше барлығымыз тұрып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті: Сылдырмақпен.
Сылдырмақ-сылдырмақ
Тұрады әркез сылдырлап
Сылдырмақ-сылдырмақ
Бір сәт тұршы сыбырлап.Балалар бір серігіп алған сияқтымыз.Ендеше орнымызға отырайық.
Тәрбиеші: Балалар біздерге қонаққа күлдірген келіпті.
Күлдірген: Сәлеметсіздерме балалар!
Тәрбиеші: Күлдірген сіз ұзақ жолдан шаршаған боларсыз,сондықтан сіз отырыңыз, ал біздің балалар тақпақ айтып береді,жарайма балалар
Балалар: Ия
Балалардың тақпақтары.
1.Дильназ: Ойыншықтарым көп менің
Бәрін жақсы көремін
Кешке дейін жалықпай
Бірге ойнап жүремін
2.Айым: Ойывншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесең жүрмейді
3. Назым: Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Корбандаған аюды
Түсінде де көрмейді
4.Мейірім: Ойыншығым қүшігім
Сүп-сүйкімді жұп-жұмсақ
Шіренгені болмаса
Отырғандай ұя жұмсап
5.Есет: Ұшағын бар ойыншық
Ұшырмасаң ұшпайды
Айналам деп аспанды
Шаршағанға ұқсайды
Күлдірген сөзі ; Балалар жарайсыңдар мен сендерге құр алақан келген жоқпын ,
Сендерге ойнауға ойын ала келдім. Д.о. «Не өзгерді»
Тәрбиеші: Балалар күлдірген сендерге өте қызықты ойын ойнатты,сендерге ұнады ма?
Балаалар: Ия.
Күлдірген: -Ой жарайсыңдар балалар! Мен сендерге өте риза болдым.Тек сендер маған ойыншықпен ұқыпты ойнауға,сындырмауға уәде бересіңдер ме?
Балалар : Уәде береміз.
Күлдірген: Жарайсыңдар балалар! Енді мен кетейін.Мені де өздерің сияқты балалар күтіп отыр.Сау-сәлемет болыңдар!
Балалар : Сау болыңыз.
Тәрбиеші: Біздің балалардың ойыншықтарға арналған әндері де бар екен, соны тамашалайық.
Ән «Ойыншықтар»
Балалар: Біздерде бар қуыршақ
Бұзау,қозы,құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп бұйырсақ
ІІ
Қуыршақтар ұйықтайды
Айтқаныңнан шықпайды
Ал,қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды.
ІІІ
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса
Тұрғызамын бұрышқа !
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін оқу-іс-әрекетімізде ойыншықтар туралы көптеген мәлемет алдық. Ойыншықтардың бірнеше түрі бар: Олар резинадан, пластмассадан, мақтадан, ағаштан жасалады екен.Біздер ойыншықтармен ұқыпты ойнауымыз керек екен.
Балаларды ойыншықтармен мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан «Ойыншықтар» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шынтемирова Айжарқын Шаймерденовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 1811 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar