Ойыншықтар сыры

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 883
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19462


Білім саласы: «Таным, Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту,. қоршаған орта,сенсорика»
Тақырыбы: «Ойыншықтар сыры»
Ашық іс әрекет мақсаты:
Балалар білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Не? Нелер? Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған сұрақтарына жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Ұқыптылыққа,тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әр түрлі ойыншықтар,сандықша.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, көрсету және сергіту.
Сөздік: пластмассадан, шүберек, резеңкеден.
Билингвалдық компонент: ойыншық-игрушка, қуыршақ-кукла, доп-мяч,
Инклюзтвтік әлеумет: Марлен, Дидар, Қарақаттармен жеке жұмыс.

Іс - әрекет Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы Шаттық шеңбер:
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем!Сәлем!Сәлем!
Балалар,бізге көптеген қонақтар келген екен,қане қонақтармен амандасайық.
Балалар бәрімен сәлемдесіп, орындарына отырады.
Сәлеметсіздер ме?
Ізденіс ұйымдастырушы


Добым, добым домала
Балшыққа сен жолама,
Бүлдіресің қолымды
Жек көремін оныңды.

Балалар, тақпақ не туралы екен?
Иә, дұрыс айтасыңдар.
Балалар сендер балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар? Қане балалар сүйікті ойыншықтарымызды айтайықшы. Бұл ойыншықтарды қайдан алуға болады? Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Осы кезде есіктен Қызыл телпек жылап келеді.Ол ойыншығын жоғалтып алған екен.
Балалар Қызыл телпекке ойыншығын тауып береміз бе? Көмектесеміз бе? Өзімізбен бірге саяхатқа алып барамыз ба? Мүмкін ойыншығын тауып алар.
Жарайсыңдар, ендеше ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.
Үш столда ағаштан, резеңкеден, пластмасса мен шүберектен және жұмсақ ойыншықтар тұрады. Беттері жабылған.
Қызыл Телпек бірінші столдың бетін ашып көріп:
Қарайықшы , менің ойыншығым бар ме екен, іздеп көрейікші. Мынау қандай ойыншық? неден жасалған? пішіні,түсі қандай? Дауыстарын салайықшы?
Балалар аталған жануарлардың дауыстарын салады.
Бірінші столдан Қызыл телпек ойыншығын таба алмайды.

Екінші столдың бетін ашып көрейік.Мынау қандай ойыншық,түсі қандай,пішіні қандай,неден жасалған?
Екінші столдан да Қызыл телпек өз ойыншығын таба алмады.

Үшінші столдың бетін ашып қарайық,мынау қандай ойыншық, түсі қандай,пішіні қандай?
Мынау машиналар,мынау мұнара, ал мынау қуыршақ, бұл пластмассадан,көйлегі шүберектен. Сол кезде Қызыл телпек өз ойыншығын қуыршақты тауып алады.Қызыл телпек балаларға рахметін айтады.
Балалар жарайсыңдар, біз әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік.

Сергіту сәті:
Қолға алып шарды,
Үрлейміз біз былай:
Уф-ф-ф, уф-ф-ф.
Үрлейміз деп қатты
Жарып алдық шарды:
Пах, пах.

Енді тілдерімізді жаттықтыру үшін мына сөздерді айтайық: Қуыршақ-кукла, доп-мяч, шар-шарик,ойыншықтар-игрушки.

Ойыншықтармен не істейміз?

Балалар бізге ойыншықтар ренжімеу үшін не істеуіміз керек? Ойыншықпен ойнап болған соң оларды орнына қайта жинап қоюымыз керек.

Д/О «Бұл не?»
Ойын мақсаты: Сандықшадағы ойыншықтардың атын атап, оларға жеке-жеке сипаттама береді.




Доп туралы.

Ойыншықтармен.

Қуыршақ, доп, машина, шар.
Дүкеннен аламыз.
Иә, ұнатамыз.

Иә, тауып берейік.

Иә,алып барайық.

Иә,қарайықшы.

Бұл жұмсақ ойыншық,мысық,ат. Аю,қой,қозы,сиыр,

Бұл домбы-ра,сандық.Олар ағаштан жасалған. Түсі жасыл, сары.Пішіні сопақ, төртбұрыш.

Бұл доп, Пішіні домалақ,түсі сары.Резеңкеден жасалған.Ал мыналар пластмас-садан жасалған

Сергіту сәтін балалар 2-3 рет қайталайды.

Қуыршақ-кукла, доп-мяч,шар-шарик ойыншықтар- игрушки
Ойнаймыз.

Сындармауымыз керек,лақтырмаймыз, жуамыз,таза ұстаймыз.
Рефлексивті түзетулер Балалар, бізге кім қонаққа келді? Қызыл Телпек не іздеп келді? Жарайсыңдар. Қандай ақылды балаларсыңдар! Енді келген қонақтармен қоштасатын кез келді, қане, сау болыңыздар деп, қоштасайық. Қызыл Телпек келдң.
Жоғалтқан ойыншығын іздеп келді. Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтижелер:

Не білді? Балалар әр түрлі ойыншықтармен танысады және сипаттама береді.
Не алды? Ойыншықтардың қайдан келетінін, неден жасалғанын, түсін, пішінін айта алады.
Не істей алды? Ойыншықтарды күтіп, сындырмай ойнау керектігін түсінедң. Тәрбие.орг сайтынан Ойыншықтар сыры Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гулжан Жумагулова Базарбаевна

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылы "Балбөбек" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar