Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Орманға саяхат"
  • 12.05.2016
  • 615 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18990

Білім беру саласы :Таным,Қатынас.
Білім беру бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты:а) Балаларға пішіндерді және түстерді ажырата алу, алыс –жақын , кішкентай – үлкен, биік – аласа, ұзын – қысқа ұғымдарын қайталату;
ә) Ұсақ қол моторикасын , тегіс бетте бағдарлай алу дағдыларын дамыту;
б)Жан жануарларға, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.Достарын тыңдай біліп , құрметтеуді үйрету.
Қажетті құрал – жабдықтар : В.В.Воскобович кілемшесі, «Бүркін-Бүркін кемесі», «Шамдар», «Шаршы» ойыншықтары, құстар мен жануарлардың суреттері салынған карточкалар , көктемгі табиғатты бейнелейтін көрнекі құралдар.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру,көрсету, әңгімелесі, саяхат,сұрақ- жауаптар.
Сөздік жұмыс : жуан-жіңішке, биік- аласа, геометриялық пішіндер, аз-көп.
Шаттық шеңбері
Біздер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Тәрбиеші: Балалар, біз орманға саяхатқа шығайық. Саяхатқа немен шығуға болады?
Балалар: Машинамен, ұшақпен, автобуспен, қайықпен.
Тәрбиеші: Дұрыс , ендеше біз қайықпен саяхатқа шығайық.Қайықты мына суретте берілген сызба арқылы құрастырайық. (Тәрбиеші «Шамдар» ойыншығын үстелдің үстіне қояды). Мына тірек сызбаға назар аударайық.Суретте геометриялық пішіндердің көмегімен қайықтың сызбасы сызылған. Осы сызбаға қарап бізде қайық жасайық.
Тәрбиеші: Жақсы қайығымыз дайын болды, енді бәріміз қайыққа мініп , көңілді ән шырқап орманға жүзіп барайық.
Балалар қайыққа отырып, ән шырқайды.
Тәрбиеші: Орменға да жеттік. Қараңдаршы , мына көлде қандай әдемі кеме жүзіп жүр.Өзі сондай кішкентай екен .
Балаларкөлде тұрған кемеге назар аударады.
Тәрбиеші:Балалар , қалай ойлайсыңдар , неге бұл кеме кішкентай?
Балалар: Себебі , кеме жүзіп жүрген көл де кішкентай.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, мына кеме ерекше сияқты, өзі сондай әдемі! Діңгектері де түрлі-түсті екен.
Тәрбиеші балалардың көңілін кеменің діңгектеріне аударады.
Тәрбиеші: Ең биік діңгек қай түсті?
Балалар: Ақ түсті.
Тәрбиеші: Ең аласа діңгектің түсі қандай?
Балалар: Көк түсті
Тәрбиеші: Сары түсті жалаушалары бар діңгекті көрсет.
Балалар сары жалаушалары бар діңгекті көрсетеді.
Тәрбиеші: Жақсы сұрақтарға жауап бердіңдер. Енді кедергілерден өтіп , орманды аралайық.
-Балалар, мына жерде аңдардың дауысы естіледі, олар өз балаларын таба алмай шуласып жатқан сияқты.Қәне біз оларға көмектесейікші. Мына тақтаның оң жағында аңдардың балалары, ал сол жағында аналары орналасқан.Мына әр түрлі жіптердің көмегімен аналарын балаларымен қосамыз.Жақын тұрғандарды қысқа жіппен, ал алыста тұрған аңдарды ұзын жіппен қосамыз.
Балалар тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.Аналарын өз балаларымен табыстырады.
Тәрбиеші: Енді орманның басқа алаңқайына барайық.Жолдағы кедергілерден өтейік.
Балалар жолдағы кедергілерден өтіп келесі алаңқайға барады.
Тәрбиеші: Балалар, мына жерде құстардың дауысы естілетін секілді, тыңдап көрейікші. Олар бір нәрсеге таласып жатқан сияқты.
Тәрбиеші ағаштың түбінде жатқан сандықшаны тауып алады.
Балалар: Тәрбиеші тауып алған сандықшаға қарайды.
Тәрбиеші: Құстар мына сандықшаның ішіндегі сыйлықтарын бөлісе алмай жатқан секілді.Құстарға көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше мына сандықшаның ішіндегі қораптарын әр құстың қасына қойып қояйын.Енді мына сыйлықтарды қораптарға сәйкес барлық құстарға бөліп беріңдер.
Балалар: Қораптарға сәйкес (геометриялық фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, сопақша, дөңгелек) сыйлықтарды орналастырады. Мысалы, тіктөртбұрыштың жанына- шоколад, шаршының жанына - теледидар ,т.б солай орналастырады.
Тәрбиеші: Балалар, құстарға өз көмегімізді бердік.
Сергіту Сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық
Тәрбиеші: Балалар , біз орманда көп жүріп қалған секілдіміз.Балабақшаға кететін уақытымыз да болды.Қайыққа отырып , топқа оралайық.
Балалар қайыққа отырып , әндетіп балабақшаға оралады.
Тәрбиеші: Жақсы балалар, енді сабағымызды қорытындылау үшін шеңберге тұрайық. Бүгін біз қайда бардық?
-Орманға немен бардық? Жолда нелерді кездестірдік? Қандай жануарларға көмек бердік? Сендерге саяхат ұнады ма? Несімен ұнады?
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Тәрбиеші балаларды мадақтап медальдар береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: геометриялық фигураларды , олардың аттарын атай білуді, жан- жануарларды олардың балаларын;
Игереді: Воскобович тақтасымен жұмыс жасауды, саяхат кезінде түрлі кедергілерден өте алуды, ұсақ қол моторикасын дамытатын түрлі жаттығуларды орындай алуды;
Меңгереді: биік-аласа, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кішкентай ұғымдарын. Тәрбие.орг сайтынан "Орманға саяхат" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Низамова Надия Алфатқызы

МКҚК "Салтанат" бөбекжай - бақшасы" тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 615 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar