«Орманға саяхат»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 731
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21529


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты:“Жабайы аңдар” туралы балалардың білімдерін кеңейту.Жабайы аңдар қайда мекендейді , немен көректенеді екені туралы, балалардың түсініктерін анықтау.Аңдардың балаларын қазақша қалай аталатының,бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.Балалардың сызба арқылы әңгіме құрастыру іскерлігін қалыптастыру. Аңдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, карточкалар,түлкінің суреті, “Орман” суреті, жұмсақ ойыншықтар.

Билингвальді компонент: жабайы аңдар-дикие животные, түлкі-лиса, қоян-заяц, кірпі-ежик, қасқыр-волк, аю-медведь.

Әдіс тәсілдер: Жұмбақ жасыру,сұрақ- жауап,әңгімелеу,әңгімелету, дидактикалық ойын ,Не жейді?”Дидактикалық ойын ,,Ненің құйрығы?” Дидактикалық ойын,,Сыңырын тап,Сергіту сәті Дидактикалық ойын,,Не сыйлады?”
Кіріктірілген салалар: шығармашылық, таным,әлеуметтік орта,денсаулық.

Барысы:

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көп қонақтар келген екен. Қонтақтар мен амандасайық!
Қалдарың қалай?
Балалар:“Жақсы” деп бас бармақтарын-көрсетеді.
Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:
• Аутотренинг:
«Мен бәрін орындай аламын»
Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет.
Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет.
Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет.
Мен барлық тапсырмаларды орындай аламын, сол үшін қолдарыма рахмет.
Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рахмет.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біздің балабақшамызға хат келіпті.
Қәне балалар ашып көрейік.....Мәссаған балалар мынау не?
Балалар : үнтаспа
Түлкі: Дұрыс айтсыңдар үнтаспаны тыңдап көрейік....
Қоян(аудио): Сәлеметсіңдерме менің кішкентай достарым! Қалайсыңдар? Мен сендерді өзімнің сиқырлы орманыма, туған күніме шақырамын. Бірақ балалар сиқырлы орманда көптеген тапсырмалар кездесуі мүмкін абайлап, қорықпай өтіңіздер.
Тәрбиеші: Балалар қоян сендерді туған күніне шақырып жатыр сендер барғыларың келеме?
Балалар: иә
Тәрбиеші: Балалар Қоян алыста тұра ма, әлде жақында тұра ма?
Балалар: Алыста
Тәрбиеші: - Қоян қайда тұрады?
Балалар: орманда
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар,қоянның туған күніне балалар пойызбен барамыз.Балалар пойызға асықпай мінейік, шуламаңдар, тыныштық сақтап отырайық балалар жарайма?
Чуһ- чуһ-чуһ-чуһ
Орманға біз барамыз,
Әсем әнді саламыз.
Бип-бип- пыш-пыш
Бірте, бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Чуһ- чуһ-чуһ-чуһ
Тосып қалды, сағынып,
Ормандағы бар аңдар.
Бип-бип- пыш-пыш
Қызық болды кеп қалдық,
Енді жайлап тоқтаймыз.
Балалар сиқырлы орманға да келіп жеттік (табиғаттың даусы) Балалар қараңдаршы сиқырлы орман қандай әдемі,балалар байқап жүріңдер орманда жабайы аңдар көп,орманда тыныштық сақтап жүріңдер балалар,жүгірмеңдер айтпесе адасып кетулерің мүмкін.
Қоянның үйне бару үшін мына жолдардан өтеміз.Балалар мынау көпір. Көпірден балалар тепе-теңдік сақтап өтіңдер.Ал мынау жасыл шөптер
Ал балалар шаршап қалған боларсыңдар мына кесілген ағаштардың үстінде отырып терең дем алайық....(тыныс алу жаттығуы )
Оййй балалар сиқырлы орманда, сиқырлы тақта бар екен.Бұл жерде сендерге арналған тапсырмалар бар (көктем слайд)
Балалар қазір жылдың қай жыл мезгілі?
Балалар: көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады ?
Балалар: Ағаштар бүршік жара бастайды,бәйшешек,қызғалдақ, бақбақ гүлдері көктемнің алғашқы гүлдер өседі, құстар ұшып келеді.
Ауа райы қандай болады?
Балалар: жаңбыр жауады, күн жылы болады
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!
Мә қараңдаршы мына жерде қоянның тапсырмас тұрған сияқты, қәне қарайықшы.
1. Дидактикалық ойын: Жабайы аңдардың анасы мен баласын тап.
2. Дидактикалық ойын: Ненің құйрығы?


Сергіту сәті:
Аю маң-маң басады
Түлкі бұлаң қағады
Қасқыр ылаң қағады
Қоян үркіп қашады.
Орман іші көңілді
Тәрбиеші: Балалар қоян туған күніне қандай аңдарды шақырған сендер білесіңдерме?
3. Дидактикалық ойын: Не жейді? (слайд)
Тәрбиеші: Балалар біз көптеген тапсырмалар орындадық мына жолдармен да өтейік қоянның үйне де жетіп қалармыз. (музыкамен)

Алақай балалар қоянның үйне жеттік алынан қоян шығады
Сәлеметсіңбе қоянжан! Туған күніңмен!
Балалар да құттықтайды.
Барлығы бірге қоян биін билейді.
Қоян: рахмет сендерге! Сау болыңдар
Тәрбиеші: сау бол қоянжан!
Кәнекей балалар жолдардан өтіп автобусқа мініп балабақшамызға қайтайық.
Қорытынды:
Балалар біз қайда бардық?
Кімнің туған күніне бадық?
Қандай тапсырмалар орындадық?


БЕКІТЕМІН: ----------
«Бәйтерек » б/б меңгерушісі: Баракова Р.К.



«Орманға саяхат»






Өткізген: Канжагулова Алия Амангелдиевна






Сарыжар 2016 Тәрбие.орг сайтынан «Орманға саяхат» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Канжагулова Алия Амангелдиевна

Пікірлер: 0

avatar