Ормандағы аңдар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 714
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22769


Тақырыбы: Ормандағы аңдар
Білім беру саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Мақсаты: Жабайы аңдарды ажыратып, олардың төлдерін атай білуге үйрету,түсініктерін кеңейту.
Балаларға ертегінің жоспары бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін ,сұрақ-жауап арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жабайы аңдарға қамқорлық көрсетуге ,табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: Арыстан- лев,аю-медведь,қасқыр- волк,
түлкі- лиса,қоян- заяц.
Сөздік жұмыс: Қауіпті,жыртқыш,үлпілдек,икемсіз.
Қажетті құралдар: Жабайы аңдардың суреттері ,хайуанаттар бағы, аңдардың киімдері, ертегі желісі бейнеленген суреттер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

-Балалар,еске түсірейікші,өткен оқу іс-әрекетімізде не туралы айтқан едік?

-Олай болса үй жануарларын атаңдар

-Неліктен бұларды үй жануарлары дейміз?


Балалар шеңбер бойында тұрып ,өлеңді қимылмен орындайды.

Үй жануарлары туралы өткенбіз

Түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі

Үй жануарларын адамдар бағады.Үй жануарлары адамдарға пайда әкеледі.

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік
Жұмбақтар

Өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу.

Қорбаң-қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қысқы ұйқыға кетеді.

Сылдыр етсе қашады,
Қырдан бірақ асады,
Ол не?

Сұр түсті,
Ақсиған көп тісті.



- Балалар ,бір сөзбен қалай атаймыз?

- Неліктен жабайы аңдар дейміз?

- Жабайы аңдар қайда мекендейді?

-Олай болса біз бүгін орманға саяхатқа барайық.

Тас қақпа.
Маймылдың тапсырмасы:

Тақтадағы аңдар туралы өз білетіндерін айту.

Түлкі туралы не білесіңдер?

Аю туралы не білесіңдер?

Қоян туралы не білесіңдер?

Қасқыр туралы не білесіңдер?

Бұл жануарларды балалар біз «Жабайы аңдар» дейміз. Жабайы аңдар елсіз далада, орман, тау, тоғайда жүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді.Олар күннің суығында да,ыстығында да далада жүріп өмір сүреді.Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да,зияндысы да бар. Аңдардың пайдасы мол, олардың терісінен тон, киімдер,жаға,бас киімдер тігеді. Кейбір аңдардың мүйізінен дәрі-дәрмектер істейді.

Д/о «Сипатта»

Ойынның шарты: Ортаға бір бала шығады,басына маска кигізеді.Балалар масканы сипаттап айтады.Бала өзінің қандай аң екенін табады.

Күміс қақпа.
Арыстанның тапсырмасы:

Д/о «Сен білесің бе?»
Аңдардың атын үш тілде айту.

Аңдардың балаларын тауып, атын атау.

Әр аңның астындағы шатасқан төлдерін тауып, өз аналарының қасына қою.

Аюдың баласы
Қасқырдың баласы
Түлкінің баласы
Қоянның баласы
Арыстанның баласы


Аңдардың жүрісін көрсетіңдер.



Алтын қақпа.
Аюдың тапсырмасы:

Тілді жаттықтыру:
Ян-ян-ян секеңдеген ақ қоян,
Ю-ю-ю қорбаңдаған аю,
Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі
Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр.

-Аңдар туралы қандай ертегілер білесіңдер?


«Бауырсақ» ертегісі
Сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтып беру

Орманға кіру:
Ормандағы аңдардың атын атау.

Аңдардың айтысы


(Түлкі)

(Аю)

(Қоян)

(Қасқыр)

Әр жұмбақтың шешуін тапқан бала сол аңның суретін тақтаға іледі.

Жабайы аңдар

Жабайы аңдарды ешкім бақпайды.Олар өз қорегін өздері тауып жейді.Өз беттерімен тіршілік етеді. Төлдерін де өздері асырайды.

Жабайы аңдар тауда, далада,орманда тіршілік етеді.

Балалар поезд ұқсап бір-бірінің артынан тізбектеліп жүреді.

Алыс-алыс сапарға,
Поездбенен барамыз.
Сыйлық алып қашанда,
Біз көңілді қайтамыз.
Пуп-пуп,пуп-пуп паравоз,
Вагондарға жайғасқан,
Балалардың бәрі дос.

Түлкінің денесі сопақша, түсі сарғыш,тұмсығы ұзын болады.
Түлкінің терісі бағалы, жыртқыш аң.Оның құлағы жай сыбдырды да тез естиді.
Түлкінің қорегі құстар, құстардың жұмыртқасы, балық,тышқандар.

Аюдың түсі қоңыр,ақ болып келеді.Денесі ірі, үлкен.Аю икемсіз жыртқыш аң.
Аюдың қорегі судан балық аулап,жидектер теріп,құстармен қоректенеді.
Аюдың терісі,еті бағалы.Емдік қасиеттері бар.Ол қыс бойы ұйқыда жатады.
Аю ақылды,иіс сезгіш жыртқыш аң.Бірақ өзі ешкімге тиіспейді.Бал жейді.

Қоян қыста үйілген маялардың түбінде,не ағаш қуыстарында қыстайды.
Қоянның құлағы ұзын,сопақша болады.Ол қорқақ болады.Ірі жануарлардан қорқып қашып жүреді.
Қоянның қорегі түрлі шөптер,ағаш қабықтары.Сәбіз бен қырыққабатты жақсы көреді.
Қоян жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киеді,жазда қоңыр тон киеді.
Қасқыр сұр түсті, құлағының пішіні үшбұрышқа ұқсайды,аяқтары ұзын болады.

Қасқыр күшті, батыр,ақылы да айласы да бар,өте қауіпті жыртқыш аң.Ол етті жақсы көреді.
Қасқырдың тамағы жан-жануарлар мен құстар.Үй жануарлары кесдессе жеп қояды.

Балалар ойын ойнайды.

Аңдарды үш тілде айтады.

-қонжық
-бөлтірік
-маршай,
-көжек.
-абдан.

Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем.
Қане қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық. Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Түлкі қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Балалар бірнеше айтылған аңдардың жүрісін салады.

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталау арқылы, тілдік жаттығу жасайды.

«Үш аю», «Үйшік», «Қу түлкі», «Бауырсақ» т.б.

Балалар бірнеше бөлікке бөлінген суреттер бойынша ертегінің мазмұнын айтады.

Орман ішіндегі аңдардың аттарын атайды.

Автор:
Кәрі еменнің түбіне,
Бір-біріне үңіле.
Айтысуға жиналды,
Жан-жануар біріге.

Аю:
Балпаң -балпаң басамын ,
Алты қырдан асамын .
Аю деген ағаңмын,
Аңшы көрсем қашамын .

Жолбарыс: Жолбарыспын жыртқышпын,
Бәрінен де мықтымын .
Ормандағы аңдарды,
Жайратып салар күштімін

Түлкі:
Мен түлкімін,түлкімін,
Тұнып тұрған күлкімін.
Бұлаң-бұлаң құйрығым, Текке өтпейді бір күнім.
Бәрің маған жетпейсің, Алдымнан кесе өтпейсің.
Менен басқа қуың жоқ,
Күніңді көріп етпейсің.

Қоян:
Әй түлкіжан мақтанба?
Сиқырланып ақталма .
Күшіңді сенің көрейін,
Қасекең келе жатқанда.

Автор:
Енді қасқыр мақтанды,
Өз деміне аптыға
Қорқып тұрған қоянды,
Тап беруге шақ қалды.

Қасқыр:
Мен көкжал қасқырмын, Малшыларды састырдым.
Аш болсам ұлимын ,
Ауылды торимын.

Қоян:
Қайшы құлақ қоянмын,
Ақшыл түске боялдым. Сықыр еткен бұтақтан ,
Елең етіп ояндым.

Тиін:
Мен тиінмін, тиінмін,
Асыл менің киімім.
Жүгіріп шығам ағашқа ,
Ұстатпаймын бір жанға.

Автор:
Табиғаттың баласы,
Болмас ағы,қарасы .
Тыңдап тұрсақ бәрінің,
Әңгімесі жарасты.

Рефлексиялық түзетушілік
Қорытындылау сұрақтары:

Ең айлакер аң................
Ең қорқақ.....................
Балды жақсы көретін............
Аң патшасы.................
Мысыққа ұқсайтын аң...........
Қораға шабатын аң..............
Ең ірі жануар .....................
Ең мойны ұзын...............
Үстінде тікенегі бар.........

-Балалар,біз орманға барып аңдар көрдік.Аңдар туралы біраз мағлұматтар білдік.Енді тобымызға қайтайық.

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрай отырып, мақтап, мадақтаймын.



(Түлкі)
(Қоян)
(Аю)
(Арыстан)
(Жолбарыс)
(Қасқыр)
(Піл)
(Керік)
(Кірпі)

Балалар поезд ұқсап бір-бірінің артынан тізбектеліп жүреді.

Алыс-алыс сапарға,
Поездбенен барамыз.
Сыйлық алып қашанда,
Біз көңілді қайтамыз.
Пуп-пуп,пуп-пуп паравоз,
Вагондарға жайғасқан,
Балалардың бәрі дос.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жабайы жануарлар туралы кеңінен түсінік білуі.

Нені игерді: Жабайы жануарлар қоян, тиін жыл мезгіліне сай тонының түсін
өзгертетінін, кей жануарлар қысымен ұйықтап көктемде
тұратынын, жануарларға қамқорлық керектігін біліп игерді.

Нені біледі: Тақырыпты түсініп, түсініктерін жеткізе біледі. Сұрақтарға
толық жауап қайтарып дидактикалық ойынды ойнай біледі. Тәрбие.орг сайтынан Ормандағы аңдар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жадыраева Гульназ Асанбековна

Пікірлер: 0

avatar