Ормандығы қыс

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 186
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22833


Тәрбиеші: Дарибаева Назигул Қунанбайқызы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұ.О.І.Ә: Тіл дамыту
Тақырыбы:Ормандығы қыс
Мақсаты: Балаларды сызба бойынша әңгіме құрастыруға , өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Қиялдарын,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Саусақ моторикасын дамыту. Қысқы орман туралы толық түсініктерін қалыптастыру.Тілдерін дамыту.
Биллингвалдық компонент: орман – лес, қыс – зима, қар – снег, шырша - елка
Кіріктірілген салалар: шығармашылық, таным,әлеуметтік орта
Кұрал-жабдықтар: слайд,сурет салынған плокат,таяқша,фишкалар, қиынды жануарлар бейнесі,салфетка қиындылары,қар.
Ұ.О.І.Ә барысы:
Тәрбиеші:Балалар қараңыздаршы бүгін бізге қонаққа апайлар келипті,Апайлармен амандасып алайық!
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші:Балалар қазіл жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың қыс мезгілі
Тәрбиеші:Балалар қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады екен?
Балалар: Ауа райы салқын болады.
Тәрбиеші:Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Қар жауады.Боран соғады.
Тәрбиеші: Ал, балалар қар қандай болады, білесіңдер ме?
Тактиль карточкаларымен жұмыс. Ұстап көру арқылы балалар қарға сипаттам береді.
-Қар жұмсақ болады.
-Қар салқын болады.
-Қар жылтыр болады.
Слайдпен жұмыс.Суретке қарап балалар әңгіме құрастырады.
1.Қысқы орманда шырша тұр.
2.Шыршаға қоян жүгіріп келеді.
3.Ол шыршаны ойыншықтармен безендіреді.
4. Қасқыр, аю,тиын, түлкі көріп шыршаға жақындайды.
5.Жануарлар аяз атаның қапшығын көреді.
Тәрбиеші: -Балалар қапшықта аяз атаның аңдарға арналған сыйлығы бар екен. Енді сол ойыншықтарды өзіміз ойымыздан құрастырамыз.Өйткені бізге қапшықта қандай ойыншықтар бар екені көрсетілмеген.
Балалар өз ойларымен таяқшамен ойыншықтар құрастырады. Әр түрлі ойыншықтар шықты. Аяз атаның аңдарға дайындаған ойыншықтарды түстеріне байланысты фишка таңдау арқылы анықтап,әңгіме құрастырады. (Аю(қоңыр фишка) робот сыйлығын алады, қоян (ақ фишка) үйді сыйлыққа алады.)
Сергіту сәті.
1,2,3,4,5
Ағаймен сурет саламыз
Міне басы, міне іші
Аяқтары, қолдары,көздері
Әдемі шаштарыда бар екен.
Балалар тәрбиеші салған «Ормандығы қыс»суретін қарайды.
Тәрбиеші:-Балалар қараңдаршы, мында нелер жетіспейді?
Балалар:-Орман аңдары жетіспейді.
Түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиын орман аңдарына сипаттама беріп кету.
Тәрбиеші: -Қандай аң?
-Қалай дыбыстайды?
-Қалай жүреді?
Балалар желім арқылы орман аңдарын суретке желімдейді, қысқы орманды толықтырады. Сурет бойынша Әңгіме құрастыру.
Тәрбиеші: Балалар қысқы орманда ауа райы қандай болады.
Балалар: Қысқы орманда қар көп жауады.
Тәрбиеші:Қараңдаршы балалар мында қарға көбірек қайсысы ұқсайды.(салфетка қиындысы, қарақұмық, бұршақ)
Балалар салфетка қиындыларын таңдайды. Салфетка қиындыларын желім жағылған суреттің үстіне себелейді.Оның үстін бүтін салфеткамен басып аламыз,содан соң кішкене сілкіп аламыз, Міне біздің «Ормандағы қыс» суретіміз дайын болды.
Тәрбиеші:Ал, енді балалар қараңдаршы мында не жетіспейді.
Балалар:Жасыл шыршы жетіспейді.
Тәрбиеші:Ал енді балалар көзімізді жұмып ауада адемі жасыл шыршамызды саламыз. Адемі, түлі түсті ойыншықтармен әшекейлеміз.
Жәй музыкамен балалар көздерін жұмын ауада шыршаның суретін салады.Осы сәтте тәрбиеші суретке дайын шыршаны жабыстырады.
Тәрбиеші:Ой балалар қараңыздаршы шыршамыз қандай әдемі шыққан. Жарайсыңдар балалар.
Қортынды:
-Балалар қар қандай екен?
-Орманда қандай аңдар тұрады?
-Орманда ауа-райы қандай болады екуен?
-Қыс мезгілінде қандай мереке тойлаймыз? Тәрбие.орг сайтынан Ормандығы қыс Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дарибаева Назигул Қунанбайқызы

Пікірлер: 0

avatar