Қоршаған ортамен танысу

  • Жүктеулер: 19
  • Көрсетілім: 3251
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18664


Қоршаған дүниемен таныстыру
1
Тақырыбы: Балабақша және мектеп.
Мақсаты:
1. Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру.
2. Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Іс-әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалар
дың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді. Балабақша туралы білетін өлең, тақпақтарын айтқызады. Сұрақтарға жауап береді. Мысалы, «Мынау - балабақша», «Аспаз ас дайындайды».
3. Мектеп ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу.
Сөздік жұмыс: меңгеруші, әдіскер, дәрігер, тәрбиеші, аспаз.
Балаларды балабақшаның мекенжайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатады. Әр бөлменің (спортзал, ән залы, асхана, дәрігер, кір жуатын орын, т.б.) қалай аталуы жөнінде түсінік беріледі. Балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің (меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, мейір бике, аспаз, кір жуушы, күтушінің) жұмыстары туралы әңгімелеу.
Ғ. Өкеевтің «Балабақша үйіміз»
өлеңін оқып беру. Балаларды балабақша ауласымен және балабақша айналасында орналасқан ғимараттар, мысалы, аурухана, дәріхана, дүкен, кітапхана, кинотеатрлармен таныстыру. «Мектеп» (авторы - М. Мақатаев), «Балабақша үйіміз» өлеңдерін (авторы - Ғ.Өкеев) дауыстап оқиды. Мазмұндарын түсіндіреді. Мектеп, мектепке адам не үшін баратыны, мұғалімнің кызметі туралы мағлұмат беріледі.
Әліппе-дәптермен жұмыс. Мектеп пен балабақша туралы әңгімелейді. Екі мекемені салыстырады. Қызметкерлерімен таныстырады.
Балалар тыңдайды.
Өз балабақшалары туралы әңгімелейді.
Сурет бойыншаәңгіме құрастырады.
Балабақша мен мектепте кімдер жұмыс
Қорытындылау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.
Өзін-өзі бағалау: Балабақшада кімдер жұмыс істейді? Олардың жұмыстары туралы әңгімеле.
Балабақша бөлмелері қалай аталады?
Аулада тазалықты сақтау үшін не істеу керек?
Гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қандай қамқорлық жасау керек?
Балабақша айналасында қандай ғимараттар бар?
Күтілетін нәтиже: балабақша және оның ауласы туралы түсінік қалыптастыру.
Білуі тиіс: балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуі тиіс.
Түсінігі: балабақша және мектеп тәрбие мен білім беретін мекеме екендігін тұсіну.
Көрсете білуі: сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу. Тәрбие.орг сайтынан Қоршаған ортамен танысу Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айнур Макишева

ШҚО Зырян қаласы "Қарлығаш" балабақшасы Табиеші

Пікірлер: 0

avatar