Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қорытынды сабақ
  • 15.11.2016
  • 166 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20039

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.

Күні:
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бағдарлама тарауы: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Қорытынды сабақ»
Мақсаты: жыл бойы өткенді қайталау. Геометриялық пішіндерді ажыратып, тура және кері санап, логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Қостілдік компонент: сиыр-корова, ағаш-дерево, тауық-курица.
Құрал жабдық: ойыншық мысық, қыз қуыршақ. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер.
қуыршақ, жалаушалар
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы.
(кіріспе бөлім) Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе
1.Психологиялық сәт:
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз.

- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Жылулық шеңберге тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады.
Жылы лебіздерін бір - біріне білдіреді.

Сәлеметсіз бе!
Іздену-ұйымдастырушылық.
(негізгі бөлім) 2Негізгі бөлім:
Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс - әрекеті, бұл күні біз жыл бойы не үйрендік соларды есімізге түсіреміз.
- Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын!» деймін.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Бір аптада неше күн бар?
Тосын сый:
Есік қағылады. Мақтақыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақтақыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақтақыз бен мысық балалармен амандасады.
- Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер?
Мақтақыз: - Балалар мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.
- Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба?
- Ал, енді балалар, Мақтақыздың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік, олай болса теледидарға назар аударамыз.
/теледидардан ертегі кейіпкерлерін тамашалап, естеріне түсіреді./
- Өте жақсы балалар.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер соны шешіңдер,
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
- Дұрыс сиыр. Сиырды орысша - корова дейміз.
- Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық.
1 - ден 5 - ке дейін сандарды тура және кері санау.
/теледидардан сандарды көрсету/
- Енді мысық сиырдан кейін неге барады екен оны осы жұмбақтын шешімі айтады?
Жазда жатсаң,
Көлеңкесіне алады.
Қыста жақсаң,
Жаның рахат табады.
- Дұрыс жауабы ағаш.
- Ағашты орысша дерево
- Ағаштың тапсырмасын тыңдайық.
- Пішіндерді атаңдар, түстерін ажыратыңдар.
- Енді құстарға қамқорлық танытып алдарындағы геометриялық пішіндерден құстарға ұя құрастырайық.
Мысық енді кімге барады?
Қыздардың тапсырмасы:
«Сұрақ - жауап»
1. Бағдаршамның неше көзі бар?
2. Қолғапта неше саусақ бар?
3. Адамда қанша көз бар?
4. Жұлдыздың неше көзі бар?
5. Аспанда неше күн бар?
6. Бір жылда неше мезгіл бар?

2.1. Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Алақанды соғайық,
Алға қарай бір адым.
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Қыздардан кейін мысық қайда барады?
Дүкеншінің тапсырмасы:
«Тез ойлап тап!»
Есеп:
1.дүкеншіде 5 жұмыртқа болды, біреуін жарып алды. Дүкеншіде неше жұмыртқа қалды?
2. Ермек дүкеннен 3 алма алды, жолда 1 - ін жеді, Ермекте неше алма қалды?
3. Ұлжан дүкеннен үш алма сатып алды. Алманың 1-ін Дильназға, тағы 1-ін Мединаға берді. Ұлжанда қанша алма қалды?
- Балалар мысық дүкеншіден кейін кімге барады?
- Тауықты орысша курица дейді.
Тауықтың тапсырмасы:
«Адасқан сандарды тап»
Доп - 1, алма - 2, сәбіз - 3, саңырауқұлақ - 4, пирамида - 5.
- Балалар мысық тауықтан соң, кімге барады?
Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар.
Өзі егін екпейді,
Егістен ұзап кетпейді.
Қарны ток, қайғысы жоқ,
Мысық қуса жетпейді.
- Тышқанды орысша мышь дейді
Тышқанның тапсырмасы:
«Суретте не жетіспейді?»
- Балалар, мысық сендердің көмегімен Мақтақыздың барлық тапсырмасын орындады.
- Міне Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді. Сөйтіп екеуі дос болыпты.

Көктем мезгілі.
3 - ай.
Наурыз, сәуір, мамыр.
7 - күн.

- Иә, көмектесеміз, орындаймыз.

Теледидардан ертегі кейіпкерлерін тамашалайды.

- Сиыр.

- Сиыр - корова

1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санайды.

- Ағаш.

- Ағаш - дерево

Пішіндерді атайды, түстерін ажыратады.

Геометриялық пішіндерден құстарға ұя құрастырады.
- Қыздарға.

- 3
- 5
- 2
- жұлдызда көз болмайды.
- 1
- 4

Сергіту сәтін жасады.

Дүкеншіге барады.

Балалар жауабын айтады.

- Тауыққа барады.
- Тауық - курица.

- Тышқан.
- Тышқан - мышь.

Балалар мысықтың суретін аяқтайды. Құйрығын салады.
Рефлексивті-қортындылау.
(Қорытынды) Балалар бүгін біз іс - әрекетімізде қандай сандарды қайталадық?
Қандай геометриялық пішіндерді еске түсірдік?

- Бізге қонаққа қандай ертегінің кейіпкерлері келді?

Біз мысыққа көмектесіп түгел тапсырманы орындадық па?
Балаларды мақтау, мадақтау.
Іс - әрекетіміз аяқталды.
Сау болыныздар! 1 - ден 5 - ке дейін.

Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш.

«Мақтақыз бен мысық»ертегінің кейіпкерлері келді.
- Иә.
Балалар қуанады.

- Сау болыңыз!

Болжамды нәтиже:
Білуі керек: 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату;
Қалыптасқан әдет: түстер туралы ұғымы, түсінігі қалыптасады.;
Істей біледі: сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды. Тәрбие.орг сайтынан Қорытынды сабақ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Смагулова Шолпан Кабыкеновна

ШҚО Семей қаласы КМҚК мектепке дейінгі "Балауса" шағын орталық Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: sholpsh
Көрсетілім: 166 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar