Қош бол, құтты әліппем!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 258
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21664


Тақырыбы: «Қош бол, құтты — «Әліппе» Тәрбие сағаты
Мақсаты: 1) Білімнің сара жолы әліппе екенін, әліппеден оқып үйренген білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2) Алғаш әріпті үйреніп, қолына қалам алып жаза білуінүйреткен әліппемен қоштасу.
3) Білім берер ордасы – мектепті, ұстазды құрметтеп, ата-аналарды сыйлай білуге және оқушылардың білімге құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен балалық шақ» фотомонтаж. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып. Кіріспе сөз:
Тәрбиеші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда, адасқанда
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда,-деп
Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солды танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйреткен – бұл, қолдарына алғаш рет ұстап, бетін ашып оқыған кітаптары «әліппе» екені бәрімізге мәлім.
Әліппе кітабы білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше, Бүлдіршіндеріміздің және ата-аналарымыздың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, әліппе» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
Бесіктегі баланың,
Күлгенің көрген-бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенің көрген бір мұрат,
дегендей әжелеріміздің шашуымен әліппемен қоштасқалы отырған түлектерімізді ортаға шақырайық.
Толқимыз, толқып тұрсың баршаңыз да,
Мұндай күй болған шығар баршаңызда.
Қол соғып қошеметтеп ортамызда
«Балдәурен» бүлдіршіндері ортамызда.
Музыка әуенімен Слайд.
Биыл тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жыл мерейтойымен бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттағаны тұспа-тұс келіп тұр. 1986 жылы желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаевтарды тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.
Әнұран
Қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға және ата-аналарға өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерді ортаға шақырайық.
I жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаз қауым қымбатты.
II жүргізуші:
Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
I жүргізуші:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер
Бүгін міне, әліппемен қоштасып
Азамат болды, кешегі сәби-еркелер.
II жүргізуші:
Өсті міне бойлары
Өсті міне ойлары
Қуанышқа ортақпың
Құтты болсын тойлары.
I жүргізуші:
Шашу шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Ендеше, сонау алыс жақтан бүлдіршіндерге арнап өздерінің ән шашуын ала келіпті.
Әжелер тобы. «Қазағым менің»
Ұстаздар, I, II жүргізуші сөзі.
II жүргізуші:
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.

Ата-апа атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Қоштасқалы тұрсың сен
Жақын келші әліппе.
(әліппені хормен шақырамыз )

Білім-оймен арымыз
Рухани нәріміз
Әне, әліппе келеді
Қол соғайық бәріміз.
(әліппе ортаға шығады)

Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар ата-ана,
«Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға»
— Балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге әрі қарай білім беретін «Ана тілі» және өздерінің оқып жүрген пәндерін…

Әліппені сыйлаймыз
Қоштасуға қимаймыз
Бізбен бірге отырып
Ән шашуды тыңдаңыз.
(«әліппе» әні орындалады)

Ең алғаш алғанымда «әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.

Гүлге толып жан-жағым
Асыр салып жүгірдім
Өсті талап-талғамым
Көп нәрсенә ұғындым
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді.

Әліппемен аштым өмір есігін
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзеңге шомылып
Жаттап өттім ұстазымның есімін.

Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдар алтыннан
«Әліппе» білім бесігі

«Әліппем» менің «әліппем»
Сені алып қолға мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Алғаш рет өзіңнен
Білім алды балалар
Оқу сырын өзіңнен
Ұғым алды балалар.

Күндерге күн ұласты
Жылжып-жылжып жыл асты
Ойдағыдай бітірдім
Мен әліппе сабақты.

Бар әріппен достасып
Бала болдым, жол білдім
Әліппемен қоштасып
«Ана тілге ендім мен»
I жүргізуші:
Көп, рахмет балалар, қандай әдемі өлең шұмақтарын оқыдыңдар! Енді, өздерің жақсы көріп сыйлайтын, сендерді өз баласынан кем көрмей, оқуға және жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз, мұғалім мектептің жүрегі – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Келесі жырларды Ұстазға арнайық.
Хор «Мұғалім ол біздің»

Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып
Әліппемен қоштастық.

Қолыңа тұңғыш қалам ап
А әрпін алғаш жазарсың
Білі ал А-ны саралап
Б-сына көзді саларсың.

Болды кезім ұқпаған
Болды кезім мақтаған
Болды кезім ұстаздың
Ойынан дәл шықпаған.

Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар «әліппең»
II жүргізуші:
Балалар сендердің жамандықтарыңды жасырып, жақсылықтарыңды асырып жүрген ата-аналарын қатарларының теңі болып, көйлектері көк, тамақтарын тоқ болулары сол кісілердің арқасы. Ендеше осы ата-аналарымызға да лебізімізді білдірейік.

Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба
Б тұрады үшінші
Ал осының
Сыры неде түсінші.

А деген ол –
Аналар ғой ардақты
Ә деген ол –
Әкелер ғой ардақты
Б деген ол –
Балалар ғой әдемі.

Алшақ кетпей
Сондықтан да
Тұрады олар
Алфавиттің басында.

Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
— Жарайсыңдар балғындар. Сендерге рахмет. Ана тілін сүйіңдер, осыған бас иіндер.
— Ал, балалар өнерлеріңізді тамашаладым, өте жақсы.
— Менің басқа да баратын жерлерім бар. Талаптарына нұр жаусын демекпін.
(сыйлығын береді, ертеңгілік соңынан мұғалімнің табыс етуі сұралады)
Қош бол, сүйікті «әліппем» (Хормен)
I жүргізуші:
Қош бол құтты әліппе
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
II жүргізуші:
Жаңадан келген достары
Өнерлі болар достарың
Ортасында жүре бер
Аман болсын бастарың.
Хормен: Әліппемен қош айтысып қаламыз
I жүргізуші:
Ертегілер әлемі
Қазір бізге келеді
Балалар бірігіп
«Мақтақызды» айтып береді.
( «Мақтақыз бен мысық ертегісі»)
I жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қоямыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
II жүргізуші:
Қол жаяйық халайық
Бата тілеп алайық
Ертеңгілік кешінің
Пердесін осымен жабайық.
Соңы. Тәрбие.орг сайтынан Қош бол, құтты әліппем! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Маметалиева Венера Мырзалықызы

ОҚО Шымкент қаласы №60 "Тараз" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar