Қош келдің Жаңа жыл!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 205
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 31/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21432


Жамбыл облысы.Т.Рысқұлов ауданы «Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі Мансурова Амина Шакиртовна

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ!
ертеңгілік
Қатысатын кейіпкерлер:
Аяз ата Ақшақар Қоян Тауық жылы
Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар. Кірсең кештің сәні бар. Салайықшы шарықтап. Жаңа жылдың әніне Ал ағайын тұрмайық Жаңа жылды жырлайық

Құрметті ата-аналар,балалар.Сіздерді келе жатқан 2017ж Тауық жылымен құттықтаймын.Сіздерге келе жатқан жаңа жылымыз ырыс-құтын,молшылық әкелсін деп Құттықтай отырып,сөз кезегін «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Торланбаева Н.А сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Балалар біздің ортамызда тұрған шыршамыздың шамдары жарқырамай тұр.Олай болса бізге шыршамыздың шамын жағуымыз керек.Ол үшін,біз аяқтарымызды топылдатуымыз керек,әдемі,қолымызбен шапалақтауымыз керек.Бәріміз «шырша,шырша жан» дейік (Сол кезде шырша шамы жағылады)
Осы кезде ортамызға музыка әуенімен билеп Ақшақар келеді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдерме балалар!Мені сендерге Аяз аталарың жіберді.Өзі сендерге сыйлық алуға кетті.Қазір сыйлығымен келіп қалады.Ол кісі келгенше өлең айтып,би билейік. Жүргізуші: Олай болса бәріміз «Жаңа жыл жырын» айтайық.
Ақшақар: Қыздар мен сендермен бірге ұлпақарлар биін билегім кеп тұр.
Би. «Ұлпақарлар » Осы кезде Қоян келеді.
Қоян: Балалар сәлеметсіңдерме.Мен сендердің шыршаларыңды көргім кеп тұр.Көруіме болама.Мен сендермен ойын ойнаймын.Қане мен сияқты секіріңдерші,мен сияқты шапалақтайықшы.мен сияқты айналыңдаршы.
/балалар қоянның жасаған қимылдарын жасайды./
Балалар сендер менімен бірге қояндар биін билейсіңдерме.
«Қояндар»биі

Жүргізуші: балалар естисіңдерме Аяз Атамыз келе жатқан сияқты./осы кезде музыка ырғағымен Аяз Атамыз бен Тауық жылы келеді.

Аяз Ата: Амансыңдарма балалар!
Қандай жарқын жүздерің.
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан.
Мен келдім алыстан.
Балалар мен сендерді Жаңа жылдарыңмен құттықтаймын, тауық жылын ала келдім.
Тауық жылы: Қыт-қыт-қыт.Сәлеметсіңдерме балалар,қонақтар! Мен сендерге берекелі де мерекелі жыл болып келдім.Сендерді көргеніме қуаныштымын.Сендер менің кішкентай балапандарым сияқтысыңдар.Менімен бірге билеп, ән айтасыңдарма.
Ән: «Балапан» әні.Орындайтындар: Нұрасыл.Сартай.Мейіржан
Би: «Шөжелерім»
Аяз Ата: Балалар қане мен сендердің тақпақтарыңды естігім келіп тұр.Қане кім тақпақтар біледі.
Тақпақтар:
Мейіржан: Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр

Мөлдір: Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағынған Қандай әсем шыршамыз

Інжу: Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын
Төрле,төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын

Нүралі Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже.әке-шеше
Қүтты болсын Жаңа жыл!

Нүрасыл: Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды Майысады жас қайың Көтере алмай жас қарды

Сартай: Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр

Нүржайна: Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр

Аруназ. Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Сақалының ұзынай
Кесіп алсам шіркінай

Дильназ. Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған

Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар!Ал балалар қааір сенермен «Қатып қал» ойынын ойнаймыз.
Ал,балалар енді менімен бірге билейсіңдерме.Олай болса,бәріміз бірге би билейміз.
Би: «Новогодние игрушки»

Аяз ата: Балалар өте керемет билеп,керемет тақпақтарыңды айттыңдар Рахмет.
Ал,енді мен ата-аналармен ойын ойнағым кеп тұр.
Ата-аналармен ойын: «Флешмоб» биі
Жүргізуші:Ал,құрметті ата-аналар енді біздің балаларымыздың Жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз осымен соңына жетті.
Құрметті ата-аналар,балалар, Жаңа жыл құтты болсын дей отырып сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Аяз ата сізге көп-көп рахмет!Енді біздің балаларға арналған сыйлықтарыңызбен қуантыңыз.
Ертеңгілік соңында балаларға сыйлық таратылады. Тәрбие.орг сайтынан Қош келдің Жаңа жыл! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мансурова Амина Шакиртовна

Жамбыл облысы.Т.Рысқұлов ауданы. "Балауса"балалар бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar