«Қош келдің, жаңа жыл!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 218
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22690


МКҚК «КҰЛЫНШАҚ» балабақшасы

Мерекелік ертеңгілік
Тақырыбы:«Қош келдің, жаңа жыл!»

Орындаған:Хожебаева Г
Тексерген: Қаржаубаева М

2016-2017жж
Кейіпкерлер:Маша,түлкі,қонжық,ақшақар,аязата,сыйқырщы.
Жүргізуші: Тілейміз біз бар әлемде,
Дос көп болсын жанашыр.
Ата-әже , ата - әже,
Құтты болсын , Жаңа жыл.
Тілейміз біз бар әлемде ,
Жаңа бақыт,жаңа жыл.
Әкем -анам,әкем-анам
Құтты болсын , Жаңа жыл.
Тілейміз біз бар әлемде,
Болсын дейміз тыныштық.
Тәрбиеші апайларымызды
Құттықтаймыз тым ыстық.
(балалар келіп шыршаны айнала тұрады)
(музыка қосылады Сиқыршы айналып кіреді )
Сиқыршы:Жаңа жыл келді
Азаймасын әнмен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді
Тезірек,тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталды жаңа жылдық карновал
Маска да бар,биде бар,асығыңдар
Басталды,басталды,жаңа жылдық карновал
Сиқыршы:Бәрекелді:жарайсыңдар.
Қараңдаршы,айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз.Бірақ шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның өмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант бізді , таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!3-рет
(Шырша шамы жанады,айқайлап қол соғады)
Жүргізуші: Келіңдер балалар тұрайық,
Шыршаға ән шырқайық.
Ән: "кішкентай шырша"
Жүргізуші:Ендеше, шыршамыға тақпақтарымызды айтайық.
Нұрай:Жаңа жылды тойлайық,
Күліп , билеп ойнайық .
Аязата қуансын деп,
Дөңгеленіп , зырлайық.
Кәусар:Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз,
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Естай:Әппақ,әппақ,қар әппақ
Қар жамылған дала әппақ.
Қырау-қырау тал әппақ
Айналамыз бәрі әппақ
Ануза:Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Жаңылсын:Жасыл шырша жайнаған,
Жарқыраған нұр екен.
Қандай ғажап айнала,
Құлпырған гүлмекен.
Даниал:Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көпте күтіп сағынған.
Нұрислам:Өлең де әзір,әнде әзір,
Ойында әзір, бәрі әзір.
Кел, жаңа жыл , біздерге,
Кел , жаңа жыл , жаңа жыл.
Жүргізуші:Балалар, айтыңдаршы жаңа жылда әрдайым біз кімді тосамыз?
Қанекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата , аяз ата, аяз ата, Ақшақар Ау-у-у-у 3-рет
Аю:Сәлеметсіңдерме балалар!Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатта айқай шу,тасыр-тұсыр шошып ояндым.Не болып қалды деп сұрап едім,барлығы тек жаңа жыл келіп қалды , Машаны іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші:Балалар бұл кім?
Балалар:Аю
Жүргізуші:Иә балалар бірақ біз Аяз атаны шақырдыққой, аюды емес
(осы кезде Маша келеді шыршаға таңырқап)
Маша:керемет(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады.Аю шауып келіп қоянды құшақтап алады.)
Аю:Әрең таптымғой,сені қасқыр жеп қойған шығар десем(деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші:Тоқтаңыздар , кетпеңіздер , бізбен болыңыздар!
Балалар шыршамызға Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді.Балалар кәне шақырайықшы. 3-рет(әуенмен аяз ата мен ақшақар келеді)
Аяз ата: Құтты болсын,балалар,
Келген жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Өткен жылы келіп ем.
Бәріңді де көріп ем,
Уәдемді беріп ем.
Ойларыңмен бойларыңда,
Бірдей өсіп қалдыңдарма.
Ал,мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдарма.
Ақшақар: Сәлеметсідерме , балалар,
Жаңа жылдарың құтты болсын.
Сүйсініңдер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Қалай тыныш жатпақпын,
Менсіз қыстың сәні жоқ.
Әнмін,жырмын,тақпақпын.
Жүргізуші:Қош келдіңіздер!Аяз ата , Ақшақар алыс жолдан келдіңіздер.Әсем ән де , би де бар.Отырыңыз ата , сәл демаыңыздар!
Би:"Шөжелер"
Тақпақтар:
Айару:Что растёт на ёлке
Шишки до иголки
Разноцыетные шары
Не растут на ёлки
Расулла:Қараңыз мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Аяз ата,Ақшақар,
Би билеп жүр балаша.
Би:"Ұлпақарлар биі"
(Әуемен түлкі кіреді)
Түлкі:о-о-о мыналарды қара.Аяз атадан сыйлық алмақшы. Хи-хи-хи Аяз ата сізге өлең айтайынба?
Аяз ата:Айтағой түлкішек.
Түлкі:Ананы да алдым,
Мынаны да алдым.
Мен түлкімін айлакер,
Аяз ата сыйлық бер(деп қолын жаяды)
Қасқыр:Ах,түлкішек жүрттың бәрін алдап енді атаны алдайсың ба?
Кет әрі Аяз атаға әндім мен айтамын.
Мен қасқырмын,қасқырмын,
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде,
Қозы етін жемесем
Ахо-хо-хо
Ақшақар:Ата аналармен ойын
Ән:"Шыршаға бардық"
Ертегі:"Бауырсақ"
Жүргізуші:Аяз ата , Ақшақар біздің балаларымыздың сыйлығын қашан берсіздер?
Аяз ата:Ой-буй ұмытшақ басым-ай, әрине қазір. Жарайсыңдар балалар!Мені бүгін бір қуантып , алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер!
Жүргізуші:Жаңа жыл мерекесінде баршаңызға жазсылық тілейміз!Осымен "Қош келдің Жаңа жыл" атты ертеңгілігіміз аяқталды , қош сау болыңыз! Тәрбие.орг сайтынан «Қош келдің, жаңа жыл!» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хожебаева Гүльнара Мухамметалиевна

Пікірлер: 0

avatar