Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бала дамуындығы маңызы

  • Жүктеулер: 18
  • Көрсетілім: 1389
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20346


Жоспары:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім
Мектепке дейінгі ұйымдарда патриоттық тәрбиені ұйымдастыру және оның маңызы
Мектепке дейінгі ұйымдардағы патриоттық тәрбиенің заманауи әдістері мен ұйымдастыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Бала тәрбиесіне халқымыз аса зор көңіл бөлген. Болашақта өзіне сенімді әрі білімді де тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды кішкене күнінен тек жақсылыққа тәрбиелеп,отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулуымыз керек.
Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп көрсеткен. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным-сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болып есептелген. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін . Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кіреді. Демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. «Патриоттық тәрбие – тұлға бойына негізгі рухани құндылықтарды қалыптастыру
Отансүйгіштікке тәрбиелеу –балалардың бойында кіші отанға деген сүйіспеншілік сезім, ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарау, өз халқына деген мақтаныш сезімінің қалыптасуы (аз халық болса да). Дәстүрлі халықтық мәдениет ұлттық мәдениеттің негізгі бөлімі дей келе, халықтық дәстүрлер өмірді түсіну мен бағалауда негізгі орын алатынын еңбектерге талдаулар жасау арқылы нақтылайды. Ерлік-патриоттық тәрбие – ата дәстүрлердегі ерлік құндылықтарды бағалай білу, оған деген мақтаныш сезім, әскери мамандықтарды, айрықша тарихи күндерді насихаттау. Тарихи күндерді насихаттау, ұлы адамдардың өмірін таныстыру арқылы оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыруда негізгі орын алады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады.
Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие-білім беру үдерісінде патриоттық тәрбие берудің бала дамуында маңызы зор екендігін тусіндіру
Күтілетін нәтиже: - педагогтардың педагогикалық шеберлік деңгейін және мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы білім беру қызметін арттыру

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мектепке дейінгі ұйымдарда патриоттық тәрбиені ұйымдастыру және оның маңызы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк «Бiлiм» бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты – «Қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру» – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр. . Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру ұйымы. Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық тәрбиелеу мақсаты – қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды.
Патриоттық тәрбиенің міндеттері төмендегідей: - білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; - балалар мен жастарды отансүйгіштікке, зиялылыққа , мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; - өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т. б.
Әр мектепке дейінгі мекемеде отансүйгіштікке тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
рухани-адамгершілік,
-әлеуметтік,
-эстетикалық,
-өлкетану,
-еңбек,,
-отбасылармен бірге жұмыс істеу.
Осы жұмысты жүзеге асыру үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмысты тәрбиеші ата-аналармен бірге ұйымдастыруы қажет.Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындау керек:
-балаларды өз отбасын,балабақшаны,көшені ,қаланы сүюге,табиғатты аялауға тәрбиелеу;
-балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба,ту,әнұран);
-елінің,халқының,қаласының жетістіктерін мақтан тұту,жауапкершілік сезімін дамыту;
-басқа ұлт өкілдерін сыйлау,олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін қалыптастыру;
-еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;
-ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру;
-Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету.

Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: - ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау; - табиғатқа қамқорлықпен қарау; - еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу; - қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау; -мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүіспеншілікке тәрбиелеу. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл − қазақ болуымыз үшін, дін − адам болуымыз үшін, салт-дәстүр − ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш-сүйініштен бөле- жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық – қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері - мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады.
Балалардың бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптар айқындалды:
- балабақшадағы және топтағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық;
- топтың алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;
- Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, мазмұнының балалардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен балалардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;
- балалардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;
- балалардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, топтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;
- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдары қолданған жөн жеп есептейміз . Бірақ осы әдісті бір жүйеге келтірген жөн. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын көрсету керек.
Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін ұйымдастыруға болады.
Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардыңана тілдерін мемлекеттік рәміздерін құрметтеу . өз туған қаласының тарихы. оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін қалыптастырудан бастадым
. Балалардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың қайнар көзі – қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, табиғат ерекшеліктері мен табиғат ресурстары туралы түсініктері, ел экономикасының даму заңдылықтарымен қазіргі жаһандану кезеңіндегі даму деңгейі, мемлекеттік рәміздер сияқты ерекшеліктеріміздің психологиялық-педагогикалық мәнін зерттеп, өзіндік қайталанбас белгілерінің негізінде патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Соның мысалы ретінде өздеріңізкөріп отырғандай «Ер есімі ел есінде» «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» «Сайыпқыран сарбаздар «Мемлекеттік тіл − менің тілім! атты ашы қертеңгілі өткіздім.
Ондағы мақсатым:. Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу
(Өздеріңізкөріпотырғандайслайдкөрсетіліптұрады)
Осылайша болашақтың тұтқасын ұстар жасөрендердің бойына тәрбиенің құнды дәнегін сепкімкеледі. Балалардыңі зденімпаз, жаңалыққа жанықұштар, қоғамдық іс – шараларда белсенділікпен қатыса отырып шығармашыл болып қалыптасуына, туған тілінде сөйлеп, отанын, туғанелін, туған жерін сүйе білуге титтейде болса өзықпалымды жасай алсам–ол менің үлкен жетістігім. Ал менің осы жетістігім келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін.
Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәтте тоқтамайсоғады, демек олтуған жерініңауасын, табиғатынсүйеді. Ал олжүрек–менің өмірім, меніңОтаным. ЕліміздіңӘнұранын айтуға даярланған сәттеменде ерекшесезім пайда болады. Тіпті сөзбенайтып жеткізеде алмастаймын. Өнбойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жаскеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» - делінген. Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақкөз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек». Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім. Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар ұяты мол елжанды болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрпына, салт- дәстүріне арқа сүйейді. Патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім болып табылады. Отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бала бақшадағы білім мен тәрбиеге байланысты .
Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. «Патриотизм, — дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, — Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз — мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі куні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешеғіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтің міндеті.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. Алматы, 2004
2. Әбентаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, «Дарын». 2004
3. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы. Оқу құралы. Алматы, 2007
4. Бабаев С.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. Түркістан, 2010.
5. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы, 1995ж.
6. Ушинский К.Д. Педагогика. Алматы: Ана тілі. 1992 ж.
7. Майғаранова Ш, Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу-әдістемелік кешен. Алматы, 2006.
8. Калиев С., Майғаранова Ш., Иманбаева С., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. Алматы «Рауан», 1999. Тәрбие.орг сайтынан Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бала дамуындығы маңызы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жүнісова Акмарал

Қызылорда облсы Қазалы ауданы №234 мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar