Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Отаным-Қазақстан,отбасы-балабақша!
  • 30.03.2016
  • 496 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18273

Отаным-Қазақстан,отбасы-балабақша!
Мақсаты: Балалар мен ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Күш-қуат пен сергектілікті дамыту.
Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Бүгін біздің ортаңғы «Лалагүл» тобында үлкен мереке.1-желтоқсан Президент күні мерекесіне орай біздің балаларымыз бен ата-аналары арасында спорттық жарыс өткізіледі.
Тақпақ:
Ән ұран орындалады.
Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай топтарға тек сәттілік тілейміз! Қошеметпен сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырайық. Екі топтың қатысушылары музыка әуенімен ортаға шығады.
1-топ «Қыран»
Ұрандары:Тәуелсіз Отан төрінде,
Қырандай самғап ұшамыз.
2-топ «Тұлпар»
Ұрандары:Тәуелсіздік төрінде,
Тұлпардай жүйрік боламыз.
(Күлдіргіштер асығып келіп кіреді,амандасады,1-желтоқсан мерекесімен құттықтайды ,жарысқа қатысқысы келетіндерін айтады)
Күлдіргіштер:Үлкенгеде сіз деп,
Кішігеде сіз деп.
Бәріңізді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Жүргізуші :Жарысар алдында денемізді қыздырып алайық.
Жүру,жүгіру,секіру,еңбектеу жаттығулары.
Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Жарыстың біз алдында,
Биден шашу шашайық.
Ересек топ тәрбиеленушісінің орындауында «Қазақ биі»
Жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай-деп
бүгінгі сайысты бастаймыз:
1.«Кім жылдам» сайысы.
Шарты:Кедергілер арасымен доппен секіріп барып,сюжетті сурет салу.


Жүргізуші: Қалма жүрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда
2. «Ептілер»
Шарты: Төрттағандап еңбектеу,кедергілердің астынан еңкейіп өту,кері домалап келу.
Жүргізуші: Кімдер жүйрік
Өнерпаз білейікші
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.
3.«Орынынан құлат» сайысы .
Шарты:Допқа дейін баланы арқалап барып,допты бағандарға домалату.
Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік.
Достық деген тамаша
Міне тұрмыз жараса!
Көрермендермен ойын: «Өз тобыңды тап»
Сайысымызды жалғастырайық
Жүргізуші: Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайық
4 «Кедергіден өту» сайысы.
Шарты:Қаппен секіріп келіп ,кері қапты жалғастыру.
5. «Қырықайақ» сайысы.
Шарты:Орындарынан кедергіге дейін бару,келу.
Ата-аналармен ойын: «Иық тіресу»
Жүргізуші: Жарқын,шаттық заман болсын
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашан орта толсын
Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау,күлдіргіштермен естелікке суретке түсу.
Осымен сайысымыз аяқталды. Тәрбие.орг сайтынан Отаным-Қазақстан,отбасы-балабақша! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муканова Айша Закуовна

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 МДБҰ Балабақшадағы дене шынықтыру нұсқаушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 496 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar