Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Отаным, Туған жер
  • 29.02.2016
  • 637 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16840

Білім беру саласы: Таным
Білім бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:”Отаным, Туған жер”

Мақсаты:Туған елі-Қазақстанға,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,Қазақстан Республикасының Тіуелсіздігі күні мерекесі туралы түсінік беру.Балалардың сөздік қорын молайту,есте сақтау қабілетін дамыту.Балалардың халқына,ұлтына деген сүйіспеншілік,мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.Туған жеріне,табиғатына қамқорлықпен,құрметпен қарау.

Көрнекі құралдар:Көгілдір Ту,Ән ұран,Елтаңба,Елбасының суреті.
Сөздік жұмыс:Елтаңба,Ән ұран,Отан,Елбасы.
Билингвальды компонент:Отан-Родина, Ту-Флаг

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Рефлексиялық түзетушілік.

Шаттық шеңбері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұраны орындалады.
”Менің елім”

Сөзі:Нұрсұлтан Назарбаев,
Ж.Нажмеденов.
Әні:Шәмші Қалдаяқовтікі

-Балалара,біз қандай өлең айттық?
-Ән ұранды қалай айтамыз?
-Жарайсыңдар балалар,
Бұл ән мемлекеттік ән ұранымыз екен.
-Балалар,Республикамыз қалай аталады?Біздер қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан қандай Респулика?
-Біздің елімізді басқарып отырған президентіміз, елбасы кім?

-Еліміздің астанасы қалай аталады?
-Ұлтымыз кім,тіліміз қандай?
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.
-Айбынды елтаңбамыз бар.
-Мағыналы ән ұранымыз бар.
-Мынау-Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.Қазақстанның Туы көгілдір және алтын түсті.Тудың ортасында қыран және бүркіт бейнеленген.Көгілдір түс-бейбітшіліктің,ашық аспанның белгісі.Күн-бейбітшілік белгісі.Қыран құс –еркіндік белгісі.Күн, қыран және ұлттық өрнек алтын түсті.Алтын түс-молшылық пен байлықтың белгісі.

Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. ”Тәуелсіз” сөзі «еркін» деген мағынаны білдіреді.Тәуелсіз мемлекетімізде өз туымыз,елтаңбамыз,ән ұранымыз бар.

Елтаңбасы елімнің
Неткен ғайбат әдемі
Тұнығындай көлімнің
Ортада аспан әлемі

-Жарайсың Бауыржан.
Бұл біздің елтаңбамызға арналған.

Қазақстан-біздің туған жеріміз,ата-мекеніміз.
Қазақстанның жер қойнауында көптеген пайдалы қазбаларға барынша бай.Республикамызда жүзден артық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады,олардың барлығы да Қазақстанның тең құқықты азаматы.
Әр ұлттың өзінің ұлттық киімдері бар.Біздің ұлттық киіміміз міне мынау.Қазақтың ұлттық оюлары мен әшекейленген. Ұлбаланың киімі басында бөрігі. Міне бұл қыз баланың киімі-қазақша көйлегі және басында әшекейленген сәукелесі бар.
Қазақстан біздің ортақ мекеніміз.

-Балалар,Отан,туған жер туралы кім мақал-мәтел айтады?

Алуа:Отан елдің анасы.

Асқар:Отан оттанда ыстық.

Ердулет:Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
-Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар, биыл біздің Тәуелсіз елімізге 24жыл толып отыр екен.24 жыл аз уақыт емес. Осы жылдардың ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетіп жатыр екен.
-Балалар,қане әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейікші.

Сергіту сәті.
Қане,қане тұрайық.
Киіз үй біз құрайық
Оң қолымды көтердім
Уықты мен көтердім
Сол қолымды көтердім
Уықты мен мықтадым
Киіз үйді тұрғыздық
Жұмысты біз тындырдық.

Жарайсыңдар, балалар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазаұстан халқына жақсылық болсын,әрқашан да бейбітшілік болсын-дейді және барлық халықтарға ақыл-кеңес береді, -екен балалар.

-Балалар біз қандай елміз?

-Елбасымыз кім?

-Тудың түсі қандай?

-Біз қандай ұлтпыз?

Жарайсыңдар,балалар.

Балалар бір-біріне жылулық,мейірімділік және жүрек жылуын сыйлайды.

-Әнұран.
-Оң қолымызды жүрек тұсына қойып айтамыз.

-Қазақстанда тұрамыз.

-Тәуелсіз Республика.

-Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Астана қаласы.
-Қазақ,Қазақ тілі.

-Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.

-Тәуелсіз елміз.

-Н.Ә.Назарбаев

-Көгілдір.

-Қазақ.

Күтілетін нәтиже:
1.Біледі: Қазақстан Республикасынын Тәуелсіз мемілекет екенін.
2.Игереді: Түрлі ұлт өкілдерінің тұратынын.
3. Меңгереді: Елбасымыз кім және елді қалай басқаратынын білді. Тәрбие.орг сайтынан Отаным, Туған жер Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байділда Перуза

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті «Таукент гүлдері» балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: bagila_arginbaeva
Көрсетілім: 637 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar