«Поездбен саяхатқа шығу»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 269
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 13/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21719


Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Денсаулық Қатынас Таным Шығармашылық
Тақырыбы: «Поездбен саяхатқа шығу».
Мақсаты: - саусақ қозғалысын дамыту;
-геометриалық пішіндермен және түс туралы білімерін бекіту;
-жануарлар мен олардың балаларын және дауыстарын айыра білу;
-кішкентай, үлкен ұғымдарын айра білу;
-қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу, сөздік белсендігін дамыту;
-жемістер мен көкөністерді айра білу дағдыларын бекіту.
Қажетті құрал-жабдықтар: Слайд, жемістер мен көкөністер муляжі,ойнышық, геометриялық пішіндер.
Билингвальді компонент: аю-медведь, жемістер-фрукты, көкөністер-овощи.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: балалар, бүгін бізге қонақтар келді, қәнеки біздер олармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсізбе!
Тәрбиеші: Ал енді бір-бірімізге аман-саулық тілейік! Сәлеметсізбе!
Ал енді балалар біз сендермен саусақ ойынын ойнаймыз. Қәнеки балалар қолдарынды дайындайық.
Тик-так,тик-так,
Паровоз осылай соғады.
Тик-так,тик-так,
Доңғалақтар осылай соғады.
Күтпеген сәт: (Поездің дауысы).
Балалар тыңдандаршы бұл ненің дауысы?
Балалар: Поездің.
Тәрбиеші: Дұыс айтасыңдар поездің. Бүгін біз поездбен саяхатқа шығамыз,мен паровоз боламын ал сендер менің вагондарым боласыңдар, қәнеки менің артыма тұрыңдар, саяхатқа шығайық. поездің дауысы шығады).
Қатар, қатар тұрайық,
Поезді біз құрайық
Алыс,алыс жерлерге
Поездбен біз барайық.
Міне балалар біздер сендермен бірінші аялдамаға жеттік. Балалар,қараңдаршы мына жерде нелер шашылып жатыр?
Балалар: Пішіндер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл геометриялық пішіндер. Қәнеки олардың пішінімен т.стерін атап шығайық. (топ және жеке жұмыс). Енді осы пішіндерді балалар біздер сендермен осы қорапқа жинап кетейік.Ал енді қайтадан поездымызға мініп саяхатымызды жалғастырайық.
Қатар, қатар тұрайық,
Поезді біз құрайық
Алыс,алыс жерлерге
Поездбен біз барайық.
Қәнеки бәріміз түсе қояйық. Балалар қараңдаршы мына жерде бізге таныс аңдар отыр. Бұл қандай аңдар? (аю).
Бұл аңдар қайда тұрады? (орманда). Мына аюлардың қайсысы үлкен? Қайсысы кішкентай?
Қәнеки балалар аюларды ұстап көрейікші олар қандай екен? (жұмсақ).
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы біздің аюлар көңілсіз отыр екен қәнеки бәрімізолардың көңілің көтерейік. Келе ғойындар ортаға шығып шеңбер құрайық: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық!
Мінеки, балалар аюлардың көңіл-күйі көтерілді. Қәнеки олармен қоштасып,саяхатымызды әрі-қарай жалғастырайық. Сау болыңдар! Қатар, қатар тұрайық,
Поезді біз құрайық
Алыс,алыс жерлерге
Поездбен біз барайық.
Тәрбиеші: Келесі аялдамаға да жеттік. Балалар, қараңдаршы мына жануарлар балаларын төлдерін жоғалтып алыпты олардың балаларын яғни төлдерін табуға көмектесейік? Көмектесеміз бе? (Иә).
Дидактикалық ойын «Төлін тап».
Ендеше балалар осы жануарлар қандай жануалар? (Үй жануарлары).
Ал енді балалар осы жануарлар қалай дыбыстайтынын есімізге түсірейікші?
-Сиыр қалай дыбыстайды?(Му-му-му).
-Түйе қалай дыбыстайды? (Бө-бө-бө).т.б.
(Дауыл дыбысы шығады). Интерактивный тақтада күнді бұлт басады.
Балалар қараңдаршы аспанға күнді бұлт басты қазір қатты жаңбыр жауып кетуі мүмкін, сондықтанда біз қатты үріп бұлттарды қуып жіберейік.
Тыныс жаттығуы: «Бұлттарды үру» фу-фу-фу-фу.
Мінеки, балалар күнде шықты бірақ балалар мен күннің жылуын сезбей тұрмын, өйткені оның несі жоқ?(шуағы).
Дұрыс балалар, қазір біз сендермен күнге шуақтар сыйлаймыз. (фланельдің үстіндегі күнге шуақтарды жапсыру).
Балалар, енді сендер күнің жылуын сезіп тұрсындар ма? Күн сендерге үлкен рахмет айтып тұр.
Ал енді балалар саяхатымызды жалғастырайық? Поездымызға мінейік.

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы біз қай жерге келдік? (Бақшаға). Иә балалар біздер сендермен бау-бақшаға келдік. Енді осы жерден біздер сендермен жемістермен көкөністерді теріп алайық. Көкөнітерді қияр салынған себетке саламыз, ал жемістерді алма салынған себетке саламыз.
Жарайсыңдар балалар енді біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді.
Қәнеки поездға отырып балабақшаға қайтайық.
Қатар, қатар тұрайық,
Поездты біз құрайық
Балабақшаға бәріміз
Поезбен біз қайтайық.
Балалар мінеки біз сендермен балабақшаға келдік.
Балалар біздер саяхатқа немен шықтық? (Поезбен).
Жолымызда нелер кездесті?
Жарайсыңдар балалар енді біз поезға рахметімізді айтып қоштасайық. Сау бол поезд! Бізге тағы қонаққа келіп тұр. Балалар сендер баубақшада жинаған алмаларынды сендерге поезд сыйлады.


№ 12 «Бәйтерек» бөбек-бақшасы


.

Кіріктірілген қорытынды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

«Поездбен саяхатқа шығу»



Тәрбиеші: Хасанова Шахзода Мухаммаджанкызы

Мамыр
2015 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан «Поездбен саяхатқа шығу» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хасанова Шахзода Мухаммаджанкызы

Пікірлер: 0

avatar