Психологиялық тренинг

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1236
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22659


Тайберен Ақерке Тұяқбайқызы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы,
«Айналайын» балабақшасы


Психологиялық тренинг

Жұмыс түрі: Балабақшалардың педагог-тәрбиешілеріне арналған психологиялық тренинг.
Мақсаты: Педагогтардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, стрестен арылту, педагог-тәрбиешілер арасында сыйластық қарым-қатынас орнату.
Міндеті: Жаңашыл педагогтің бейнесін ашатын модель құру, жұппен, топпен тұжырым жасап, қорытындыға келу. Қатысушылардың өз әсерлерімен бөлісуіне жағдай жасау.
Қажетті құрал-жабдықтар: баяу әуенді диск, қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және компьютер слайд тақтасы.

Тренинг құрылымы:
1. Психологтың кіріспе сөзі
2. «Қадір-қасиет» жаттығуы
3. «Айырмашылық пен ұқсастық» жаттығуы
4. «Оның есесіне мен...» жаттығуы
5. Рефлекция. Талдау
6. Қорытындылау

1. Психологтың кіріспе сөзі: Құрметті педагог-тәрбиешілер, әріптестер! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр, ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның даму көзқарасын анықтау. Педагог-тәрбиеші қызметін жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стрестен арылуға арналған психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

2. «Қадір-қасиет» жаттығуы
Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді бір-бірімізге тілектер айтумен бастайық: Бірінші қатысушы орнынан тұрып, кез-келгеніміздің қасына келіп амандасады да, оған жақсы тілектер тілей бастайды. Ал, ол өз кезегінде келесі адамға келіп, өз тілегін білдіреді, осылай әрқайысымыз бір- бірімізге тілек айтып шығамыз».
Жаттығудың нәтижесін «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сұрақ арқылы қысқаша талқылауға болады немесе «Сіз біреуге тілек тілеген кезде қандай сезімде болғаныңызды және сізге біреу тілек тілегенде қандай халде, сезімде болғаныңызды әңгімелеп беріңіз?» деп ұзын сұрақ қоюға болады.

3. «Айырмашылық пен ұқсастық» жаттығуы
Нұсқау: Қатысушыларға екі - екіден карточкалар беріледі. Сонан соң бұл жұптар жан - жаққа тарасады. Оларға 3 - 5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жұптар бір - біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Жұптардың міндеті бір - бірін тыңдап болғасын біреуі екеуіне ортақ 3 ұқсастықты, ал екіншісі 3 айырмашылықты атайды.

4. «Оның есесіне мен...» жаттығуы
Нұсқау: Барлық педагогтарға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен Алматыда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .

5. Рефлекция. Талдау.
Нұсқау: Түрлі-түсті қағаздан адам мүсінін қолмен қиып жасау. Адам мүсінін қиып болған соң, қағазға бүгінгі тренингтен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, тілектерін жазу, содан соң тақтаға магнитпен жабыстыру.
Психолог: Бәріміз осылай тату болайық! Бір-бірімізді әрқашан сыйлап, құрметтеп жүрейік!

6. Қорытындылау
Психолог сөзі: Құрметті педагог-тәрбиешілер, әріптестер! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шуағын шаша берсін дегім келеді.
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болып, болашақ ұрпақтарымыз аман болсын! Тәрбие.орг сайтынан Психологиялық тренинг Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тайберен Ақерке Тұяқбайқызы

Пікірлер: 0

avatar