Пуантилизм деген не?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 388
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20846


Бекітемін:_________
Оқу ісінің меңгерушісі: Ш. Утегенова.
Күні. 19.10.2016ж.
Бейнелеу өнері. 3а сынып

Сабақтың тақырыбы: Пуантилизм деген не?
Сабақтың мақсаты: «пуантилизм» туралы түсінік беру.
Білімділігі: пуантилизм техникасымен сурет салу әдіс-тәсілдерін үйрету.
Дамытушылығы: баланың түстердің барлық ерекшеліктерін ажырата білуі, түсті сезіну қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: бояу түстерін бір-біріне үйлесімді байланыстыра білуге баулу.
Сабақтың түрі: жазықтықта бейнелеу.
Сабақтың әдісі: ауызша әңгімелеу, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс (тақтаға, орнында), ребус шешу
Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу, математика, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы пуантилист-суретшілердің картиналарының репродукциялары, слайдтар.
Сабаққа қажетті құралдар: қағаз, фломастер, акварель, гуашь бояулары, қылқалам, қарындаш, су және т.б.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
2. Сурет құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сурет альбомынан үй жұмысын қарап, бағалау.
2. Өткен тақырыптан негізгі ұғымдарды еске түсіру
«Қиық құрастыру» ойыны
III. Негізгі бөлім.
1. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.
Суретші шығармаларының репродукцияларын тамашалап, талдау ұсынылады (слайд).
Поль Синьяктың «Сен-Тропедегі қарағай» деген туындысында суретші қанатын кең жайған қарағайдың жапырақтарын майда қысқа дақтармен өте шебер бейнелеген. Қысқа дақтарды жақынырақ қарасаңдар ірі нүктелерге ұқсайды. Бейнелеудің бұл мәнерін суретшілер «пуантилизм» деп атаған. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «пуантилизм». Пуантилизмді ойлап тапқан француз кескіндемешісі-Жорж Сёра (1859-1891жж.). «Сенаның жағалауы» атты туындысында суретші өзен суын, жасыл ағаш пен жағалауды түрлі-түсті дақтармен шебер бейнелейді.
Пуантилизм атауы француздың «пуант» сөзінен шыққан, нүкте деген мағынаны білдіреді. Пуантилист суретшілер өз картиналарын дәл осы нүктелермен жазған. Бұл кез-келген нүктелермен жазу деген сөз емес. Қажетті түстерді шығару үшін суретші әдетте бояуларды араластырады, ал пуантилист-суретшілер бұл әдістен бас тартып, өз әдістерін ойлап тапты, олар кенеп бетіне қысқа дақтарды қатарлап жағу арқылы қажетті түсті алады. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады.
2. Әдіс-тәсілдерін көрсету (тақтада, видеоролик )
3. Сергіту сәті.
«Шырша биі»
IV. Өзіндік жұмыс.
Допты бейнелеу
V. Қорытынды бөлім.
1. Өзіндік жұмысты қарап, бағалау.
2. Жаңа сабақты бекіту ( Ребус шешу, сұрақ-жауап)
-пуантилизм деген не?
-пуантилизмді ойлап тапқан кім?
-қандай бояу түрлері қолданылады?
-түстерді қатарлап жағу арқылы араластыру қалай аталады?
VI. Үйге тапсырма.
Екі заттан тұратын натюрморт салу
VII. Рефлексия

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы
№ 9орта мектеп

Тақырыбы: «Пуантилизм деген не?»

Пәні: бейнелеу өнері

Сыныбы: 3а



Өткізген: Б. Жумагалиева.

2016-2017 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Пуантилизм деген не? Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумагалиева Бактыгул Зейновна

Пікірлер: 0

avatar