Ретімен орналастыр

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 1170
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18463


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тарауы: Қарапайым, математикалық білім мен ұғымдарын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Ретімен орналастыр
Мақсаты: Математикалық білім мен ретімен орналастыра білуге, түстерді ажырата білуге, балалардың ақыл-ойын қалптастыра білу.
Дамытушылық: Түстермен таныстыра отырып, өздігінен таңдау жасауға, құрастыра білуге, қызығушылығын арттыру, реттік орналасу тәртібін ойлауға ойы мен қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу, бір-бірімен сыпайы қарым-қатынас қалыптсатыру, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Ғажайып сәт
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, пән аралық байланыс, тіл дамыту, құрастыру, айналамен танысу, ән-музыка
Көрнекілігі: Таратпа материалдар, қима қағаздар, ойыншықтар, кубиктер, интелектуалды ойын түрлері, магнитафон, теледидар.

Оқу іс-әрекет кезеңі

Музыкалық аспап қолдану, слайд

Ұйымдастыру-іздену

Логикалық ойын

Сергіту сәті

Ұжымдық жұмыс

Математикалық есеп

Айырмашылығын тап

Жіпті қолдану методикасы

Қортынды:

Үйге тапсырма Тәрбиешінің іс-әрекеті

Шаттық шеңбері
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық!
Жүрек жылуын салайық!
Жинап алып шуақты,
Қонақтарға шашайық!

Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Берілген тапсырмаларымызға жауап беріп, көңілді отырайық.
-Балалар, мына суретке қарайықшы, не көріп тұрмыз?
-Өте дұрыс
Үйден балабақшаға дейінгі жол қандай санға ұқсайды?
Енді осы жолмен балабақшамызға келеміз.

Балалар, есікті біреу қақты ма?

Есік қағылып қуыршақ кіреді.
Таңғжайып сәт (Қуыршақ қонаққа келді)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендердің білімдеріңді өнерлеріңді тексерейін деп келдім.
Балалар біз енді қуыршақты үйге кіргізу үшін үй құрайық.
-Үйге кіріп, жоғары шығып, төрден орын алыңыз!

«Торғайларды қондыру». Ағашқа торғайларды санап қондырады.
Ағашта неше торғай отыр?
Мысқтан қорқып, біреуі ұшып кетті. Неше торғай қалды?
Қоянның екі сәбізі бар екен.
Бір сәбізін жеп алды, сонда неше сәбіз қалды?

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Бесті беске қосқанда,
Болады екен он саусақ.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қәне, жыл мезгіліне арналған өлеңдерімізді айтайықшы?

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп қатады.

Балалар, енді қыс мезгіліне байланысты «ақ қала» бейнесін жасайық.
Аққала неше бөлшектен тұрады?

Үш алманың біреуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы сонда қалды нешеуі?

Суретпен жұмыс.
Екі баланың киімдерінен айырмашылық табайық.
Екеуінің түймесі, шарлары қанша?
Шаштары мен шұлықтарының айырмашылығын айтыңдаршы?
Балалар, қазір осы жіппен өзіміз білетін сандарды жазамыз.

Балалар, қуыршақтың бізге көрсетер сиқыры бар екен көргілерің келе ме?
Қуыршағымыз көбейді. Қане, балалар, ретімен орналастырып санайық.
Бес көлемінде және үш тілде санау.

Балалар, қуыршақ сендердің тапқырлықтарың мен ақылдылықтарыңа дін риза. Қуыршаққа рахмет айтып, шығарып салайық.

Балаларды екі топқа бөле отырып, бағалаймын. Бірінші топқа ақ қардай аппақ болыңдар, көңілдерің ақ болсын деп ақ қар беремін.
Екінші топқа жұлдызша беремін.
Жұлдыздай жарқырап, өмірлерің ұзақ болсын!

Бес көлемінде санап үйрену. Балалардың іс-әрекеті

Балалар іс-әрекетті орындайды.

Балалар бір-біріне қуана қарап, жақсы шыраймен қарайды.

Үйден балабақшаға дейінгі жол.

5 санына ұқсайды.
Екі бала балабақшаға барар жолды жүріп өтеді.

Иә.

Балалардың қуыршақпен амандасу сәті.
Балалар таңғажайып сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырады.

Балалар шапшаңдықпен үй құрайды.

3 торғай

2 торғай қалды.

1 сәбіз қалды.

Балалар толықтай мұғаліммен іс-қимылды бірге жасайды.

Қыс мезгілі.

Екі-үш бала қыс туралы өлеңдерін айтады.

Балалар толықтай қатысады.

3 бөлшектен.

2 алма қалды.

Біреуінде екі шар, екіншісінде бір шар.
Бір шұлық ұзын, бір шұлық қысқа.

Балалар тәрбиешінің көмегімен сандарды жазады.

Иә.
Бір, екі, үш, төрт, бес.
Один, два, три, четыри, пять.
Won, tue, there, four, five.

Балалар «Қуыршақ» әнін айтып шығарып салады.
Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Болу керек:

Ретімен орналастыра білу керек.

Әр балада бес көлемінде заттар, сандар, ойыншықтар, таратпа материалдар болу керек. Тәрбие.орг сайтынан Ретімен орналастыр Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сопиева Гүлнұр Мажитовна

ШҚО Аягөз ауданы Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп КММ тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar