От - тілсіз жау!

  • Жүктеулер: 148
  • Көрсетілім: 9607
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 21/Янв/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 13598


 

Тақырыбы: От - тілсіз жау!
Мақсаты:балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әректі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балалар шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін орындайды.

Біз балдырған баламыз,

Біз әдепті боламыз.

Досымызды көргенде,

Біз қуанып қаламыз.

 

Іздену-ұйымдастырушы

Тәрбиеші: балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік.
От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.
Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған.
Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған.
Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.
Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
« Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі)
Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;

»Ойыннан от шығады» атты бұл бетте баланың шырпымен ойнаймын деп, ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп бармағын тістейтіні туралы сөз етеміз.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді.

.Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?

 

От туралы мақал –мәтелдер айтайық.

1.Отпен ойнама,күйерсің.
2.Ойын түбі –от.
1.Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.

.От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.

Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

 

 

 

 

 

Балалар:
Тақпақтар үйрету
От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің
Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып қуалмақ
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- бала: Ойын түбі –от.
Бекасыл бала бір күні
Көріп қалды кірпіні.
Қолына алды шырпыны.

Бекасыл : Кірпішекті шырпымен
Өртейін мен, жағайын.Лап етіп кірпі жанғанда,
Қызыққа мен батайын.

2- бала:Сөйтті дағы
Кірпінің жанына барып
Шырпыны лезде алып
Тұтатқанда кірпіні,
Бара жатты жанып.

3-бала :Жанталасты байғұс кірпі,
Ауладағы мая шөптің
Арасына барып кірді.
Шөп тұтанып лаулап жанып
Жұрттың бәрін дүрліктірді.

4- бала:Қатты састы Дидар бала
Өртке оранып мая кетті.
Көрші үйдегі құрбысына
Болған жайды баян етті.

5-бала:Кірпіменен ойнағанмын,
Не боларын ойламадым.
Өкінгеннен қандай пайда
Енді қайттім қиналамын?!

6- бала:От жақпа күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.
Кірпіменен ойнасаң да,
Шырпыменен ойнамашы.

7-бала:Кешір,досым, қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата –ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.

 

 

 

 

Рефлексті - коррекциялаушы

Ойын: «Болады – болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті – болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті – болатын жағдайда көтересіңдер.

Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............

Жанып тұрған сіріңкені тастауға............

Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға..........

Өрт шыққан жерде қалуға.........

Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға............

Өрт кезінде есік, терезені ашуға.............

Басымызды, бет – аузымызды ылғал сүлгімен орауға............

Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға...........

Лифтіні пайдалануға..........

Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға..............

Көршілерден көмек сұрауға............

Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..........

 

Тәрбиеші:Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

 

Күтілетін нәтеже:

Болу керек:. Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға

Білу керек: Өрт пен ойнамауға

Баланыңың қолынан келуі: Сұраққа-жауап,ойынды қызыға ойнау

Тәрбие.орг сайтынан От - тілсіз жау! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалиева Гүлбаршын

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar