Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Сүйкімді табиғаттың сиқырлы бояуы»
  • 07.02.2017
  • 123 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21574

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Өтелбаева Құндыз Аманкелдіқызы
Білім беру салалары: «Шығармашылық», «Таным», «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Сурет, Қоршаған ортамен таныстыру, Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Сүйкімді табиғаттың сиқырлы бояуы»
Мақсаты: Табиғат туралы түсініктерін кеңейту, сурет салуда оқу қызметінде үйренген әдістерді қолдану арқылы жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. Балалардың зейінділікпен орындау қабілетін арттыру, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Міндеті: Балаларды жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сөздік жұмыс: Табиғат, бұлт, ағаш, күн, өлі табиғат, кемпірқосақ.
Билингвалды сыңары: Табиғат-природа, бұлт-тучка, ағаш-деревья, күн-солнце, өлі табиғат-мертвая природа, кемпірқосақ- радуга.
Заттық дамыту ортасы: Слайд, үлгі суреттер, ақ қағаз, түрлі-түсті бояу, желім, қайшы, трафарет, губка қылқалам.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ізденуші-ұйымдас-тырушы

Рефлексивті коррекция-
лаушы
Таңертеңгілік жиын
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып,
Табиғаттан шабыттанып,
Қонақтардан ізет алып,
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік!

Балалар қазір бір сәт көзімізді жұмып, табиғатқа шығайық.
-Сендер табиғат аясында не көрдіңдер?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Өлі табиғатқа нелер жатады?

- Тірі табиғатқа нелер жатады?

Табиғат дегеніміз-бізді қоршаған орта. Өлі табиғат, тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғатты қорғау ережелерін айтыңдаршы?
-Жарайсыңдар, табиғатты қалай қорғау керектігін біледі екенсіңдер.
Табиғат көктем мезгілінде ерекше әсем кейіпке енеді.
Кім көктем туралы тақпақ айтады.

(Музыка әуенімен суретші кіреді)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен суретшімін. Бүгін сендердің ашық оқу қызметіне қатысып, сендердің білімдеріңді көріп тексергім келді. Менің сендерге алып келген тапсырмаларым бар. Соны орындайсыңдар ма?
1 Тапсырма.
Суретшінің қатесін тап?

2Тапсырма.
Сурет салу үшін нелерді таңдар едің, ал үйшік соғу үшін ше?

3-Тапсырма.
Жұмбақтар.
Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған.

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды.

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рақат табады.

-Ал, енді менің басты тапсырмаларымды орындаңдаршы.
1топ күнді жапсырады
2 топ ағаш суретін салады
3 топ бұлттың суретін бояйды.

Суретші:
-Рақымет балалар сендер сурет салудың тәсілдерін біледі екенсіңдер, ал табиғат жайлы тақпақтар білесіңдер ме?

Суретші:
-Жарайсыңдар балалар, сендер көп тақпақ және сурет салудың тәсілдерін де біледі екенсіңдер. Менің таңғажайып қорапшамда кемпірқосақ бар. Кемпірқосақтың түстері шатасып кетіпті. Соны ретімен орналастырып беріңдерші.
-Кемпірқосақтың неше түсі бар?
-Жеті түсі бар екен. Кемпірқосақ туралы тақпақ кім біледі екен?
Суретші:
-Енді мен сендердің көп білетіндеріңе сүйкімді табиғатты сиқырлы бояумен сала алатындарыңа көзім жетті. Сендерге сыйлыққа боямақ кітаптар алып келдім.
Оқу қызметін балаларды мақтап мадақтаумен аяқтау. Шеңбер бойына тұрып, шумақты айтады.

Көздерін жұмады.

-Жануарларды, құстарды, күнді.
-Өлі табиғат және тірі табиғат.
-Өлі табиғатқа: тас, құм, күн, ай,су жатады.
-Тірі табиғатқа: адамдар, жануарлар, құстар,өсімдіктер жатады.

-Ағаш бұтағын сындырма.
-Құстың ұясын бұзба.
-Суға қоқыс тастама.
-Ағаш шөп, гүлдерді қорғау керек.

Мақсат :
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі-түсті әйбат
Гүлдер шықты жайнап.

-Ия

-Мысыққа бұқаның аяқ-қолы салынған.

-Бояу, қарындаштар.

-Бұлт.

-Күн.

-Ағаш.

1-топ күнді қырқып жапсырды.
2-топ ағашты бояумен салды.
3-бұлтты бояды.

Дарын
Ақ қайыңдар, емендер,
Қарағайлар теректер.
Жерге көрік беретін,
Ағаштар ол кемеңгер.
Алина
Жомарт мынау табиғат,
Өсіргендей бізге арнап.
Қып-қызыл боп жалындап,
Қырға өседі қызғалдақ.

Балалар түстерді үлгіге қарап орналастырды.
-Кемпірқосақтың жеті түсі бар.
Інжу:
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл-жасылды,
Кемпірқосақ асылды.

Балалар боямаққа қызыға қарап рахметтерін айтады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Өлі және тірі табиғатты атап ажыратуды;
Меңгеруі: Әдіс- тәсілдерді қолдана отырып табиғатты бейнелеуді. Тәрбие.орг сайтынан «Сүйкімді табиғаттың сиқырлы бояуы» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Өтелбаева Құндыз Аманкелдіқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: табиғаттың, Балабақшадағы ашық сабақтар, бояуы», Сиқырлы, «Сүйкімді
Көрсетілім: 123 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar