Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Сөйлем мүшелерінің байланысы»
  • 31.01.2017
  • 111 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21428

Қазақ тілі.3- сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Дамытушылық:Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру.
Тәрбиелік:Білімді, ынталы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: өзін- өзі тану,әдебиеттік оқу,музыка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 2 топқа бөлу.
І топ. «Тұрлаулы мүшелер» ІІ топ. «Тұрлаусыз мүшелер»
ІІ.Психологиялық дайындық.
- Амансың ба, Алтын Күн!
- Амансың ба, Көк Аспан!
- Амансың ба, Жер – Ана!
- Амансың ба, қонақтар,
Сіздерді көріп қуанам.
- Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
• Өткен сабақтарды қайталау. «Ой қозғау» Кубизм.
- Сөйлем неден құралады? - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (ереже) - Сөйлем түрлерін ата. (Лепті, хабарлы, сұраулы) - Сөйлемнің қандай мүшелері болады? - Сөйлемнің негізгі, яғни тұрлаулы мүшелерін ата. - Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?
Екі топ 1-жаттығуды орындайды.
Оқулықпен жұмыс.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Айбек кітап оқыды.Нұржан суық суға жуынды.Нұртай саябаққа барды.Үйдің жанында бау-бақша бар.Айжан әжесімен әңгімелесті.
Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талда
Сөйлем мүшелері бір- бірімен байланыста болады.Олардың байланысын сұрақ қою арқылы білуге болады.
Мысалы:Үсен қиын есепті тез шығарды.
Үсен (кім?) шығарды.
Үсен (қайтті?) шығарды.
қиын (қандай?) есепті
тез(қалай?) шығарды
есепті(нені?)шығарды
Тақтада жұмыс .2-жаттығу.
Әр топқа тапсырма.
І топ.Сөйлемдерді тек тұрлаулы мүшесі бар сөйлемге айналдырып жаз.
Адай балабақшадан үйге келді.Әжесі ертегі айтты.Балалар доппен ойнады.
ІІ топ.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
1. Келді,қыс
2. Қар,жауа,далада,бастады
3. Қарады,Айжан,ұлпаларын, қызықтап,қардың
Сергіту сәті.
І топ.3-жаттығу. ІІ топ 4-жаттығу. (84-бет)
Шығармашылық жұмыс.
 Семантикалық картаны толтыру
 Сұрақтарға жауап жазу
 Сызба бойынша сөйлем құрау

«Елбасы» сөзіне 5 жолды өлең жазу.
Бір - бірінің сөйлемдерін оқып, көркем сөздер қосып түзейді.
Жұптасып орындайтын жұмыс: қателерін түзейді.
Презентация: оқушы «автор орындығынан» өзінің шығармасын оқиды
«Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не білгеніңді жазып іл.
Үй тапсырмасы .84-.бет.5- жаттығу.
Бағалау.

Еңбек негізгі мектебі

Қазақ тілі
3-сынып.
Тақырыбы:
«Сөйлем мүшелерінің байланысы»



Мұғалім : Табулдина Жұлдыз Тілеубайқызы Тәрбие.орг сайтынан «Сөйлем мүшелерінің байланысы» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Табулдина Жұлдыз Тілеубайқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Балабақшадағы ашық сабақтар, мүшелерінің, байланысы», «Сөйлем
Көрсетілім: 111 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar