Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Сүлгіні әшекейлеу»
  • 24.01.2017
  • 93 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21275

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Уақыты: 17.01.17
Тобы: ІІ кіші «Еркем-ай»
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: «Сүлгіні әшекейлеу»
Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дәстүрден тыс әдіспен дұрыс орналастыра білуге үйрету, сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Қостілділік компонент: Сүлгі-полотенца.
Іс-әрекет кезеңдері Суретшінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Қонақтарымызға шашайық.
Ғажайып сәт: «Қуыршақ Алма»
Қуыршақ Алма кіреді.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен қуыршақ Алмамын. Балалар менің әжемнің жақында туған күні еді, әжеме әдемі сүлгі сыйлағым келеді. Осы сүлгіні маған әшекейлеп бересіңдер ме?

Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

Балалар қуыршақ Алмамен сәлемдеседі.

Иә.
Ұйымдастырушылық-іздестіру

Балалар сүлгіні күнделікті өмірде не үшін пайдаланамыз?
Сүлгінің өрнектері, пішіндері бірдей бола ма?
Алманың әжесіне сый ретінде бергісі келетін сүлгіні әшекейлеп берейік.
Берілген дайын тік төртбұрышты пішіннің (сүлгі) екі шетіне қызыл түсті пайдаланып, төртбұрышты өрнектерді қылқалам көмегімен, сүлгінің дәл ортасына үшбұрышты «тұмарша» оюын мөртаңбамен (картоппен) саламыз. Сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықтар арқылы қысқа әрі бірдей болуын қадағалап сары түсті бояумен саламыз.

Қане, балалар бәріміз қуыршақ Алмамен бірге сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ақ матадай түгі бар,
Қызыл-жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы-
Сүлгі деген осы.
Қостілділік компонент:
Сүлгі-полотенца.
Жекеше және көпше түрде айтқызу.
Сүлгі-сүлгілер.
Д\о: «Қайсысы жоқ?» (сүлгілердің суреттерімен).
Балалар көздерін жұмған кезде түстері әртүрлі сүлгілердің ішінен, сүлгінің біреуі жоғалып кетеді. Көздерін ашып, жоғалған сүлгіні тауып, түсін айту. Көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Беті-қолымызды сүрту үшін, тазалық үшін.
Әртүрлі болады.
Қылқаламды алып, белгілі бір түске боялған дайын сүлгінің шетіне қызыл түспен төртбұрышты өрнектер салады. Сүлгінің ортасына мөртаңбаны (картопты) пайдаланып «тұмарша» оюын басу тәсілімен сүлгіні сәндейді.Сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықтар арқылы сары түсті бояумен салады.

Өлең мазмұнына сай қимыл жасайды.

Сүлгі-полотенца.

Сүлгі-сүлгілер.
Балалар жоғалған сүлгіні тауып түсін айтады. Ойынға қызығушылықпен қатысады.
Рефлексивті-түзетушілік Барлықтарың сүлгіні әдемі әшекейлеген екенсіңдер. Қандай өрнек пайдаландыңдар?
Осы әшекейлеген сүлгілерімізді қуыршақ Алмаға берейік.

Балалар енді мен өзімнің үйіме қайтайын. Сендердің сыйлаған сүлгілеріңді әжемнің туған күніне сыйлап, әжемді қуантамын. Сүлгімді әшекейлеп бергендеріңе рахмет. Сау болыңдар балалар!
Не ұнады?
Не ұнамады?
Неліктен? Балалар қуанады.
Сүлгіні қалай салғандары және мөртаңбаны қалай қолданғандары жайлы айтып береді. Әшекейлеген сүлгілерін қуыршақ Алмаға сыйлайды. Балалар қуыршақ Алмамен қоштасады.
Балалар ненің ұнағанын, ненің ұнамағанын, неліктен ұнамағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Сүлгінің әртүрлілігін, тазалық үшін маңызын.
Қандай түсініктерді игерді: Маңайындағы адамдарға, достарға көмек көрсету қажеттігін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қылқаламды, мөртаңбаны пайдаланып сүлгіні әшекейлей білуді. Тәрбие.орг сайтынан «Сүлгіні әшекейлеу» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Орынгалиева Жадыра Толеугалиевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Балабақшадағы ашық сабақтар, әшекейлеу», «Сүлгіні
Көрсетілім: 93 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar